Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары
Пән:
Қазақстан тарихы
Бағыты: жаңартылған білім мазмұны
Білім беру ұйымының атауы:___________________________
Сынып: 11
Литер:___
Білім алушылардың аты-жөні___________________________
№10 билет
1)
Қазақ хандығы дәуіріндегі әлеуметтік топтардың саяси-құқықтық ерекшеліктерін
сипаттаңыз.
[5]
2)
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, сақтардың әлемдік тарихи
үдерістерге тигізген ықпалын талдаңыз.
Алтын киімді ерте көшпелілер
Сақ-скиф заманы – адамзат баласы үшін өте маңызды кезең. Б.з.д. VIII-VII
ғасырларға дейін әлемнің қай өлкесі болмасын, өз бетінше бейтарап дамып келсе, осы
уақыттан бастап күрт өзгерістер басталғанын сезінеміз. Сондықтан ол дәуірді «кіндік
уақыт» деп те атайды. Осы әлемдік жарысқа Еуразия ішкі өлкесін мекендеген сақ-скиф
тайпалары елеулі үлес қосты. Олар Батыс пен Шығысты бір-бірімен араластырып,
өркениет жетістіктерін үйлестіріп отырды. Көшпелілер Еуразиялық деңгейде рухани
салт-дәстүрдің, дүниетанымның қалыптасуына тікелей ықпал етті. Мемлекет аталатын
құбылыстың өзі де ол заманда көшпелілердің отырықшы елді бағындырып, басқару
жүйесін жасауымен тығыз байланысты еді.
Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. –
Астана: «Фолиант», 2003
[10]
3)
«Қазақстандағы білім беру жобалары еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырды».
Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше
дәлелдер келтіріңіз.
[15]
Достарыңызбен бөлісу: