Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!
Қуат Қиықбайдың «Жынды» әңгімесі «тӛрт аяғын тең
басқан туынды». 2013
жылы аталмыш шығарманың
халықаралық «Шабыт» фестивалінде Гран приді еншілеуі
соның айғағы.
«Жынды» әңгімесі қоғамдағы
қасаң қағидалар мен
күрделі шиеленістерге толы. Мәселен, заңның әлсіздірге
ғана күшінің жетуі,
әділетсіздік, жекелеген топтардың
қатыгездігі,
жалқының жалғыздығы, мейірімсіздік.
Шығарманың ӛн бойына нәр беріп тұрған кейіпкер –
жынды. Ол «жынды» шынында кім? Автордың ӛзі бұл
туралы: «Шынымды айтар болсам, ол жынды – мен, ол
жынды – сіз, ол жынды – біз дер едім. Жынды – жиынтық
образ. Яғни, бұл қоғамдағы
әрбір адамда жындыға тән
құлық бар. «Жындыда» бай-манаптардан қорлық
кӛргендер туралы айтылады.
Мұндағы бай-манаптар -
Еуропалықтар айтатын «голубая кровь», яғни қазақша
айтсақ
тектілер емес, аумалы-тӛкпелі заманда кедей-
кепшікке тиесілі несібесін
аузынан тартып алып байыған
пысықайлар мен қулар. Қазір солар дәуірлеп тұрған заман
ғой. «Жынды» осыған ашынғаннан туған дүние еді», –
дейді.
Мейірім мен қатыгездік, әділетсіздік пен әділдік –
әңгіменің негізгі арқауы. Әділеттілік дейтін ұғымның адам
ӛміріндегі
маңызы зор, ауқымы кең. Әңгіме «...Сіз де
әділеттілік аңсап жүрсіз бе?» деген сұрақпен аяқталады.
Шығарманың түйіні де осы бір сӛйлеммен қойылады.
Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз:
kitapjaris
https://instagram.com/kitapjaris?igshid=YmMyMTA2M2Y
=
Кітапgram
https://t.me/kitappgram