8
олардың бірі А.М.Бородич:
”Байланыстырып сөйлеу – адамдар-
дың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөй-
лемдегі жүйесі“ десе, Ф.А.Сохина: “Байланыстырып сөйлеу де-
геніміз – белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғы-
дан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады”
деп қарастырады. Сонымен
байланыстырып сөйлеу – отба-
сында және балабақшада іске асатын бала тілі дамуының тиім-
ділігінің көрсеткіші.
Қоршаған орта арқылы баланың ойы, қабылдауы, сезінуі
қалыптасып, тіл байлығы жетіледі деп қарастырады. Балалар-
дың тілінің дамуы, байланыстырып
сөйлеулері туралы мәселе-
лерге психологтардың әрқайсысының өзіндік пікірі, өзінше тал-
дауы бар. А.А.Люблинская табиғаттағы заттар мен құбылыстар
арасындағы байланыстардың да сөзбен белгіленетінін тұжы-
рымдаса, Л.С.Выготский ”Сөз – ойлау мен тілдің негізгі жиын-
тығы“ деп көрсетеді.
Психологтар /Е.Суфиев, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев және
т.б./ балалардың байланыстырып сөйлеуінің қалыптасуын қор-
шаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың сыртқы көрінісі мен
құрылысына қарай бір-бірімен байланыстыра қабылдайды, ой-
лайды. Сол арқылы танып-біліп, баяндай білетіндігін белгілейді
деп тұжырымдаған.
Демек, жоғарыда аталған ғылыми пікірлер балалардың
байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда негізгі қағидалар ре-
тінде есепке алынады.
Психологиялық еңбектерге жасалған талдау негізінде ба-
лалардың байланыстырып сөйлеуін
қалыптастырудың ерекше-
ліктері анықталды:
- қоршаған дүниені танып-білуі арқылы сөздік қоры мо-
лайып, сөзбен әрекет жасау үрдісінде ана тілінің заңдылықта-
рын меңгереді;
- бала өз ойын байланыстырып, логикалық түрде жет-
кізуге жаттығады, талқылаулары интеллектуалдық тапсырма-
ларды шешу амалдарына айналады;
9
- қоршаған дүние туралы
шығармашылық әңгіме құ-
растыруда практикалық және интеллектуалдық (тапсырмалар-
ды)
орындауда тілдің жоспарлаушылық функциясы
қалыптасады;
- байланыстырып сөйлеуде саналы қарым-қатынас қа-
лыптасады, ол іс-әрекеттің ерекше түрі болып табылады;
- тіл нақтылы педагогикалық жағдаяттардан жан-жақты
күнделікті қарым-қатынас құралына айналып,
баланың байла-
ныстырып сөйлеуі дамиды.
Бірқатар педагог-ғалымдар /Е.И.Тихеева, А.П.Усова,
Н.И.Кузина, Т.И.Алиева, А.А.Зрожевская, Б.Баймұратова,
Х.Қожахметова, С.Ғаббасов т.б./ баланың таным белсенділігін
арттырып, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда жыл мез-
гілдерінің ауысуына байланысты болатын ауа-райының өзгеріс-
тері: боран мен үскірік, жел соғуы, найзағай отының жарқылда-
уы, жер бетін тұман басуы, өзендерде сеңнің жүруі сияқты таби-
ғат құбылыстарын бір-бірімен байланыстыра түсіндіруді қажет
деп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: