ЖАНҰЯ
- 223 -
жақсартыңдар!» деп бұйырған. Онсыз да дін – көркем мінез
дегенді білдіреді. Сондықтан діннің әміріне мойынсұнып,
тыйым салғандарынан сақтанған адам мінезін өзгертіп
жақсы мінезге ие болады. Жақсы мінезді адам екі дүниеде де
бақытты болады.
Ең жабайы жануар да тәрбиемен қолға үйретіледі. Еш
уақытта алма дәнінен жүзім өсіп шықпайды. Бірақ алманың
көшетін өсіріп, қажетті будандастыру және басқа да күтім
жолдарын қамданып жоғары сапалы алма беретін ағаш етіп
жетілдіруге болады. Сол секілді адам табиғатында да болатын
кейбір қасиеттері жойылмайды, бірақ оларды тәрбиелеуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: