53
артықшылықтарын көрсетуге ықпал ететін оқыту тәсілдері мен белсенді
әдістерін қарастыру қажет. Мысалдар зерттелетін тақырып аясында болуы керек.
Құқық нормаларымен реттелетін қажетті мінез-құлықтың пайдасын көрсететін
оң тұжырымдарды қамтуы керек. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаудың
тарихи
маңыздылығы, қазақ қоғамындағы демократиялық процестердің
маңыздылығын көрсететін мысалдар келтіру ұсынылады.
Құндылыққа бағытталған тәсіл бойынша сабақты құрылымдауда:
-
қазақтардың әдет құқығы, қазақ халқының салт-дәстүрлері
мысалдарына ерекше назар аудару;
-
нормативтік-құқықтық актілермен жұмыстың жүйелілігіне, Жаңа
тақырыпты зерттеу аясында білім алушылар
өз дәлелдерін заңның нақты
нормаларына сілтеме жасай отырып құруына;
-
мысалдар әлеуметтік тұрғыдан пайдалы пен құқықтық реттеудің
тиімділігін көрсетуіне;
-
құқықтық
құжаттармен
жұмыста,
ауызша
және
жазбаша
тапсырмаларды орындау кезінде құқықтық терминологияны дұрыс
қолдануға;
-
заңда қарастырылған құқықтар мен міндеттерді бұзғаны үшін заңды
жауапкершіліктің болуын дәлелдейтін мысалдар келтіруге көңіл бөлу
ұсынылады.
2- кесте. «Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша құндылыққа бағытталған
тәсіл негізінде құндылықтарды қалыптастыру
Құндылық: Қазақстан тәуелсіздігі және Астана
Оқу мақсаттары
Оқытудағы іс-әрекет
«Қазақстан Республикасының
тәуелсіз
мемлекет
ретінде
жариялануының тарихи
маңызын түсіндіру»
- 1990 жылғы «Қазақ КСР-ның Мемлекеттік егемендігі
туралы Декларациясы» мен 1991 жылғы «Қазақстан
Республикасының
Мемлекеттік
Тәуелсіздік
туралы
Конституциялық заңын»
салыстырып ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтайды, тұжырым жасайды.
- «Тәуелсіздік
туралы
Конституциялық
Заңы
қабылдануының тарихи маңызы неде» атты тақырыпта
шағын эссе жазады
«Астананы жаңа Қазақстанның
өркендеуінің нышаны ретінде
бағалау»
- Түрлі
деректерді қолданып, ҚР Елордасын көшіру
себептерінің тізімін жасайды.
- Бес-алты себепті маңыздылығына қарай «пирамидаға»
орналастырады. Таңдауларын түсіндіреді
Бұл тәсіл білім алушылардың жеке құндылықтар жүйесін мақсатты
қалыптастыру, оқиғаларды тарихи талдау және түсіндіру дағдыларын дамытуға
ықпал етеді.