ГЛОССАРИЙ Адалдық - адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-
сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін
көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-əрекеттер.
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, əдеп ұғымы.
"Кісілік", иізгілік", "имандылық" тəрізді ұғымдармен мəндес. Адамгершілік -
адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-
қатынастары.
Ақиқат - таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір
шындығымен сəйкестілігі. Ақиқат - танушы кісінің объектіні дұрыс, дəл
бейнелеуі, адам санасынан тыс жəне тəуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында
көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сəйкес келуін ғана емес,
танымдық қызмет тəсілін де сипаттайды.
Альтруизм - өз мүддесінен басқалардың мүддесін жоғары қоятын
моральдық принцип, яғни басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу болып
табылады. Шектен шыққан түрінде (бəрін кешіру, құрбан болғыштық) ол
жеке тұлғаның жағымсыз мінезіне айналады. Бұл жағдайда тəрбиеленуші
педагог қойған талаптар мен міндеттерді орындаушы ретінде əрекет етеді.
Субъектілік-объектілік
өзара
қарым-қатынастабалалардың
тұлғалық
қасиеттері қалыптасады: орындаушылық, тəртіптілік, жауапкершілік; білім
алу тəжірибесін жинақтайды, жүйені меңгереді, іс-əрекеттерін реттейді.
Тəрбиеші
өз
тəрбиеленушілерін
мінез-құлық
нормалары
мен
ұйымдастырылған қызмет ережелеріне сəйкес келуі/сəйкес келмеуі
тұрғысынан қарайды.
Әдептілік - халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, иман-
дылық пен адамгершіліктің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан
қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттердің
жиынтығы
Дүниетаным - жеке адамның, əлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас
қоғам қызметінің бағытын жəне шындыққа деген қатынасын айқындайтын
принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі.