32
№ 3 модульдік тапсырма: “Қармен” таныстыру.
Бағдарламалық
мазмұн: қардың түсі, жабысқақтығы
, қар-
дың еріп, суға айналуы, оның
ылғалдылығына байланысты
(балалардың өз тәжірибесін пайдалану) болатыны туралы түсі-
нік беру. Балалардың
бақылағыштығын, логикалық ойлауын тәр-
биелеу.
№ 4 модульдік тапсырма: “Қардың қасиеттерімен” таныстыру.
Бағдарламалық мазмұн: балаларға қарда ауа болатыны
туралы түсінік беру, оны қарды түсіп тастау әрекетімен байла-
ныстыру. Жылы су құйылған екі
ыдыстың көмегімен олардың
біреуі (қар салынғаны) ашық ауада тұрғанға қарағанда баяу сал-
қындағанын көрсетеді.
№ 5 модульдік тапсырма: “Кесек қармен” таныстыру.
Бағдарламалық мазмұн: ауаның температурасына байла-
нысты қардың жайы туралы білімдерін тереңдету (қолғаппен
және қолғапсыз қарды домалақтау – қолдың жылуынан қар ыл-
ғалдана бастады; қарды бөлмеден алып шығу және бірнеше ми-
нуттан кейін кесек қар жасау. Сенімдерін арттыру үшін балалар
көшеде және бөлмеде температураны өлшейді).
№6 модульдік тапсырма:“
Жылулық құбылыстармен” таныстыру.
Бағдарламалық мазмұн: бір күйден екінші күйге ауысу
қалай жүзеге асырылатыны туралы білімді хабарлау (қаттыдан
сұйыққа, сұйықтан буға айналуы). Осының негізінде балаларға
жауын-шашынның (қар, жаңбыр, шық, қырау, тұман) қалай бо-
латыны жайында жеңіл түсінік беру.
№ 7 модульдік тапсырма: “Кемпірқосақтың жасалуы”.
Бағдарламалық мазмұн:
балаларға кемпірқосақтың жа-
салуын көрсету; түрлі-түсті жолақтардың үлгісі мен орналасуын
белгілеу; желпуіш арқылы өтетін шашырандылар жарығы олар-
ды түрлі түске бояйтыны көрсетіледі.
№ 8 модульдік тапсырма: “Электрмен таныстыру”.
Бағдарламалық мазмұн: балаларға қарапайым аспаптың
көмегімен (батарейкалар мен сымдар, лампалар) электр тоғының
жасалуын
және оны қайнар көзге, лампочкаға беруді көрсету,
электр мен найзағайдың жалпы пайда болуында ұқсастық ба-
рына толық түсінік беру (найзағай –
бұл бұлттар немесе бұлт
33
пен жер арасындағы пайда болатын үлкен электр ұшқыны; күн
күркіреу – ұшқыннан шыққан шатыр-шұтыр (дауыс); балаларды
қауіптен құтылу үшін найзағай ойнаған кезде өзін қалай ұстай
білуге үйрету керек).
Модульдік тапсырмаларды ұйымдастыра отырып таби-
ғат құбылыстарын дұрыс таңдап
алуға және оларды жыл мез-
гілдеріне бөліп жүргізуге болады. Сонымен қатар әр модульдік
тапсырманы төмендегідей сәйкес бөліктерге бөлу керек:
– құбылысты бақылауға қызығушылығын және сезімдік көңіл
күйін жасауға, көркем сөз арқылы қалыптастыру;
– үрдісте нақты және дұрыс түсінік
қалыптасуы тиіс құбылыс-
тарды қарастыру;
– балалардың өзіндік қорытынды жасап, байланыстырып айтуы-
на ыңғайлы және көмектесетін жеңіл тәжірибелерді ұйымдас-
тыру;
– қорытынды әңгіме. Балалардың алған ұғымдарын қорытын-
дылау.
Модульдік тапсырмаларды жүйелі
бере отырып, бала-
ларды табиғатты тануға, өзіне белгісіз әлдебір жаңа және қызық
құбылыстар мен қасиеттерді аша білуге үйретеміз.
Табиғат құбылыстарымен таныстыру арқылы балаларды
байланыстырып сөйлеуге үйретудің тиімді әдістерінің бірі –
әң-
Достарыңызбен бөлісу: