Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы
63
«Менің тұлғамның формуласы»
Сынып оқушыларын бір-біріне жақынырақ таныстыру, жағымды ахуал
тудыру үшін қолданылады. Әр оқушы өзінің қызығушылығын, мінез-құлқын,
дарыны мен талантын формулаға түсіріп айтуы керек. Көбінесе оқушылар «қосу»,
«азайту», «көбейту», «бөлу» ұғымдарын қолдана отырып, математикалық
формула шығарса, кейбірі химияны еске түсіретін формулалар құрастырады.
Мысалы: Жанбота = (0,7 талғам + 0,5 түйсік) : 0,1 сенімсіздік – 0,5
жалқаулық
Сыныпта «бөлу» мен «азайту» амалдары көбірек болған оқушылар мен
«көбейту» мен «қосу» амалдары көп оқушылары араластырып отырғызу, бір-
бірімен пікір алыстыру т.с.с жұмыстарда мұғалім қаперінде ұстау үшін
формулаларын жазғызып, жинап алып қарап отыру.
Достарыңызбен бөлісу: