Студент педагогикалық практика кезінде мектептегі оқу үрдісіне зерттеулік көз
қараспен қарайды. Оқу үрдісінің қойылу тиімділігі, сапасы, тәрбиелік жұмыстардың
уақытылы және тиімді жүргізілуіне, оқушылырдың білім деңгейіне, мектептегі
мұғалімдердің педагогикалық іс-тәжірибелеріндегі маңызды нәтижелерге және
қолданылатын жаңа оқыту технологияларының іске асуына өзіндік баға береді. Студент
практика нәтижесінде мектептегі оқу ісінің тиімділігін арттыру туралы өз пікірін білдіреді.
Мектептегі оқу үрдісінің көрнекілік материалдармен және құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етелу дәрежесіне, сабақ өту барысындағы жаңа және алджыңғы педагогикалық
әдістемелер мен тәсілдердің пайдалануына аса көңіл аударады.
Пән бағдарламасы мен сабаққа арналғанарнайы әдістемелік құралдардың жеткіліктігіне
және зертханалық жұмыстардың қойылу сапасына мән береді.
Аса маңызды сәт болып мектептегі оқушылыардың сабаққа деген қызығушылығын
арттырудағы жаңа инновациялық оқыту технологияларының меңгерілуі саналады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарды атқаруына қажетті әдістемелік материалдардың мөлшері
мен жұмыстардың атқарылу сапасына баға береді. биология пәні бойынша біліктілікті көтеру
және табиғатты сүйю бағытында орындалатын жеке жұмыстар мен информатикалық
кештердің сапасын бағалайды.
Барлық байқаған жетістіктерді күнделікке жазып практика туралы есеп кезінде
баяндайды.
Достарыңызбен бөлісу: