Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



Pdf көрінісі
бет6/40
Дата27.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#103598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
Метербаева к. М

Студенттерге берілетін тапсырма
1. Адам өміріндегі тіл мен ойдың алатын орны. 
2. Ойлау әрекетінің ерекшеліктері. 
3. Тіл мен ойдың анықтамасын педагогикалық сөздіктен жазып, 
талдау. 
Баланы байланыстырып сөйлеуге қалыптастырудың 
әдіс-тәсілдері 
 
Егеменді елімізде болып жатқан түрлі экономикалық, 
саяси-әлеуметтік және мәдени өзгерістерге сай білім беру 
жүйесі де өзгеріп, жаңаруда. Білім беру мәселесі Қазақстан Рес-
публикасының “Ата Заңында”, стратегиялық бағдарламасында 
және басқа да мемлекеттік құжаттарда көтерілген. Мемлекеттік 
құжаттардың бәрінде де болашақ қоғамның белсенді мүшесі бо-
латын балалардың өз елінің патриоты болуға, олардың жеке тұл-
ға ретінде қалыптасуына, жеке бас сапасының дамуына ерекше 
көңіл бөлініп отыр.
Білім беруді ізгілендіру мен демократияландыру оқыту-
дың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды арттыруды талап етеді. 
Сондықтан да баланың сөздік қорының молаюы, байланысты-
рып сөйлеуінің нәтижелі болуы үшін оның жеке бас ерекшелігін 
ескере отырып, отбасында ата-ана, балабақшада тәрбиеші, мек-
тепте мұғалім үлкен талап қоя білуі тиіс. Мектеп жасына дейінгі 
баланың қоршаған ортадан, табиғат құбылыстарынан алатын 
білімі, меңгеретін дағдысы олардың тіл байлығын жетілдірудің 
алғашқы негізі болмақ. Тәрбиеші-педагогтың мақсат қоя ұйым-
дастырылған іс-әрекеттері (ойын, топсаяхат, бақылау, серуен, 
т.б.) арқылы бала қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар 
алып, айналасындағыны байқап, қызығушылықпен қарап, оны 
әңгімелеп айтып беруге талпынады. 
Қоршаған дүниемен таныстыру баланың сезіміне әсер 
етіп, оның тілін дамытуға жағдай жасап, айналадағы өмірді, та-
биғат құбылыстарын бағдарлап түсінуге мүмкіндік туғызады. 


16 
Мектепке дейінгі балалардың өмірдегі нақты заттар мен құбы-
лыстар жөнінде, ол заттардың өсу, даму ерекшелігі, өзара бай-
ланысы жөнінде өздігінен ой қорытындыларын жасап, басқа-
ларға түсіндіруге әрекеттенушілігі басым болады. 5-6 жастағы 
баланың көрнекті, образды ойлау қабілеттілігі басым болатыны 
белгілі.
Б.Б.Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды 
біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың 
қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге 
тырысады. 
Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі 
құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, та-
биғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған 
орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген сөздерін күнделікті 
іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қол-
данып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көпте-
ген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олар-
дың бірі А.М.Бородич: “Байланыстырып сөйлеу – адамдардың 
өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлем-
дегі жүйесі” десе, Ф.А.Сохина: “Байланыстырып сөйлеу дегені-
міз белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан ал-
ғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп 
қарастырады. 
Бұл пікірлерді негізге ала отырып біз байланыстырып 
сөйлеу – отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің 
дамуының тиімділігінің көрсеткіші деп тұжырымдаймыз. 
Біртұтас байланыстырып сөйлеуде баланың логикалық 
ойы, түсінген нәрсені дұрыс ұғынып, басқаларға да түсіндіріп 
айта алатыны көрінеді. Баланың
сөзіне қарап оның ойлау қабіле-
ті мен тілінің дамуы туралы қорытынды жасау мүмкіндігі туады. 
Бала адам тілінің алғашқы дыбыстарын естиді. Қорша-
ған заттардың пішінімен танысады, байқайды. Адам қолымен 
жасалған нәрселермен қатынасқа (қолмен сипап байқайды, кө-
реді) түседі. Басқа сөзбен айтқанда, өмірінің алғашқы күнінен 
бастап кішкентай сәби өзіндік және одан әрі дамитын “үйрену 
арнасына” немесе “тәжірибе алу арнасына” тап болады. Алдын-


17 
да арна тайыз және тар. Ол баланы ересек адамның сөзінсіз өз-
дігінен үйренуіне жағдай жасайды. Бара-бара арна кеңейеді. Ба-
лабақшада жүрген кезінде бала құрылымды оқыту арнасына тап 
болып, оны одан әрі мектепте және жоғары оқу орнында жалғас-
тырады (шарықтау шегіне жеткізеді). Тәжірибе алу арнасы 
жүйелі оқудың балаларды мәдени жетістіктерге баулудың ең не-
гізгі жолы болып табылады. Ересек адам жас сәбиді осылай бас-
палдақтан баспалдаққа, одан әрі жоғары “үйрету арнасына” ба-
ғыттайды. 
Сондай-ақ, дүниені, қоршаған ортаны түсіндірудің, та-
нытудың басқа да жолы бар. Ол алғашқыға қарама-қарсы. Бұл – 
күрделіден қарапайымға көшу жолы. Өйткені, қоршаған дүние 
баланың үйрену арнасы бойынша баспалдақтан баспалдаққа ке-
зегімен өмірді танып-білгенін тосып тұрмайды. Бала өмірінің 
алғашқы күнінен бастап түсініксіз көп қырлы қасиеттері мен 
танымал дүние бала үшін әлі құпия, ол оны сол бойынша немесе 
өзінше қабылдап жүйелейді, ұйымдастырады және түсіндіреді. 
Түсіндіргенде де тек өзіне ғана тән кіші-гірім білім қорын 
негізге алады. Сондықтан да, көптеген табиғи және психикалық 
құбылыстар бала санасына таныс емес. Ол көбін байқағанымен, 
жете түсіне алмайды. Осы уақытта бала өзінен үлкен неліктен, 
неге деген сұрақтар қояды. Бірақ, көбінесе бұл сұрақтар жауап-
сыз қалуы да мүмкін. Өйткені, 5 жасар бала жел неге соғады, 
шөп неге жасыл деген сұрақтарға жауап табуда қиналады. Сон-
дықтан да балабақша жағдайында балаға бақылау жасату, көрсе-
тіп талдау, көрнекілікке негіздеу оның табиғатқа деген сүйіспен-
шілігін, табиғат әсемдігін түсіне білу қабілетін дамытады. Осы 
тұста түрлі шығармалар үлгісімен де таныстырылады да, сол ар-
қылы олар жазушы тілінің ерекшеліктерін де түсінеді, шығар-
маларда суреттелген көріністер мен әсемдікті дұрыс қабылдай-
ды. Бала жаны сезімтал, сенгіш, жүрегі, жаны табиғаттың әсем-
дігін де, музыканы да, сөзді де өте нәзік қабылдайды. Сондық-
тан бала тілін дамыту үшін олардың сезіміне әсер ету керек. Дү-
ниетанымын, сезімін оятпай, санасын тәрбиелемей балалардың 
тілін дамытуға болмайды. 


18 
Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік 
қорын байыту мен бекіту жұмысы қоршаған дүниені белсенді 
танумен байланысты болғандықтан, оны бақылау кезеңдерінде 
жүзеге асыру қарастырылады. 
Бақылау – балаларды табиғат құбылыстарымен танысты-
рудың жетекші әдісі, сонымен бірге тәрбиеші басшылық жасай-
тын табиғатты танудың негізгі құралы. 
Бақылау – мақсатты қабылдау, ол сезім және ақыл-ой тұ-
тастығын табатын күрделі танымдық үрдіс. Балалардың қабыл-
дауы, көру, есту, иіскеу, тыңдау, сезу сияқты танымдық процес-
тер көмегімен жүзеге асады. Бақылау арқылы қабылдау сөзді 
белсенді пайдалануға негіз болып, оның ойлау, ой қорыту үрді-
сімен жалғасады. 
Тәрбиешінің табиғат құбылыстарын бақылауды ұйым-
дастыруы мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныс-
тырудың негізгі түрі болып табылады. Объектіге және балалар-
дың жас ерекшелігіне байланысты бақылау қысқа (ұзақтығы бір-
неше минут) және ұзақ (бірнеше күн немесе тіпті апта бойына) 
болуы мүмкін. Ересектер топтарында өткізілген бақылауларда 
балаларды табиғат құбылыс-тарымен таныстыру кезінде әңгіме-
нің өзегі жекелеген құбылыстар емес, бүтіндей табиғаттың тұ-
тастығын оның маусымдық өзгерістерін, байланысын саналы тү-
сінуге жетелейтіндей деңгейде жүргізіледі. 
Табиғат құбылыстарына бақылаулар жасау кезінде әсіре-
се табиғатта болып және байқап көруге мүмкіндік туғызатын құ-
былыстарды бақылауды таңдаған дұрыс (сүңгі, көктайғақ, нажа-
ғай, т.б). Осы арқылы бірінші кезекте баланың танымдық қабыл-
дауын жүзеге асыру қарастырылады. “Көктайғақ қалай пайда 
болды?”, “Оның адам өмірінде қандай қауіпі бар?” т.б. сұрақтар 
арқылы балалардың дұрыс қабылдауы жүзеге асырылады. Ба-
қылау ізденістік сипатқа ие болды, балалар құбылыстың себебін 
табуға тырысуды, салыстыруға, қорытынды жасауға төселеді. 
Балалар зерттеушілік, ой пайымдау, салыстыру әрекет-
теріне төселіп, сөз қолдануға тырысады. Кейде бақыланатын құ-
былыс суреттегі бейнемен салыстырылады. Сондықтан балалар-
дың назары олардың айырмашылықтарын белгілеумен бірге 


19 
(қарлы боран, құмды боран) бірнеше құбылыстың ортақ белгі-
леріне (боран кезінде негізгі құбылыс желмен байланысты екен-
дігі), әсіресе, олардың елеулі жақтарына (жел) назар аударылып 
отырылады. Бақыланып отырған құбылысты салыстыруға тап-
сырма беріледі. Сондай-ақ тек қиналған жағдайда ғана көмек 
көрсетіліп, салыстырылатын белгілерді анықтауда балаларға ер-
кіндік беріледі. 
Бақылаудың нәтижелерін балалар өздерінің салған су-
реттерінде көрсете біледі. Балалардың ойын жандандыруға, қо-
рытынды жасай білуге, құбылыстарды, олардың себептерін ай-
қындауға “Сен оны қалай білдің? ойыңды дәлелде” деген, т.б. 
сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. 
Бақылаудың ерекше түрі – эксперимент. Ол арнайы жа-
салған жағдайларда ұйымдастырылады. Сабақтарда, серуен ке-
зінде немесе табиғат бұрышында және балабақша жер үлескі-
сінде балаларды жеңіл-желпі тәжірибелер жүргізуге тарту олар-
дың бақылағыштығын дамытып, объектілерге және табиғат құ-
былыстарына белсенді де дұрыс қарым-қатынасын тәрбиелеуде 
зор мәні бар. 
Қарапайым тәжірибелердің көмегімен балаларға судың 
қатуын, қар мен мұздың суға айналуын, кемпірқосақтың жаса-
луын және басқаларды көрсетуге болады. Мысалы: “Толқынның 
жасалуы”. Легенге суды құйып, балаларға қолды суға салып, 
онымен жан-жаққа қозғауды ұсыну керек. Олардың назарын су 
толқынының қалай пайда болатынына аудару керек. Егер қол-
мен қаттырақ қозғалтса, толқынның қозғалысы жылдамдайды. 
Кемпірқосақтың жасалуы. Арқаны күн жаққа қаратып
тұру 
және пульверизатордан немесе шлангтан суды шашырата себу. 
Көктайғақ секілді құбылыстармен таныстыру кезінде кө-
шедегі машиналардың жүрісіне бақылау жасалады. Мұз үстінде 
машинаны бірден тоқтатудың қиындығын балалар бақылау ке-
зінде көріп біледі. Балабақша жер үлескісіндегі жолдың бір бөлі-
гіне су құйдық, ол мұз болып қатты. Содан соң балалар оның үс-
тімен жүрудің қиын екенін, аяқ тайғанап, жығылып қалуға бо-
латынын бақылауды тапсыру керек. 


20 
Жер үлескіде немесе жақын жердегі табиғат қоршауын-
да бақылау жасау үшін барынша оңтайлы жер таңдап алдық. Ба-
лаларды бәрінің де бақылауына қолайлы болатындай етіп орна-
ластыру қажет. 
Бақылаудың алдында, әсіресе, ол бірінші рет жүргізіліп 
отырғанда,сұрақ қоюға немесе тапсырма беруге асықпау керек. 
Балалардың өздігінен қарап алуына (1-2 минут) мүмкіндік беріп, 
табиғи қызығушылығын қанағаттандыруға болады. Бақылауды 
белгілі бір жүйемен жүргізген тиімді. Табиғаттың найзағай се-
кілді құбылысына бақылауларға жетекшілік жасай отырып, на-
зарды бүкіл қоршаған табиғатқа аударған жөн. Содан соң аспан-
ның түсін, найзағай мен күн күркіреуінің жүйелілігін, көшедегі 
адамдар мен малдардың сақтануын айқындауға болады.
Мұндай жүйелілік қажет, оның себебі мектеп жасына 
дейінгілердің бір нәрсеге назар аударуының орнықтылығы әлі 
жеткіліксіз, көп жағдайда еркінен тыс болады. Алайда бақылау-
дың соңында бақылау барысында қалыптасқан ұғымдарды ретке 
келтіруге тырысу керек. 
Мектепалды даярлық топ балаларын біз табиғаттың 
найзағай, көктайғақ, қарлы боран, құмды боран, жауын тасқыны 
сияқты құбылыстарымен таныстырумыз қажет. Ол үшін ең 
алдымен балаларға осы құбылыстар жайында берілетін білім 
мен ережелер көлемін және мазмұнын айқындау қажет. Әрбір 
құбылысқа байланысты оның қауіпті жақтарын және сақтану 
жолдарын түсіндіруді де мақсат етіп қоямыз. Бұл арқылы бала-
лардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру көзделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет