81
Ойынның шарты: Мұғалім оқушылардың
алдарына ақ бетке салынған
үшбұрыш, дөңгелек пішіндерін береді. Олар ойланып отырып, сол
пішіндерді белгілі бір затқа айналдыруы керек.
Оқушылар
ойлап тауып, салған суреттерін әңгімелеу арқылы
достарына таныстырады. Мұғалім
белсене қатысқан балаларды
мадақтайды.
Мектеп тәжірибе кезінде жоғарыда көрсетілген ОЙСЕРГІТУ
жаттығулары, логикалық жаттығулар
мен дидактикалық ойындар
бастауыш мектеп сабақтарында интербелсенді оқыту әдістері қолданудың
тиімділігін көрсетті. Оған дәлел бақылау
экспериментінің қорытындысы
болды.
Сабақта пайдаланған әдістемелер бастауыш сынып оқушыларына
өткізілгенде олардың танымдық белсенділігінің дамығандығын көрсетті.
Яғни интербелсенді оқыту әдістерін күнделікті
сабақта қолданудың және
оны мектеп тәжірибесіне енгізудің тиімділігі байқалды. Осындай
сабақтардан соң төмендегідей екі
сынып оқушылары арасында
эксперимент жүргізіліп, сауалнамалар алынды.
Достарыңызбен бөлісу: