Өзін-өзі ұстау - адамның өз іс-əрекетінің шырқын бұзатын, эмоциялық
саласына ықпалы болатын жағдаяттарда өз қарекетін жүзеге асыруға
қабілеттілігі.
Өнеге - ұлағатты адамдардың, қарттардың жастарға көрсеткен үлгісі;
айтқан насихаты.
Педагогикалық ар-намыс - бұл педагогикада мұғалімнің өз
маңыздылығын түсініп қана қою емес, сонымен қатар оның қоғаммен
танылуы жəне моральдік сипаты мен сіңірген еңбегіне деген қоғамның
құрметі деген түсінікті білдіреді. Мұғалімнің ар-намысы – оның кəсіби
борышын орындау барысында көрінетін нақты кəсіби ар-намысына қоғамдық
баға беру.
Педагогикалық əдепті оқыту - тəрбиелеумен кəсіби түрде
айналысатын адамдар арасындағы жəне кəсіби ортадағы адамгершілік
қатынастар мен мұғалімнің адамгершілік қызметтерін жəне мұғалімдер
ортасында қалыптасқан өзгеше тəртіп пен мінез –құлық т.б. зерттейді.
Педагогикалық əділдік - адамдардың адамгершілік қасиеті мен
олардың қоғамдық танымал болуы, құқықтары мен міндеттері арасындағы
өзара сəйкестілік деуге болады; педагогикалық əділдіктің: мұғалімнің
оқушылармен қарым-қатынасы барысында олардың тəртібін, қылығын, оқуға
деген көзқарас-құлшынысын, адамгершілік тəрбиелілік деңгейін анықтау мен
бағалау барысындағы мұғалімнің обьективтілігі мен оның адамгершілігіне
өзіндік баға беретін ерекше сипаты болады.
Педагогикалық бедел - оның оқушылар мен мұғалімдер жəне
əріптестер ұжымындағы моральдік статусы , бұл құрмет пен қошаметке ие
болып жүрген беделді де, құрметті ұстаздың тəрбиеленушілердің тəртібі мен
нанымдарына əсер ететін өзіндік тəртіп түрі. Педагогикалық бедел
мұғалімнің осыған дейінгі алған моральдік-этикалық жəне психологиялық-
педагогикалық даярлығына байланысты. Оның деңгейі білімнің,
зеректіктіктің, шеберліктің тереңдігімен жəне өз еңбегіне деген ерекше
қатынасымен т.б. анықталады.