Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№12 билет
1) VI-VIII
ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің саяси тарихын сипаттаңыз.
[5]
2)
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Алтын Орда мемлекетінің
Еуразия кеңістігіндегі саяси-экономикалық үдерістерге ықпалын түсіндіріңіз.
«Өзбек ханның тұсында Алтын Орда орта ғасырлық аса ірі мемлекеттердің біріне
айналды. Өзбек хандық құрған бүкіл 30 жыл бойы билік тізгінін өз қолына берік ұстап,
бағыныштыларының дербестікке талпыну ниеттерін аяусыз басып тастап отырды.
Жошы ұрпағының көп санды ұлыстарындағы ханзадалар, оның ішінде Көк Орданың
билеушілері де Өзбек ханның талаптарын екі айтқызбай орындап жүрді. Оның қолында
300 мыңға дейін жауынгер болды. ХIV ғасырдың 20-жылдарында Алтын Орданың
Литваға жасаған бірнеше шапқыншылық жорықтары литвалықтардың шығысқа
жылжуын уақытша тоқтатып тастады. Өзбек ханның тұсында Алтын Орданың Киев
Русіне жүргізген билігі бұрынғыдан да күшейе түсті».
Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы. 2-кітап. – Алматы: «Білім», 2005
[10]
3) «
Орта Азия республикаларының ұлттық-мемлекеттік шегараларын межелеу қазақ
жерлерінің біртұтастығын қалпына келтірді». Сіз бұл пікірмен қаншалықты
келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
[15]
Достарыңызбен бөлісу: