89
мынадай қорытындыға келген екен:
1. Ең алдымен өзіңді таны (Сократ). Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік
жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нəрсені алдыңғы қатарда
ұстайды? Мына əлемге терең үңіліп, сыры мен
қырын меңгерудің жолы ең
алдымен ішкі жан дүниеңе сапар шегумен басталады.
2. Қалай болсаң сол қалпыңда көрін, не
сырттай қалай болсаң, сол
қалыбыңды сақта (Мəулана). Шыншыл, əділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің
даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нəрселерді қорғау үшін ат
салыспасаң, барлық нəрсе сенің мəртебеңді түсіреді» - деген екен,
яғни ең
алдымен адам өзін тануы керек. Әр адам өзінің бойындағы жақсы жəне
жаман қылықтарын саралай біліп, адамдармен жақсы қарым-қатынаста бола
біліп жақсы өмір сүруі керек. Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу,
санаңды торлаған тұманды ойларды
шуақты қуанышқа ауыстыра
білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уəделі
сөздеріңе берік болуың.
Достарыңызбен бөлісу: