Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата19.06.2023
өлшемі313,73 Kb.
#102250
1   2
Байланысты:
Жынды Қ.Қиықбай

 

 
 
Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Қуат Қиықбайдың «Жынды» әңгімесі «тӛрт аяғын тең 
басқан туынды». 2013 жылы аталмыш шығарманың 
халықаралық «Шабыт» фестивалінде Гран приді еншілеуі 
соның айғағы.
«Жынды» әңгімесі қоғамдағы қасаң қағидалар мен 
күрделі шиеленістерге толы. Мәселен, заңның әлсіздірге 
ғана күшінің жетуі, әділетсіздік, жекелеген топтардың 
қатыгездігі, жалқының жалғыздығы, мейірімсіздік. 
Шығарманың ӛн бойына нәр беріп тұрған кейіпкер – 
жынды. Ол «жынды» шынында кім? Автордың ӛзі бұл 
туралы: «Шынымды айтар болсам, ол жынды – мен, ол 
жынды – сіз, ол жынды – біз дер едім. Жынды – жиынтық 
образ. Яғни, бұл қоғамдағы әрбір адамда жындыға тән 
құлық бар. «Жындыда» бай-манаптардан қорлық 


кӛргендер туралы айтылады. Мұндағы бай-манаптар - 
Еуропалықтар айтатын «голубая кровь», яғни қазақша 
айтсақ тектілер емес, аумалы-тӛкпелі заманда кедей-
кепшікке тиесілі несібесін аузынан тартып алып байыған 
пысықайлар мен қулар. Қазір солар дәуірлеп тұрған заман 
ғой. «Жынды» осыған ашынғаннан туған дүние еді», – 
дейді. 
Мейірім мен қатыгездік, әділетсіздік пен әділдік – 
әңгіменің негізгі арқауы. Әділеттілік дейтін ұғымның адам 
ӛміріндегі маңызы зор, ауқымы кең. Әңгіме «...Сіз де 
әділеттілік аңсап жүрсіз бе?» деген сұрақпен аяқталады. 
Шығарманың түйіні де осы бір сӛйлеммен қойылады.
Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:
 
 
kitapjaris 

https://instagram.com/kitapjaris?igshid=YmMyMTA2M2Y

 
Кітапgram 
 
https://t.me/kitappgram
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет