Акушерлік стационарларда инфекциялық бақылау жүйесін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата24.06.2023
өлшемі331,5 Kb.
#103302
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
акушер санит

және керісінше
Саусақтарыңызды 
айналдыра отырып, 
ысқылаңыз
Айналдырар қимылмен 
алақандарыңызды 
кезек-кезек ысқылаңыз


22
Мына слайдта ДДҰ ұсынған қол жуудың қолданыстағы әдісі көрсетілген.
Жеке қорғаныс құралдарын қолдануда, қол гигиенасымен қатар, тәуекел 
деңгейін, қанмен және өзге де биологиялық сұйықтықтармен немесе пато-
гендермен байланысқа түсу мүмкіндігін ескеріп, әрекет ету керек [5]. 
Жеке қорғаныс құралдары:
Жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) инфекцияланған агентпен немесе бой-
ында инфекцияланған агенттер болуы ықтимал ағзадағы сұйықтықтармен 
тікелей байланыс жасаудан сақтайды, яғни медицина қызметкері мен ин-
фекцияланған материал арасындағы өзіндік кедергі қызметін атқарады. 
Медициналық қолғап қолдарыңызды қорғайды; медициналық халат не ал-
жапқыш теріні және/немесе киіміңізді қорғайды; медициналық маска және 
респиратор аузыңызды, мұрныңызды қорғайды; көзілдірік – көзді, ал бет 
қалқандары бетіңізді қорғайды. 
ЖҚҚ қолдануда негізгі төрт талапты есте сақтап, ескеру қажет [6]:
1) Жеке қорғаныс құралдарын пациентпен байланыс жасар алдында киіп, 
қолдану керек, әдетте пациент орналасқан орын/бөлме/палатаға кірер ал-
дында. 
2) Ластанудың таралуына жол бермеу үшін ЖҚҚ қолдануда өте абай болу 
керек. 
3) Пациентті қараған соң жеке қорғаныс құралдарын абайлықпен шешіп, 
қалдықтарға арналған тиісті қоймаға тастау керек. 
4) Бұдан соң бірден қол жуып, қол гигиенасы ережелерін орындау керек, 
тек содан кейін ғана келесі пациентті қарауға болады. 
Қолғаптарды қолдану.
Медициналық қолғаптарды қолданудың негізгі екі себебі бар:
1) пациенттің қанынан не оның ағзасындағы өзге де биологиялық сұй-
ықтықтардан қолдың ластану қаупін төмендету үшін;
2) инфекцияның медицина қызметкерінен пациентке жұғу қаупін төмен-
дету үшін (және керісінше), сондай-ақ инфекцияның пациенттер арасында 
таралу қаупін төмендету үшін.
Ескеретін жайт: қолғап қолданғанда да ҚОЛ ЖУУДЫ ұмытпау қажет! 
Қолғапты КИЕР АЛДЫНДА және ШЕШКЕННЕН КЕЙІН, қолдарыңыз қанша-
лықты стерильді болса да, қолыңызды жуу керексіз [7]. 
Қолғаптарды қауіпсіз етіп қолдану барысында:
• қолғаптарды киюдің дұрыс техникасын ескеру қажет: ол қолғаптардың 
жылдам ластануының алдын алады;


23
• қолғаптарды шешудің дұрыс техникасын ескеру қажет: ол қолыңыздың 
ластануының алдын алады.
Басқа пациентті/инфекция көзін қарар алдында қолғаптарыңызды мін-
детті түрде ауыстырыңыз. Егер қолғап жыртылып не тесіліп қалса, оны де-
реу ауыстырып, қол гигиенасының шарттарын толығымен қосымша орын-
дау керек. 
B (HBV) гепатиті, С (HCV) гепатиті және АИТВ инфекциясы кең тараған 
елдерде ұзақ уақытқа негізделген хирургиялық амалдарды орындауда
(>30 минут), қанның не биологиялық сұйықтықтардың ауқымды мөлшерімен 
байланыс жасауға негізделген процедуралар барысында, тәуекелі жоғары 
ортопедиялық процедуралардың бірқатарын орындағанда қос қолғап қол-
дану қатардағы жағдай болып табылады.
Оқиғалардың рационалды ретіне қарай медицина қызметкерлері кей 
процедураларды мейлінше дұрыс жоспарлап, орындауды үйренуі керек және 
де жұмыс барысында мүмкіндігінше «жанаспау» техникасын қолдануы ке-
рек, сөйтіп қолғаптарды қолдану қажеттілігі мен оларды ауыстыру жиілігін 
барынша төмендетуге болады.
Ескеретін жайт: мұнай өнімдері негізінде жасалған қолға жағатын лосьон-
дар мен иісмайларды қолдану латекс қолғаптардың бүтіндігіне кері әсер
етуі мүмкін, ал спирттік негіздегі қолға жағатын гигиеналық құралдардың 
бірқатары денсаулық сақтау қызметкерлерінің қолында қалған тальк ұлпа-
сының қалдығымен реакцияға түсуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет