79
этикалық қырлары туралы не білеміз? Қызметкерлермен тіл табыса қарым-
қатынас жасай білу іс-əрекеттің нəтижесін көрсетеді.
Бұл арада діңгек
іспеттес этикалық алтын қағида: өзіңізге бағынышты адамдармен
байланысыңыз басшыңыздың сізбен қарым-қатынасының қалай болғанын
қалауыңызға сәйкес келуі. Ал, бұл реттегі іскерлік қарым-қатынастың
ұтымды нəтижеге қол жеткізуі басшының өзіне бағыныштылармен
байланыста қолданар этикалық нормалары жəне қағидаттарымен
анықталмақ. Бұлардың қатарына қызмет бабындағы этикалық мəдениеттің
қайсысы тиімді, қайсысы тиімсіз екендігін назарда ұстау керек. Алғашқы
кезекте бұл бағыттағы нормалы қағидаттар іскерлік қарым-қатынас
табиғатын аңғартатындай, басқару үдерісіндегі ұйымдардың ненің негізінде
жəне қалай берілуіне, қызметтік тəртіптің неден
көрінетініне бірден-бір
байланысты. Ал бұл арадағы іскерлік қарым-қатынас этикасының
сақталмауы жағдайында көпшілік адамдар ұжымда өзін адамгершілік
тұрғысынан қорғаныссыз сезініп, ыңғайсыз күйге енеді. Басшының өз
қызметкерлерімен байланысы іскерлік қарым-қатынастың тұтас құрылымына
əсер етіп, оның адами-психологиялық табиғатын айқындауға септігін
тигізеді. Нəтижесінде қарым-қатынас мəдениетінің эталонды қағидаттары
қалыптасады. Бұл орайдағы іскерлік қарым-қатынастың қағидалы үлгілерінің
бірқатары төменде көрсетілген:
- өз ұйымыңызды қарым-қатынастың жоғары моральдық нормаларына
сəйкес бірлігі мықты ұжымға айналдыру. Қызметкерлерді ұйымның алғы
мақсаттарына жұмылдыра білу. Адам атаулы өзін ұжым мүшелерімен тығыз
бірлікте екендігін толық аңғарғанда ғана өзін адамгершілік жағынан да,
психологиялық жағынан да еркін сезінетіндігін ескеру;
- жауапкершілік мəселесіне байланысты
проблемалар туындаған
жағдайда басшы мəселенің басты себептерін анықтауы керек. Проблема
білімсіздіктен (надандықтан, мəдениетсіздіктен) туындап жатса, онда
қарауыңыздағы қызметкерлердің əлсіз, кем тұстарын олардың бетіне басып
үнемі айта бермеу. Қайта оның кемшіліктерін жоюға, толықтыруға қандай
жəрдем жасай алатыныңды ойлану;
- қызметкерлерге этикалық нормаларға сəйкес ескерту жасау.
Жағдаятқа байланысты барлық ақпараттарды жинау, сəйкесінше қарым-
қатынастың лайықты формасын таңдау. Ескертпелерді көзбе-көз тек оңаша
отырғанда ғана айту;
- адамның жеке басын емес, оның іс-əрекетін сынау;
- қажетіне
қарай комплимент айта отырып, сынды жеткізу амалын
қолдану. Іскерлік қарым-қатынасты достық көңіл-күйде аяқтау;
- өзіңізге бағынышты адамдардың жеке өміріне орынсыз араласпау;
- қызметкерлердің бəріне бірдей тең құқылы мүше ретінде қарау;
- қызметкерлердің ұтымды қадамын, жақсы табысын мадақтауға
келгенде мүдірмеу, жылы сөзіңді аяп қалмау;
- ортақ іске қатысты жіберген қателіктерді жасырмау, бүгіп қалмау;
- қарауыңыздағылардың алдында əрқашан адал болу;
- белгілі бір шешім шығаруда əртүрлі жағдайларға сəйкесті мөлшерлі
80
жағдаятты жəне қызметкердің жеке тұлғалық қалпын ескеру.
Ал «төменнен жоғары» қарайғы іскерлік қарым-қатынас қызметкердің
өз басшысымен арадағы байланысын аңғартпақ.
Бұл орайдағы қарым-
қатынас мәдениеттің этикалық қағидасын бір ауыз сөзбен «қарауыңыздағы
қызметкерлер сізге қандай қалыпта қарым-қатынас жасауын қаласаңыз,
сол деңгейде басшыңызбен де байланыс орнату жөн» деуге болар еді. Жалпы
өз басшысымен қалай тіл табыса білудің өзі қарауындағыларға қандай
адамгершілік талаптары негізінде байланыс орната алудан бірден-бір кем
емес.
Бұл реттегі іскерлік қарым-қатынасқа
бірден-бір қажетті этикалық
қағидалар үлгілерінің біразы төмендегінше:
- ұжымда əділ байланыстарға негізделген адамгершілік тұрғыдағы
өзара ниеттес, тілектестік бағыттағы атмосфераны қалыптастыруға
көмектесу;
- өз көзқарасыңызды орындатуға, не оған ақыл үйретуге ұмтылмау.
Өзіндік ұсыныстарыңыз бен ескерпелеріңізді орнымен орнықты да
мəдениетті түрде білдіру;
- қатқыл түрде, үзілді-кесілді бағытта сөйлеспеу;
- үнемі адал да əділ, сенімді болу, жағымпаздық, жарамсыздықтан
аулақ жүру. Өзіндік мінезіңіз, ұстанымыңыз болғай.
«Көлденең» («горизонталь») қарым-қатынас - тең дəрежелі əріптестер
арасындағы іскерлік байланыстар.
Бұл арадағы этикалық қағидалы діңгек:
«Іскерлік қарым-қатынаста әріптесіңіздің сізге қалай қарағанын қаласаңыз,
сізде онымен сондай қатынас ұстану. Белгілі бір жағдаятта өзіңізді қалай
ұстауда қиналсаңыз, өзіңізді әріптес орнына қоя білу». Әрине, əріптесаралық
іскерлік қарым-қатынастың тиімді нормалар қағидаттарын реттеу мен
жағымды үн (тон) табудың оп-оңай шаруа еместігін ескеру артық болмайды.
Бұл орайда ұстаным боларлық қағидалар үлгілері төмендегідей:
- өзгелер тарапынан өзіңізге белгілі бір ерекше байланыс талап ету;
- ортақ істі орындаудағы жауапкершілік
пен құқықтардың нақты, дəл
бөлінуіне қол жеткізу;
- өз жауапкершілігіңізді қарауыңыздағыларға аудара салмау;
- əріптестеріңіз туралы күні бұрын жаман ойда болмау. Олармен
қарым-қатынаста мүмкіндік болғанша сенімсіздіктен, өсек-аяңнан ада болу,
ондайларды маңыңызға жолатпау;
- əңгімелесуші əріптесіңізді өз атымен атап, ретіне қарай жиі қайталап
отыру;
- дидарласушыңызға жылы қатынасыңызды білдіру мақсатында достық
пейілде болу;
- қолыңыздан келмейтін нəрсеге уəде бермеу. Өзіңіздің іскерлік
мүмкіндіктеріңізді тым асыра бағаламау;
- өзіңізді емес, өзгені тыңдауға тырысу;
- дидарласушыңыздың сізге жат еместігін, ұнайтындығын сөзбен,
көзқараспен, ым-ишаратпен сездіру. Жымия отырып, көзіне тура қарау;
- əріптесіңізге өзіңіздің жеке мақсатыңызға қол жеткізудің құралы
81
емес, сыйлауға тұрарлық тұлға ретінде қарау.
Басшы мен бағыныштылар алдағы міндеттерді бірлесіп қарастырады
да, əрбір
адамның міндет аясы белгіленіп, нəтижесіне орай жауапкершілігі
айқындалады. Басшының міндеті өз қызметкерлерінің мүмкіндікті тиімді
пайдалануына қолайлы жағдай туғызу болып саналады.
Басқару стилі - басқару қызметтерін атқару кезінде басшылардың
ұжымға ықпал ету тəсілі мен əдісі. Ол басшылардың ұйымдық, кəсіби жəне
моральдық-этикалық сапасына байланысты құрылады. Басқару стилі
авторитарлық, демократиялық, либералдық болып бөлінеді (5.1-кесте).
5.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: