Садырова М. С


квазитоптар деп аталады.  Әлеуметтанушылар “әлеуметтік топ”



Pdf көрінісі
бет35/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

квазитоптар
деп аталады. 
Әлеуметтанушылар “әлеуметтік топ”
 
ұғымын әр қалай анықтайды.
Р.Мертон әлеуметтік топты белгілі бір жолмен бір-бірімен қарым-
қатынаста болатын, өзінің сол топқа жататынын ұғынатын және басқа 
адамдардың көзқарасы бойынша оның мүшесі болып саналатын адамдардың 
жиынтығы ретінде анықтай отырып, оның үш айырмашылық белгісін бөліп 
көрсетеді - өзара іс-әрекет, мүшелік және сәйкестілік. Ұқсас анықтама бере 
отырып, Н.Смелзер адамның мінезін көбіне оның қандай да бір топтың 
адамы екендігімен түсіндіретінімізді айтады. С.С. Фролов әлеуметтік топты 
оның әрбір мүшесінің басқаларға қатысты белгілі бір жолмен қарым-
қатынаста болатын жеке адамдардың жиынтығы деп түсінеді. Бұл 
анықтамада жиынтықты топ деп санау үшін қажетті екі маңызды шартты 
көруге болады: 1) оның мүшелері арасындағы өзара іс-әрекеттің болуы;
2) топтың әрбір мүшесінің басқа мүшелерге қатысты әрекетерінің болуы.
Әлеуметтік топтар өзінің шамасы, саны бойынша шағын (екіден он бес 
адамға дейін) және үлкен болып бөлінеді. Шағын әлеуметтік топты ажырату 
белгілері: 1) құрам санының аздығы; 2) мүшелерінің кеңістіктегі жақындығы; 
3) өмір сүру ұзақтығы; 4) топтық құндылықтардың, нормалардың және 
мінез-құлық үлгілерінің ортақтығы; 5) топқа кірудің еріктілігі; 6) адамның 
мінез-құлқын бақылаудың бейресмилігі болып табылады. 
Шағын топтарды қандай түрлерге және типтерге бөлуге болады? Зерттеу 
мақсаттарына қарай бір емес, бірнеше тұрпаттама болуы мүмкін. Егер де 
бізді топ мүшелерінің тұлғааралық қарым-қатынастарының тереңдік 
дәрежесі қызықтыратын болса, онда топтарды 
ресми
 
және 
бейресми
 
топтарға бөлеміз. Олардың алғашқысы - мынадай негізгі ерекшеліктері 
болатын ресми ұйымдардың түрлері: 
- ол ұтымды, яғни оның негізінде орынды, белгілі мақсатқа қарай саналы 
түрде қозғалу принциптері жатыр; 
- ол принципті түрде тұлғасыз, яғни жасалған бағдарлама бойынша 
араларында жетілген қарым-қатынастар орнайтын абстрактілі жеке 
адамдарға арналып есептелген. Мұндай топты, әдетте, неғұрлым жоғары 
деңгейдегі 
әлеуметтік 
жүйе 
құрайды, 
оның 
функцияларын 
да, 
құрылымдарын да береді. Мұндай топтағы көшбасшының беделі, мәртебесі 
тек қана оның жеке басының қасиеттерімен емес, “жоғарыдан”, сырттан 
алатын лауазымымен де анықталады. 
Бейресми топқа келер болсақ, ол мүшелерінің бір-біріне тұлғалық, 
эмоционалдық икемделу қатынасының нәтижесі ретінде құрылады; ол оны 
құрайтын жеке адамдардың бастамасы бойынша аяқ астынан (өздігінен) 
жасақталады. Шағын топтардың қызметінде ұйымдардың барлық белгілері 


айқын көрініс табатын болғандықтан, бейресми топтар да ресмиден тыс 
(ресми 
топтардың 
шеңберінде 
қалыптасатын) 
және 
әлеуметтік-
психологиялық (кез келген жерде пайда болатын) болып бөлінуі мүмкін. 
Шағын топтарды бастауыш және екінші деп бөлу тұрпаттаманың 
маңызды түрі болып табылады. Мұндай бөлудің салыстырмалы екендігін 
әуел бастан ескерте кеткен жөн. Бастауыш топ - мүшелерінің өзара 
байланысулары жоғары (кейде неғұрлым жоғары) жиілігімен және 
тығыздығымен ерекшеленетін шағын топ. Бастауыш топ көбінесе басқа 
шағын топтың құрамдас бөлігі болып табылады, бұл жағдайда ол алғашқы 
топқа қатысты алғанда екінші топ болады. Егер де біз мысал ретінде 
студенттік (академиялық) топты қарастырар болсақ, онда ол бірнеше 
топтарды біріктіретін курсқа (лекке) қатысты алғанда бастауыш топ болады. 
Г.С.Антипинаның көрсеткеніндей, бастауыш шағын топтың өзіне тән 
белгілері мынадай: құрам санының аздығы, кеңістіктегі жақындық, өмір сүру 
ұзақтығы, мақсат бірлігі, топқа кіруге еріктілік және мүшелерінің мінез-
құлқына бейресми бақылау. Ч.Кули ғылыми айналымға бастауыш топ 
ұғымын енгізе отырып, оның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет