https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
153. Күш сызықтары шығатын магниттің ұшы магниттің солтүстік полюсі
болып табылады. Ал күш сызықтары енетін қарсы жақтағы ұшы
магниттің оңтүстік полюсі деп аталады
154.
Ампер гипотезасы. Ампер тұрақты магниттердің магниттік қасиетін
заттың ішінде айналып жүрген токтармен түсіндіреді
155. Тогы бар өткізгіштің айналасында магнит өрісі пайда болатынын
көрсетті. Магнит тілше соның әсерінен айналады. Магнит өрісінің бағыты
өткізгіштегі ток бағытына тәуелді болады
156.
Магнит өрісінің күш сызықтары – тогы
бар өткізгішті қамтитын
тұйық сызықтар
157. Магнит өрісін қозғалатын зарядтар тудырады. Магнит өрісі нүктеде
бірнеше бағытта бола алмайтындықтан, күш сызықтары қиылыспайды
158.
Түзу токқа арналған «бұрғы» ережесі: Егер бұрғының үдемелі
қозғалыс бағыты өткізгіштегі ток бағытымен бірдей болса, онда бұрғы
тұтқасының айналмалы қозғалысы магнит өрісінің күш сызықтарының
бағытын көрсетеді
159.
Түзу токқа арналған «оң қол» ережесі: Егер 90
0
С-қа қайырылған бас
бармағымыз сымдағы ток бағытын көрсететін болса, онда сымды қапсыра
ұстаған саусақтарымыз магнит өрісінің бағытын көрсетеді
160. Күш сызықтары параллель магнит өрістері біртекті деп аталады. Демек,
соленоидтің ішіндегі магнит өрісінің әсері кеңістіктің барлық нүктесінде
бірдей
161. Күш сызықтары кіретін шарғының ұшы шарғының оңтүстік полюсі, ал
күш сызықтары шығатын қарсы жақтағы ұшы солтүстік
полюсі болып
табылады
162.
Дөңгелек токқа арналған бұрғы ережесі. Егер бұрғының тұтқасын
шарғы орамындағы токтың бағытымен айналдырсақ, онда оның үдемелі
қозғалысы шарғы ішіндегі магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын
көрсетеді
163.
Дөңгелек токқа арналған Оң қол ережесі. Егер оң қолымызды
шарғыға
тигізбей, төрт саусағымыз ондағы токтың бағытын
көрсететіндей етіп ұстасақ, онда қайырылған бас бармағымыз шарғы
ішіндегі магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетеді
164. Ток күші артқанда тогы бар шарғы өрісінің әсері де артады, азайғанда –
әлсірейді
165. Магнит өрісінің бағыты өткізгіштегі токтың бағытына тәуелді
166. Орам саны артқан сайын шарғының магнит өрісі де күшейеді
167.
Өзекше – шарғының ішіне кіргізілген темір өзек (стержень)
168.
Өзекшесі бар шарғыны электрмагнит деп атайды
169. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекет ету күші
Ампер күші деп
аталады
https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
170.
Ампер күшінің бағытын «Сол қол» ережесі бойынша анықтайды:
Сол қолымызды магниттік күш сызықтары алақанға енетіндей, созылған
төрт саусағымыз өткізгіштегі электр тогының бағытын көрсететіндей етіп
жазсақ, онда 90
0
С-қа қайырылған бас бармағымыз магнит өрісіндегі
өткізгішке әрекет ететін Ампер күшінің бағытын көрсетеді
171. Электр энергиясын механикалық энергияға айналдыруға қызмет ететін
құрылғыны
электрқозғалтқыш деп атайды
172. Рамадағы токтың бағытын өзгертетін құрылғыны
коллектор деп
атайды
173. Электрқозғалтқыштың қозғалмайтын бөлшегін,
яғни электрмагнитті
Достарыңызбен бөлісу: