Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы



Pdf көрінісі
бет2/76
Дата29.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#103694
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Құрметті ұстаздар! Бұл әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу 
жылында білім беру процесін сапалы ұйымдастыруда тиімді әрі пайдалы болады 
деп сенеміз.



І 
2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
 1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін, 3-
4сыныптарда – «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін оқыту жалғасады. 
 Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе», 
«Ана тілі» пәндері оқытылады, 2-сыныбында «Орыс тілі» пәнін оқыту 
басталады. 
 Жоғары сыныптарда ағылшын тілінен оқу жүктемесі 1 сағатқа артады. 
 Негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім беру 
деңгейлерінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінен емтихан 
тапсыру енгізіледі. 
 Экологиялық білім беру сапасын арттыру: экологиялық проблемаларды 
шешуде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту бойынша 
бағдарламалардың мазмұнына тақырыптарды қосу 
 Педагогтерге арналған «Цифрлық кітапхана» жобасын жүзеге асыру 
 Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту (үлгерімі төмен және 
үлгерімі жоғары білім алушылар арасындағы алшақтықты қысқарту) 
 Мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту, 
«Ата-аналар академиясын» құру 
 Домбыра тарту бойынша факультативтік курстар өткізу, мектептердегі 
шахмат секцияларының желісін кеңейту 
 «Тоғыз ай – 9 іс-шара», «4 тоқсан – 4 жоба» жобалар шеңберінде іс-шаралар 
өткізу арқылы тәрбие жұмысын күшейту,
мерейтойлар мен атаулы күндерге 
арналған сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру 
 «Үздіктен үйрен» жобасын іске асыру: «Үздік педагог» байқауы 
жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін дәріптеу 
 «1000 көшбасшы» республикалық кадрлық резервтің деректер қорын құру 
 Цифрлық технологияларды пайдаланып, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, 
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ауылдық шағын жинақты 
мектептердің әлеуетін дамыту жобаларын іске асыру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет