18
• кесар тілігі операциялары нәтижесіне тұрақты түрде эпидемиологиялық
қадағалау
ұйымдастыру қажет;
• госпитальдегі эпидемиолог дәрігерге сараптамалық зерттеу әдістерін
игеруді міндеттеу қажет;
• ИБ жүйесінің тиімділігін бағалаудың өлшемдік кешенін әзірлеп, пайдала-
ну қажет (сапа индикаторы).
Акушерлік стационарда эпидемиологиялық диагностика жүйесін құру ба-
рысында төмендегідей талаптар ескерілуі тиіс:
1. Ақпараттық база құру, онда мынадай ақпараттық ағын қамтылуы қажет:
• клиникалық диагноз қоюдың стандартты өлшемдерін қолдана отырып,
АІИ барлық формаларын (клиникалық түрдегі де, субклиникалық та) то-
лығымен есепке алу туралы мәліметтер; диагностикалық емдеу процесіне
қатысты іріңді-септикалық инфекциялардың (ІСИ) қауіп факторлары тура-
лы мәліметтер (эпидемиологиялық маңызды
инвазиялық қатысуды есеп-
ке алу);
• ішкі қауіп факторлары туралы мәліметтер, оның ішінде босанушы әй-
елдер мен жаңа туған нәрестелердің ілеспелі патологияларына баға беру де
бар;
• микробиологиялық диагностика мәліметтері, оның ішінде түрішілік сәй-
кестендіру нәтижелері де бар (төзімділікті бағалауды қосқанда);
• перзентханадағы эпидемияға қарсы санитарлық режим жағдайы тура-
лы мәліметтер.
2. Іс-шаралардың тиімділігін бағалау үшін ретроспективті эпидемиологи-
ялық сараптама жүргізу.
3. Іріңді-септикалық инфекцияның эпидемиялық процесінің фазалық
жағдайын диагностикалауды, емдеу мекемесінде штаммдардың түзілуі-
не мониторинг жүргізуді, уақытылы диагноз қоюды және топ болып ауыру
жағдайларын тексеруді қамтамасыз ететін оперативті эпидемиологиялық
сараптама жүргізу.
4. Эпидемиологиялық сараптама нәтижелерімен перзентхананың мүд-
делі мамандарын таныстырып, талқылау.
Босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелердегі ІСИ жағдайлары туралы
мәліметтер базасын қалыптастыру көзі болып МСЭҚ органдарындағы ресми
тіркеу мәліметтері мен субклиникалық (донозологиялық) жағдайларды ішкі
тіркеу нәтижелері табылады. Босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелер-
дегі ІСИ белгілерінің эпидемиологиялық мониторингі жүйесі госпитальдің
эпидемиолог дәрігері үшін де, клиницист үшін де пайдалы, өйткені ол диа-
19
гностикалық емдеу процесінің ажырамас бір бөлігі. Өз тарапынан клиника-
лық профильдегі дәрігерлер бұл жүйені емдеу шараларына кедергі келтіруші
фактор ретінде қарастырмайды. ІСИ жағдайлары
бойынша мәліметтерді
жинауға тікелей қатысып, орындаушылар – клиницист дәрігерлер мен орта
медициналық персонал, яғни диагностика мен емдеу процесіне тікелей қа-
тысы бар мамандар.
ІСИ белгілерін анықтауға медбикелердің қатысуы ДДҰ қабылдаған «мед-
бике диагнозы» ұғымына негізделеді. Бұл үшін жаңа туған нәрестелерге
арналған интенсивті терапия палаталарының медбикелеріне, акушерлерге,
балалар медбикелеріне, ота бөлімдерінің медбикелеріне
қатысты арнайы
формалар әзірленіп, енгізілуі керек (қосымшалар). Аталған формаларды
толтыру кезінде ІСИ диагнозын қою қарастырылмайды, бірақ пациенттердің
әртүрлі санаттарында іріңді-септикалық инфекцияның клиникалық нақты
белгілерін уақытылы анықтап, ескеру қажет, мысалға, кесар тілігі жолымен
босанған әйелдерде, физиологиялық жолмен босанған әйелдерде, ана мен
балаға ортақ жаңа туған нәрестелер палатасында, жаңа туған нәрестелерге
арналған интенсивті терапия палаталарында.
Жаңа туған нәрестелерге арналған интенсивті терапия палаталарында ІСИ
белгілерін анықтау – инвазивті амалдарды күнделікті есепке алу арқылы қа-
уіп факторларының белсенділігін бағалаумен қатар жүзеге асырылады.
Мониторинг үзіліссіз жүргізіліп, стационарға түскен (дүниеге келген) сәт-
тен, стационардан шыққанға дейінгі (басқа жаққа ауыстыру, бақи болу) ке-
зеңді қамтуы тиіс.
Босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелерде перзентханадан жа-
зылып шыққан соң (босанғаннан кейін/дүниеге келген соң) 30 күн ішінде ІСИ
жағдайлары орын алған жағдайларда ақпарат көзі болып МСЭҚ органының
ресми тіркеуі туралы мәлімет танылады.
Достарыңызбен бөлісу: