Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары Пән: Қазақстан тарихы Бағыты



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата14.06.2023
өлшемі1,64 Mb.
#101301
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
2023 ОШ Билеты История Казахстана ОСО 11класс каз

Білім беру ұйымының атауы:___________________________ 
Сынып: 11 Литер:___ 
Білім алушылардың аты-жөні___________________________ 
 
 
 
№ 3 билет 
 
1) 
Қазақ ұлттық зиялыларының Алаш автономиясын құру жолындағы қоғамдық-саяси 
рөлін сипаттаңыз.
[5] 
2) 
Тірек-сызбаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ежелгі және түркі 
дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы этникалық үдерістерді түсіндіріңіз. 
[10] 
3) 
«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның жоспарлы экономикадан 
нарықтық жүйеге көшуі сәтті өтті». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз 
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15] 
 
 
 
 


 
Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары 
Пән: 
Қазақстан тарихы
 
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны 
Білім беру ұйымының атауы:___________________________ 
Сынып: 11 Литер:___ 
Білім алушылардың аты-жөні___________________________ 
 
 
 
 
№ 4 билет 
 
1) 
«Ұлы Дала» ұғымының тарихи-мәдени мәнін сипаттаңыз. 
[5] 
2) 
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, қазақ халқының дәстүрлі 
дүниетанымының ерекшеліктерін түсіндіріңіз. 
Көне түркілер жерімен Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің 
негізгі сенімі Тәңірлік дін, әруаққа табыну болды. Саяхатшы Вильгельм Рубрук түркі 
жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және оны таза рухани мән 
ретінде түсінетінін атап көрсеткен. Түріктер дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар 
көзі – табиғат. Бұл табиғатпен біте қайнасып бірге өскен, соның өзгерісін, құбылысын 
жіті бақылайтын көшпелілер әулетінің қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін 
білдіреді. Көптеген салт-дәстүрдегі наным, тыйымдар осы табиғатпен біте қайнасудан 
туындаған ұғымдар жиынтығы болып саналады. Осы табиғатты жаратушыны «тәңірі» 
деп танып, оның туындысы табиғатты аялау арқылы оған құрмет көрсетілген. Бұл үрдіс 
қазірге дейін осы халықтардың жалғасы боп саналатын көптеген халықтардың салт-
дәстүрінде орын алған.
Исламға дейінгі Қазақстандағы діни наным-сенімдер тарихы 
https://e-history.kz/kz/e-resources/show/13280/
 
сайтынан алынған
 
[10] 
3) 
«Алаш» партиясы қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруді мақсат еткен 
партиялардың бірі болды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз 
жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз. 
[15] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет