Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


- оқу мазмұны мен əдісін жобалау құралдары;  -



Pdf көрінісі
бет102/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

- оқу мазмұны мен əдісін жобалау құралдары; 
- оқытушы иелігіндегі оқу жəне əдістемелік материалдардың 
қысқа жəне кеңейтілген сипаттама құралдары, сонымен 
қатар əрбір оқу жəне əдістемелік ресурстарды қолдануы да 
жобалаудың ішкі жүйелері;
- жаттығу сабақтары, оқудан тыс мерекелік шаралар, 
оқушылардың жеке əрекетін жоспарлау жəне диспетчеризация 
құралдары;
- əрбір оқушының оқуын бақылау жəне нəтижесін өлшеуді авто-
маттандыру құралдары;
- əрбір оқушы мен əрбір пəн бойынша дербес хабарларды еске-
руге мүмкіндік беретін жүйелер мен мəліметтер қоры;
- əрбір оқушының оқу үлгерімінің жүйесі;
- іс-қағаздарды жүргізу мен есеп беру іс-қағаздарын құрастыруды 
автоматтандыру жүйесі;


248
- оқушылармен, ата-аналармен жедел қарым-қатынасты түзетуге 
мүмкіндік беретін телекомуникациялық жүйелер, əрбір 
оқушының білімі мен нəтижесін ата-аналарының біліп отыру-
ын қарастыратын құралдар.
Оқытушы еңбегін автоматтандыру негізін құраушы Ақпараттық-
қатынастық технологиялардың құралдарын қолдану педагогтардың 
келесі əрекет түрлерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді:
- талап етілген уақыт ішінде сағат санының есебі;
- оқушылар сағат санының талабына сай сабақ жəне мерекелік 
шаралардың кестесін құру;
- оқушылардың дайындығына бағытталған əдістемелік жүйе 
аясындағы оқу материалдары мен құралдарының ізденісі;
- əрбір сабақтың дəстүрлі сынып журналы, сабаққа қатысу жур-
налы элекрондық түрге ауысуын жүргізу мен нəтижесінің 
есебі;
- сабақ тақырыбын жоспарлау, оларға оқу əдістері мен 
құралдарын қолдану;
- педагогикалық əрекет нəтижесінде оқытушылар жинаған оқу 
жəне əдістемелік материалдардағы бағыт;
- əрбір оқушы бойынша оқуды бақылау мен нəтиже өлшемі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет