аккомодация деп атайды.
224. Эмметропия – көздің оптикалық жүйесінің қалыпты екенін білдіреді
225. Жақыннан көргіштік кезінде жақын тұрған заттар ғана көздің
торқабығында проекцияланады, ал алыс тұрғандар оның алдыңғы
жағында проекцияланады да, бұлдырап көрінеді. Сәуленің жолын өзгерту
үшін үнемі шашыратқыш линзасы бар көзілдірік киіп жүру керек
226. Алыстан көргіштік кезінде алыс тұрған заттар торқабықта
проекцияланады , ал жақын тұрғандар көздің торқабығының арғы
жағында проекцияланады да, бұлдырап көрінеді. Көзге осы оптикалық
жүйе тән болса, жұмыс істеген кезде жинағыш линзасы бар көзілдірік
кию керек.
227. Фотоаппарат
– фотопленкалар көмегімен кескін алу үшін
қолданылатын оптикалық аспап
228. Проекциялық аппараттар – экранда нысанның үлкейтілген, шын
кескінін алуға арналған оптикалық аспаптар
229. Мөлдір нысандарды проекциялауды диапроекция деп, мөлдір емес
нысандарды проекциялауды – эпипроекция деп атайды
230. Лупа – ұсақ заттарды анықтап көруге мүмкіндік беретін оптикалық
аспап
231. Микроскоп – жай көзге көріне бермейтін нысандардың үлкейтілген
кескінін алуға арналған, бірнеше линзасы бар оптикалық аспап
232. Көрсету қабілеті дегеніміз – үлгінің бөлшектерін анықтап, бөліп
көрсету мүмкіндігі
Достарыңызбен бөлісу: |