Садырова М. С


Қазақстанда исламның таралуы



Pdf көрінісі
бет27/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

Қазақстанда исламның таралуы 
Зерттеу мәліметтері бойынша елімізде сұраунама алынғандардың 51% 
өздерін ислам жақтаушылары санайды Қазақстанда ислам ең көп тараған 
дін екендігі сұралғандардың 22,8% православяндық 1,4% католиктік ,0,2% 
протестантық дінге кіретінін айқындап отыр Сонымен қатар 5,2% 
сұралғандар өздерін атеиспіз деп санаса ,ал 12,6% өздерін еш дінге
кірмейтінін және дінге қатынасын көрсетпеген. 
Олардың ішінде дінге деген көзқарас әртүлі деңгейде көрінеді. Біреулер 
үшін ол мәдени не этникалық өзін-өзі бірдей санау болып саналса, біреулер 
үшін ол діни өмірге белсенді қатыспай ақ, ислам дінінің құндылықтарын 
сыйлау. Осы тұрғыдан алсақ, барлық діни жоралғыларды сақтаушылар 
шамамен алғанда, 18 пайыз, ал діни өмірге белсенді қатыспаушылар саны 
саны – 47 пайыз, діни дәстүрді сақтаушылар – 20 пайыз, діниқұндылықтарды 
сыйлаушылар – 15 пайыз. Мемлекет өзәни дінге байланысты саясатын 
қалыптастырып, дамытуда осы еркешіліктерді ескеру керек. Сонымен қатар, 
Қазақстанда исламның таралуы оңтүстік және батыс айсақтарда кең орын 
алса, солтүстік және шығыс аймақтарда діни сенімдерге салқые қанды қарау 
бар. 
Діннің мемлекетпен арақатынасында этникалық ерекшеліктерді ескеру 
керек. Қазақстанда қазақтардың 82,2 пайызы исламды мойындаса, олардың 
ішінде 1,1 пайызы буддизм мен протестанттыққа сенетінін, 4,1 пайызы 
атеист екенін ескеру керек. Орыстардың 62 пайызы православтық 
дінибағытты қолдаса, 18,8 пайызы ешқандай діни конфессияға кірмейді. Діни 
тұтастық өбектерде айқын көрінеді.
Дінге ғана табыну, құлшылық ету Б. А. Малтабаровтың айтуынша 
мемлекеттің қауыпсыздығына әсер етеді. Автордың жүргізген зерттеулерінің 
қорытындысы бойынша респонденттердің 60,9 пайызы Қырғызстандағы 
Муна шіркеуінің қызметі мемлекеттік қауыпсыздыққа қатер төндіреді десе, 
респонденттердің 14,6 пайызы қатер төдірмейді деп жауап берген. 
Қазақстанда 
да 
Иегованың 
куәлары,зікіршілер, 
будда 
секталары, 
мұсылмандық сектанттық ағымдардың да мемлекеттік қауыпсыздық 
мәселесіне әсері бар екенін ескеру керек. Әсіресе террористік әрекеттерді 
дайындаушы, сол арқылы саяси төңкеріс не азаматтық қоғамды діни қоғамға 
айналдыру сияқты әрекеттерді насихаттайтын діни топтар мен ұйымдар 


қоғамдағы тұрақтылық мәселесіне кері әсерлерін тигізуде. Сондықтан да 
Қазақстан мемлекетінде діни ұйымдардың дамуын реттеп, бақылаушы 
құзыреті бар ұйымдар Мемлекет тәуелсіздігіне, ондағы демократиялық 
процестердің дамуына кедергі келтіретін, оның негіздерін бұзу қауіпін 
тудыратын діни институттардың қызметін салмақты түрде талдау жүргізу 
керек. Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінген дағдылы қалпын сақтауда, 
бірақ ҚР-ның заңдық нормалары адамдарға ұждан бостандығын, яғни діни 
сенімдер мен іс-әрекеттер бостандығын береді. Бұр процес Бір жағынан, 
дінге сенуші адамдар санын; басқа діндерді қабылдау сияқты құбылыстарға 
алып келеді. Бұл жерде дінге сену адамдар арасындағы тұрақты, гуманизмге 
негізделген қарым-қатынасқа, саяси тұрақтылыққа алып келеді. Екінші 
жағынан, аталған процестің азаматтық қоғам құрудың негіздеріне кері әсерін 
тигізеді. Инновациялық процестерді, жақандану жағдайындағы өзгерістерді 
қабылдамау, оған қарсы әрекеттерге бару. Қазіргі кезде мынадай феномен 
айқын көрінуде: діннің саясаттануы және саясаттың дінденуі. 
Бірінші тенденция дін иелерінің, діни ұйымдардың саяси іс-ірекетке 
қатысуынан, діни негіздегі саяси партиялар мен қозғалыстардың болуынан, 
діни ұйымдардың саяси және әлеуметтік жанжалдарды шешуге қатысуынан 
көрінеді. Бұл процесс дін мен мемлекеттің өзара байланысының қазіргі 
сипатын көрсетеді. Мемлекеттің барлық ауқымды саяси шараларын өткізуге 
діни ұйымдардың басшылары қатысысып, өздерінің мемлекеттік саяси 
элитамен ынтымақтастығын, мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын 
қолдайтынын білдіреді. Қарым-қатынастың бұл бағыты елдегі ұлттық 
қауыпсыздық саясатына тиімді ықпал ететін көрініс.
Екінші тенденция өзінің көрінісін мемлекеттің діни факторды өзінің 
спаяси мақсаттарын жету үшін пайдалануынан; саясатта қоғамдағы әртүрлі 
топтардың дінге сену деңгейін, дәрежесін ескеруден, мемлекеттік 
лидердердің діни ұйымдармен ашаық қатынас жасауынан, дінше 
сенушілердің және олардың діни ұйымдарының мемлекеттегі әлеуметтік-
экономикалық және рухани міндеттегі ролін сезінуден, оқу-тәрбие 
ұйымдарында діни тәрбие беруге мүмкіндік жасаудан, діни ұйымдардың 
дінді 
насизаттауда 
мемлекеттік 
бұқаралық 
ақпарат 
құралдарын 
пайдалануынан көрінеді. Бұл жерде біз қазіргі қазақсандық қоғамда діни 
топтың әлеуметтік құрылымда белгілі бір орын алып отырғанын, діни 
идеологиянық бұқаралық сананың бір бөлігі екенін ескере отырып, жоғарыда 
аталған процестердің қоғамдағы ұлттық қауыпсыздықты ортатудағы бірден-
бір фактор екенін атап көрсетеміз. Яғни, Қазақсандағы діндердің 
ынтымақтастығы (консолидация) ұлттық қауыпсыздықтың факторы болып 
есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет