5В011100 – «Информатика» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы


Студенттің педагогикалық практикасының мектептегі жетекшісінің міндеттері



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата19.06.2023
өлшемі123,21 Kb.
#102415
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Приложение 3. Практика бағдарламалары

4.Студенттің педагогикалық практикасының мектептегі жетекшісінің міндеттері
Студенттің мектептегі педагогикалық практикасын өту кезінде мектеп тарапынан
практика жетекшісі тағайындалады. Ол жетекші студенттің практика жоспары бойынша
барлық практикалық жұмыстарды атқару барысын қадағалайды. Педагогикалық практика
тиімді және жоғары дәрежеде өтуі үшін, студент практика кезінде педагогикалық әдістер мен
тәсілдерге үздік машықтануы үшін мектеп тарапынан тағайындалған жетекші келесідей
жетекшілік жұмыстарды атқаруы тиіс:
- практикантқа барлық қажетті жағдайларды жасау;
- мектептегі биология пәндерінің мемлекеттік бағдарламасымен таныстыру;
- информатика пәні бойынша жылдық, тоқсандық және жеке сабақтық жоспарлармен
танысуына мүмкіншілік беру;
- практикантқа сынып жетекшісі рөлін меңгеруге жағдай жасау;
- педагогикалық шеберлікті арттыру және жаңа технология бойынша сабақ жүргізу
әдістемелерімен таныстыру;
-ашық сабақ және тәрбие сағаттарын жүргізуге мүмкіншілік беру;
-студентті педагогикалық емес жұмыстарға пайдаланбау;
- студенттің практикалық қызметін кафедра анықтаған жоспар бойынша атқаруына
жағдай жасау;
- студенттің практика жөніндегі есеп түзуіне қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;
- студентке практика жөнінде мінездеме беру;
- практика кезіндегі жетістіктер мен кемшіліктер туралы университет тарапынан
тағайындалған жетекшіге хабар беру.
4. Студенттің педагогикалық практикасының кафедра тарпынан жетекшісінің
міндеттері
Практика жетікшісі пратика басталар алдында студенттермен жиналыс өткізуіьтиіс.
Жиналыста студенттерге практиканың мақсаттары мен міндеттерін, студенттің практика
кезінде атқаратын жұмыстарына сипаттама, мектеп туралы, сыныптар туралы мәліметтер
және студенттердің практика кезінде орындайтын жеке тапсырмаларының тақырыптарын
береді. Жетекші келесі жұмыстарды атқаруы тиіс:
- практика алдындағы жиналыста практиканың уақытын, мерзімін және сипатын
түсіндіреді;


- практика соңында түзілетін есептің мазмұны мен түзу ережелерін және оған керекті,
практика кезінде жинайтын материалдардың сапасы мен санын көрсетеді;
- практикадан кейінгі есеп беру мерзімін анықтайды;
- практика күнделігін толтыру ережелерін түсіндіреді;
- мектеппен практиканттардың орындайтын педагогикалық жұмыстарының реті мен
түрлерін анықтайды;
- студенттерге мектептегі тәжірибелі ұстаздардың арнайы дәрістер беруін және
педагогикалық шеберлікті арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстармен таныстыруын
қамтамасыз етеді;
- практика кезінде үнемі қадағалауды қамтамасыз етеді;
- практика біткеннен кейін практика туралы есепті кафедрада қорғауды қамтамасыз
етеді;
- практика соңында қорытынды конференция өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет