94
топтарды жинақтау білім алушылардың психофизикалық жағдайы мен
мүмкіндіктерін ескере отырып, дәрігердің ұсыныстары негізінде жүзеге
асырылады. Білім алушыларды параллель және сабақтас сыныптардың кіші
топтарына біріктіруге болады.
10-сыныпта зияты төмендеген білім алушыларды оқыту тереңдетілген
кәсіптік-еңбек
даярлығы
үшін
арнайы
жағдайлар
жасай
отырып
ұйымдастырылады. Мектепте оқу кәсіптік-еңбек даярлығы бойынша емтихан
тапсырумен аяқталады. Білім алушылар белгіленген тәртіппен бітіру
емтихандарынан босатылуы мүмкін. Ақыл-ойы орташа бұзылған білім
алушылардың еңбек даярлығы пәндері бойынша бітіру емтиханы
тапсырылмайды.
Есту, көру, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеуі ауыр бұзылған,
психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің түлектері
алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі аттестат алады. Негізгі
мектеп курсы үшін жалпы білім беру бағдарламаларын сәтті меңгерген білім
алушылар жалпы орта білім және кәсіп алу мақсатында кәсіптік колледждерде,
кешкі мектепте оқуын жалғастырады.
Зиятында жеңіл және орташа төмендігі бар түлектер осы санаттағы білім
алушылар үшін белгіленген үлгідегі аттестат алады. Зияты төмен білім алушылар
екінші жылға (қайта оқыту) қалдырылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: