9
- моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы
қалыптасқан құндылық негізін құрайды жəне жалпылама сипатта болады;
- моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті,
міндетті, тиісті болып
табылады;
- мораль əлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс
жағдайларынан жоғары тұрады;
- мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол
адамның еркіндігі
аясымен байланысты болады.
Мораль - тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп -
белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан
адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз.
Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-
қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ,
мораль - ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы.
Моральдық
нормаларды ұстану арқылы əрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік
қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге
дағдылану нəтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-
қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасады.
Моральдық нормалар мəдениеттің дамуы мен адамдардың бірлесе өмір
сүру тəжірибесінен туындап отырады, ал оның жүзеге асуын қоғамдық пікір
қадағалап отырады. Ынтымақтастық пен адамгершілікті нығайтатын
қалыптар мораль ережелері болып қабылданған. Жеке тұлға қоғамның əдеп
мəдениетін игеру барысында өз мінез-құлқын реттей алатын қабілетке ие
болып, айналасында болып жатқан оқиғаларға моральдық баға бере алады.
Нəтижесінде адам кісілік қасиеттерін дамыта
алатын субъектіге айналып,
оның бойында ар-ұят, жауапкершілік, парыз, намыс, ізгілік секілді өзін-өзі
дамытуға бағытталған жоғары моральдық қасиеттер қалыптасады.
Моральдық сана тек таңдау мүмкіндігі бар жерде ғана əрекет ете алады.
Мəжбүрлеп істелген іске моральдық баға беру қиын. Сондықтан моральдық
санада мотив, пиғыл, мақсат мəселелері маңызды орын алады. Моральдық
сананың үш сатысы болады. Оның біріншісі, адамның ішкі тылсым дүниесін,
яғни моральдық қажеттіліктер мен қабілеттерді,
эмоциялар мен сезімдерді
қамтиды. Екінші сатысына рационалды ақыл-ой елегінен өткен моральдық
түсініктер жатады. Рационалды мораль əр түрлі əдептілік ережелерінен,
адамгершілік туралы этикалық теориялардан тұрады. Моральдық сананың
үшінші сатысы моральдық интуиция (түйсік) болып табылады.
Моральдық ережелер мен талаптардың қалыптасуы ұзақ процесс. Ол
ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды жəне жалпылама
сипатта болады. Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті,
тиісті болып табылады.
Моральдың негізі адамгершілік мінез-құлық ережесінен құралатын
болса, моральды адамгершілік түсінігімен тығыз байланыстырамыз.
Адамгершілік тəрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңбекке, білімге,
Отанға қатынасын қалыптастырады. Адам - ең алдымен адамгершілігімен,
парасатының биіктігімен көрікті. Адамгершілік тəрбиесі оқушыларды
10
адамгершілік ұғымы,
принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы
біліммен кемелдендіреді [4].
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тəрбиелеу, осы арқылы
олардың бойында əдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам
арасындағы қатынасты реттеу болса, адамгершілік тəрбиесі оқушылардың
моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен əдеттерін
қалыптастырады. Олар өзін-өзі танудағы жалпыадамзаттық құндылықтар:
ақиқат, дұрыс əрекет, сүйіспеншілік,
қиянат жасамау, ішкі тыныштық
негізінде жүзеге асырылады. Оларды түсіну адамның жоғары рухани
болмысын жарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаны рухани-
адамгершілік жағынан жетілдіру арқылы оның үйлесімді даму үдерісінің
ашылуына, өмірлік жолды саналы таңдауға ықпал етуге, жоғары «Мен»
тұлғасын ұғындыруға бағыттауға болады. Рухани адамгершілік тұрғыдан
сана-сезімі оянған адам ғана уақытша құндылықтардан мəңгілік
құндылықтарды, жалғаннан ақиқатты ажырата біледі.
Өзі де тыныштық
тауып, өзгелерге ізгі қарым-қатынас жасай алады.
Достарыңызбен бөлісу: