5В011100 – «Информатика» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы


Практиканың жеке түрлерінің бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата19.06.2023
өлшемі123,21 Kb.
#102415
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Приложение 3. Практика бағдарламалары

2. Практиканың жеке түрлерінің бағдарламасы
Оқу практикалары 
2.1 Оқу практикасы туралы қысқаша сипаттама
Информатика оқытушыларын даярлау жүйесінің ең негізгі бір бөлігі –оқу
практикасы. 
Оқу практикасы кезінде студенттердің информатикадан игеруге жыл бойы
лекцияларда, практикалық сабақтарда алған білімдерді тиянақталады.


1. Оқу іс-тәжірибенің мақсаты:
Осы іс-тәжірибенің өту барысындағы студенттердің барлық іс-әрекеттері,
қимылдарының мазмұны мүмкіндігінше мұғалімдердің шын кәсіптік мамандық
жұмыстарына барынша жақындастырылуы қажет.
Пән мұғалімі қызметі және сабақ өту әдістерімен барынша таныса отырып,
бағдарламаға сай дәрежеде орындалуы тиіс.
2. Оқу педагогикалық іс-тәжірибенің міндеті:
- Теориялық сабақтарда алған жалпы педагогикалық шеберліктері мен дағдыларын
одан әрі қарай дамыту және жетілдіру;
- Студенттер дәрістерінде және практикалық сабақтарда алған алғашқы білімдерін
толықтыру;
- Студенттерді мектеп ұжымымен, информатика кабинетімен және ондағы құрал-
жабдықтармен таныстыру.
3. Есеп беру құжаты:
1. Күнделік;
2. Дербес-өзіндік жұмыстары;
3. Көрнекіліктері;
4. Қорытынды есебі.
4. Оқу іс-тәжірибеге арналаған әдістемелік нұсқаулар
Жеке жоспар. Бұл құжатта іс-тәжірибенің өтуі мерзіміндегі орындалатын барлық
жұмыстар көрсетіледі. Бұл жоспар информатика пәнінің мұғалімінің қатысуымен бірге түзіледі
және әдіскер бекітеді.
Жеке жоспар бір апта мерзіміне түзіледі. Оның мазмұны нақты және тақырыпты болуы
тиіс.
Күнделік. Практиканттың күнделігі барлық жұмыстарды тіркеу үшін қажет. Әдіскер
студенттің күнделікті жұмысының барысын күнделік арқылы қадағалайды. Іс тәжірибе
біткенше практикант күнделігін өзімен бірге мектепте алып жүруі тиіс және оны жүйелі түрде
толтыруы қажет. Тәжірибе аяқталғаннан кейін күнделік басқа құжаттармен бірге әдіскерге
тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет