Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет26/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

1.11.
 
Діни сенімдерді зерттеудің қазіргі бағыттары
 


Зерттеуші социолог қоғамдағы діни көзқарастарды, жалпы дінді 
зерттеу үшін уақытша болса да өзінің діни наным сенімдерін ұмытып, дінге 
әлеуметтік құбылыс ретіне қарауы тиіс. Социологты діни топтардың қалай 
ұйымдасқандығы (тек өз дінін ғана емес), олардың діни нормалары мен 
құндылықтары жеке тұлғалар мен тұтас қоғам өміріндегі діннің ролі 
қызықтыруы тиіс. Оның қарастыратын мәселелері дін не үшін өмір сүруде, 
сонау заманнан бері бүгінгі күнге дейін дін қалай сақталып келетіндігі 
жайлы. Сол сияқты әсіресе діни топтардың басқа қоғамдағы адамдар өріміне 
әсері, олардың өмірлік қағидалары мен облыстық өміріне әсері қандай тағы 
басқа сұрақтарға жауап іздейді.
Американ социологы Герхарт Ленски дінді: «Оның мүшелері белгілі 
бір салт дәстүрле мен әдет-ғұрыптарды орындаушы, адамдар тағдырын 
басқаратын өмір сүруге күш беретін сенімдер жүйесі» деп көрсетті (Ленски 
1961). Ал, басқа социолог Р.А.Джонстоуының пікірінше, дін – адамдар 
тобының жоғарғы тәңірге құдщіретті деп сиынып, түсіндіруге тырысатын, іс-
әрекет жасайтын сенімдер мен белгілер жиынтығы (Джонунстоун, 1975 
С.20). 
Социологтар діннің бірнеше элементтерін бөліп алып қарастырады. 
Олар 
ең 
алдымен 
діни 
топтарды 
және 
олардың 
қоғамдағы 
айырмашылықтарын зерттеуде оларды діни қауымдастықтарға бөліп 
қарастырады: мұсылмандар, католиктер, протестанттар, иудаистер, т.б. 
ұйымдар секталар. 
Екіншіден, дін – құдіретті ұғыммен байланысты болғандықтан оның 
күнделікті өміріндегі ерекше құбылыстар мен таңғажайыптарға байланысты 
адамдардың белгісіз бір күшке сиынуы (қайғылы жағдайлардан аман қалу 
үшін, ауруынан жазылуы үшін, суды шарапқа, дәріге айналдыру т.б.). Әр 
дінде әртүрлі сиынатын құдіретті заттары немесе жерлері (адам болуы да 
мүмкін) болады. Мәселен, біздің елде сиыр күнделікті өмірде қолданылатын 
қажеттіліктердің бірі болғанымен үндістер үші ол құдіретті, ол Вишна 
құдайымен байланысты. (Сондықтан Хари УКришна сектасы мүшелеріне 
теріден жасалған аяқ киім киюге тиым салынған). 
Үшіншіден, дін – белгілі бір сенімдер жиынтығы. Бұл сенімдер адамзат 
тұлғасын, қоршаған ортаны, жоғарғы тәңір күшін құдіретті деп түсіндіреді, 
сондықтан кейбіреулерге қоңыздың маңыздылығы президентпен тең. 
Төртіншіден, дін – іс-әрекеттер мен діни ережелер жиынтығы, 
құдіретті деп санайтын затқа, жерге сиыну іс-әрекеті. Мәселен, шіркеудің 
жанынан өткен католик сиынады, мазараттың жанынан өткен мұсылман бет 
сипайды. 
Э.Дюркгейм дінит ережелерді қалыптасқан ретінде қарап,адамдар 
құдіретті заттарға сый құрмет көрсетуі тиіс деп есептеді. Мәселен, су 
құдіретті өмірде ішу үшін, шомылу үшін қолданылады, алайда, кейбір 
жағдайда суға сиынады.
ХХғ. Социологтар Роберт Беллахтың ұсынған теориясын қабылдады. 
Беллах бұрынғы және бүгінгі күнгі діндерді бес категорияға бөлді: ежелгі, 
архаикалық, тарихи, ертедегі модерлік. Беллах бұл діннің өзіндік тұрмыстық 


ерекшелігін атап көрсетті, олар өзінің дамуында барлығы белгілі кезеңнен 
өтуі міндетті емес, кейбір діндерге бірнеше кезеңге тән сипаты болуы 
мүмкін, сол сияқты қарапайым түрінен күрделі наным сенім қалыптаспайды, 
кейде қайтадан бұрыңғы даму кезеңіне оралуы немесе мүлдем дамымауы 
мүмкін. 
М.Вебер дінді адам жанын құтқарушы ретінде қарастырып, адам 
өлгеннен кейін оның жаны қандай ахуалда болады? Тозақ немес жұмақ 
дегеніміз не деген сұрақтарға жауап іздеп өзінің ойларын адам жанын сақтап 
қалу үшін не істеу керек деген мәселелерге аса назар аударады:
1. Жан өзін құтқару үшін пассивті дамуды (мистицизм) немесе өз еркін 
белсенді түрде басқаруды (аскетизм) талап ете ме? 
2. Жан өзін осы немесе өзге әлемде құтқара ала ма? (адамның өзінің 
ішкі әлемі немесе о дүниеге барғанда). 
Діни ұйымдар мен қауымдастықтар қай елде болсын тікелей 
мемлекетпен, қоғаммен тығыз байланыста, қарым-қатынаста. Іс жүзінде 
қоғамның барлық мұшесі дерлік діни ұйымдарға деген сый-құрметі 
берілгендікті, байланыстар мен қарым-қатынастарды қалыптастырады. 
Көбінесе діни орталықтар, мешіттер, шіркеулер мемлекет тарапынан 
қамқорлыққа алынған әрі мемлекеттік болып саналады.
Бәрімізге белгілі, қазіргі заманғы қоғамдық ахуалдың ерекшелігі 
бұрынғы атеистік стеротиптердің ескерілуі. Бұл тенденция жастар арасында 
өзіндік белгісін байқатты. 
Өткізілген зерттеу қорытындысы жастардың дінге деген көзқарасын 
былайша анықтады: 8.8 пайыз жастар дінге сенушілер белгілі қауымдастық 
құрамына еніп, діни салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтайды, ал 41,2 
пайыз жастар өздерінің дінге сенетіндігіне, алайда діни өмірге белсенді түрде 
қатыспайтындығын айтты. Жалпы осы жауап берген дінге сенуші жастар 
тобының жиынтығы 50 пайызды құрайды. 
Сол сияқты тіпті дінге сенбейтін жастардың ішінен де екі жақтылы 
көзқарас байқалады, олар дінге сенбейтіндігін айтқанымен салт-дәстүрлер 
мен әдет-ғұрыптарды қадағалауы діни наным-сенімге сенетіндігін 
байқатады. Санымен, 17,4 пайыз жастар өздерін дінге сенбейтіндерге 
жатқызады, алайда олар діни дәстүрді қадағалайды, ал 15 пайыз жігіттер мен 
қыздар дінге мүлдем сенбейміз, ешқандай дінге қатысымыз жоқ деушілер, 
олар дінге сенбегенімен дінді құрметтеуші, дінді ұстаушыларды 
сыйлайтындар. 
Діни наным-сенімге белсенді түрде ат салушылардың жас 
ерекешелігіне тоқталсақ, айтарлықтай ерекшеліктер байқалада. Егер де дінді 
белсенді түрде жақтаушылар қатары, 26-29 жастағы жастардың арасында 7.6 
пайыз құраса, 15-18 жастағылардың ішінде 17.6 пайыз дінге сенушілер 
байқалады. Мұнда қарап отырсақ жастардың дінге деген көзқарасы бүгінгі 
күні Кеңес Одағы кезінде тәрбиелеген жастардан гөрі анағұрлым өзгерген. 
Кеңес Одағы атеистік діни наным-сенімі бар адамдарды жексұрын немесе 
діншіл, халық жауы секілді көрсетсе, ал бүгінгі күні дінді, әдет-ғұрыптарды 
сыйлау, қадағалау кең етек жаюда. Бір жағынан алып қарағанда қазір белгілі 


бір идеологияның болашаққа жетелейтін стимудың болмауы жастар 
арасында кері қылмыстардың туындауына алып келуде деп айтуға болады. 
Қоғам мен жеке тұлға арасында қайшылықтың пайда болуы да ескі 
әлеуметтік нормалардың терістелуі мен жаңа нормалардың дүниеге келумен 
бейнеленеді. Жсондықтан жеке тұлғаның бойындағы ар-намыс, ұлт, қоғам 
алдында жауапкершіліктің болуы тәрбиеге де байланысты делінгенімен де, 
бұл тәрбиелік мәні бар діни сат-дәстүрлерді қадағалау, сенімнің болшуы 
жастарды кері ауыр қылмыстарды жасаудан шектеуі мүмкін. 
Жастар сана-сезімінде дін жеке діни жүйе ретінде емес, табиғи мәдени 
орта, өмірдің ұлттық бейнесі ретінде қалыптасқан. Біршама жастар өздерін 
дінге сенбейтіндер қатарына жатқызғанда өздерін не христиан не мұсылман 
бейнесіне жатқызбайтындығын атап өтті. Осындай өздерінің діни 
дүниетанымдық көзқарастарына қарсы шыға отырып, өздерін белгілі бір 
дінге сенушілер тобына жатқызған. Сонда 22.9 пайыз жастар өздерін 
христиан, ал 25.3 пайызы мұсыман бейнесіне жататындығын мәлімдеді. 
Жастардың басым көпшілігі дәстүрлі дінге жақын екендігі байқалады. 
Ислам дінін жақтаушылар жастар ортасында 56.3 пайыз этнодемографиялық 
көрсеткәштерге сәйкес болса, православия дінінде 21.8 пайыз жастар бар 
екендігі байқалады, ал католиктер 1.7 пайыз, ал 3 пайыз жастар 
протестанттық бағытты жақтаушылар екені анықталады. (Люмерандтар, 
баптистер, иеговистер т.б.) 
Дюркгейм діннің мынандай функцияларын бөліп көрсетеді: 
1.
Әлеуметтік тұтастық: дін адамдарды ортақ рәміздер, құндылықтар мен 
нормалар көмегімен біріктіреді.
2.
Әлеуметтік бақылак. Қоғамдағы көптеген мәдени нормалар социумда 
діни жақтауға ие болады. Дін саяси құрылымның өзін заңдастырады. 
3.
Адамзат өміріне мағына береді. Діни сенім адамдардың тұрмыс 
адамдық кейпін жоймауға көмаектеседі. 
Діншілдік дегеніміз адам өміріндегі діннің маңыздылығын көрсетеді. 
Социологтар діншілдік таптық, нәсілдік және этникалық ерекшеліктерге 
байланыстылығын көрсетеді.
Қазіргі қоғамда діннің дамуындағы өзгерістер:
1.
Секуляризация, 
яғни 
жоғары 
күшке 
деген 
сенімнің 
маңыздылығының 
төмендеуі, 
дүниені 
түсінудегі 
ғылыми 
негізделген бағыттың пайда болуы 
2.
Азаматтың діннің пайда болуы№ бұл квазидіни төзімділік, яғни 
діншілдіктің кейбіржақтарының әлсіреуі, азаматтықтың діни 
боялған сапаға ие болды. 
3.
Постконфессионалдық қоғам адамдардың қоғамда қалыптасқан 
діни ұйымдардан тыс рухани жетілуге ұмтылуын көрсетеді. 
Діннің кемшілігі: діни фундаментализм: діни доктриналардың 
консерватизмі, рационалдыққа деген оппозициялық, өмірге бейімделу, 
дәстүрлі діннің қайта жаңғыруы қалады.
Соңғы жылдары айқын көрінген діни сананың қайта өркендеуі 
/ренессансы/ діни тақыраптағы әр түрлі бағыттарға мамандардың жоғары 


қызығушылығын бөлектеді. Сонымен қатар әлеуметтанулық талдаудың 
ерекшелігі діни құндылықтарға, конфессиялардың түрті болар 
ұстанымдарына, діндарлық деңгейге және т. б халықтың пікіріне 
сүйенеді.Қазіргі кезде әлеуметтанулық мәліметтерге негізделген осындай 
объективті қадамдар исламды зерттеуге өте қажет Соңғы жылдары лаңкестік 
іс- әректтердің қауіптілігін кейбір экспертер осы әлемдік дінмен 
байлансытырады және жалпыға мәлім “ислам экстремизмі” , “мұсылмандық 
радикалдылық, “ваххабизм” сияқты қолдануға орынсыз терминдерді 
көпшілікке жария етуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет