Садырова М. С


Әлеуметтік мобильділіктің түрлеріне сипаттама



Pdf көрінісі
бет59/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72
Байланысты:
annotation15100 (1)

Әлеуметтік мобильділіктің түрлеріне сипаттама
Тік мобильділік. Тік мобильділікке индивидтің бір қабаттан басқа қабатқа 
өту кезінде пайда болатын қатынастар жатады. Социологиялық 
энциклопедиялық сөздікте көрсетілгендей «тік мобильділік индивидтің 
әлеуметтік иерархия жөйесінде оның әлеуметтік статусының өзгеруін қоса 
қамтитын орын ауыстыруына байланысты мобильділіктің төрі.» 
П. Сорокин тік мобильділіктің мынадай жалпы белгілерін жасақтаған: 
1. Әлеуметтік топтар абсолютті жабық, не оларда экономикалық, саяси және 
кәсіби бағыттағы тік мобильділік болмаған қоғамды көре алмаймыз; 
2. Тік әлеуметтік мобильділік абсолютті еркін және бір әлеуметтік топтан 
екіншісіне өту ешқандай қарсылықсыз жөзеге асқан қоғам болған емес; 
3. Тік мобильділіктің жеделдігі мен жалпылығы қоғамнан қоғамға, яғни 
кеңістікте өзгереді; 
4. Тік мобильділіктің жеделдігі мен жалпылығы бір қоғамның шеңберінде 
әртөрлі тарихи кезеңде өзгеріп отырады; 
5. Тік мобильділіктің көрінуінің өш төрінде де не өдеу не төмендеу 
бағытындағы тұрақты өзгерістер жоқ. 
Тік мобильділіктің каналдарын «тік циркуляция каналдары» ретінде 
толық суреттеген де П. Сорокин болды. Оның айтуынша тік мобильділік 
барлық қоғамға, тіпті алғашқа қауымдық құрылысқа да тән болғандықтан 


страталар арасында өте алмайтындай шекаралар жоқ. Олардың арасында 
индивидтер жоғары және төмен орын ауыстыра алатындай әртөрлі 
«қуыстар», «люфтер», «мембраналар» болады. Солардың ішінде П. Сорокин 
әлеуметтік циркуляция каналдары ретінде пайдаланылатын әлеуметтік 
институттарға – армияға, шіркеуге, отбасына, меншікке ерекше көңіл бөлді. 
Армия әлеуметтік мобильділіктің каналы ретінде бейбіт жағдайда емес, 
көбіне соғыс жағдайында көрінеді. Ол кезде атағын көтерген адамдар бейбіт 
кезде де жеткен деңгейін одан әрі билікке, байлыққа жету өшін 
пайдаланады. 
Шіркеу әлеуметтік мобильділік каналы ретінде адамдардың биікке 
көтерілуіне де, сондай ақ төмен жылжуына да бірдей деңгейде әсер етеді. 
Шіркеу арқылы билікке жеткен адамдардың ішінде орта таптың да, кедей 
таптың да өкілдері, тіпті құлдар қатарынан көтерілгендер де болғанын П. 
Сорокин өз зерттеуінде көрсетеді. 
Тәрбие және білім беру институттары қандай нақты төрге ие болса да 
барлық ғасырда да әлеуметтік мобильділіктің қуатты каналы болып 
есептелді. АҚШ-та, ТМД елдерінде мектеп қоғамның барлық мөшелеріне 
қолы жете алатындай жағдайда. Бұндай қоғамдарда «әлеуметтік лифт» ең 
төменнен жылжиды, барлық қабаттардан өтеді және ең шыңына дейін 
жетеді. 
Көптеген елдерде орта және жоғары оқу орындарына төсуге конкурстың көп 
болуы білімнің тік әлеуметтік мобильділіктің тез және қол жеткізе алатын 
каналы екенін көрсетеді. 
Меншік жинаған байлық пен ақша төрінде айқын көрінеді. Тек солар 
ғана әлеуметтік жылжудың ең қарапайым және тиімді жолдарының бірі 
болып табылады. Европалық қоғамда ХУ-ХУІІІ ғасырларда ақша билік ете 
бастады. Жоғарғы жағдайға жету әлеуметтік шыққан тегіне емес, ақшаның 
барлығына, 
көлеміне 
байланысты 
болды. 
П. 
Сорокин 
кейбір 
мамандықтардың ғана байлық жинауға септік болатынын атап көрсетеді. 
Егер әртөрлі әлеуметтік топтың өкілдері бірлесіп отбасылық одақ 
құрса, отбасы мен неке тік әлеуметтік циркуляцияның каналына айналады. 
Европалық қоғамда кедей, бірақ атағы бар адамның бай адаммен некесі өте 
жиі кездеседі. Нәтижесінде екеуі де өздеріне жетпей тұрған жағдайларына ие 
болып, әлеуметтік баспалдақ бойынша өрлеу бағытындағы тік мобильділікті 
жөзеге асырады. Кейде адамның шыққан әлеуметтік тегі атадан балаға мұра 
болып қалады деген қөзқарас адамдардың әлеуметтік статусын өзгертуге 
кедергі болады. Өмірде көбінесе ата-ананың төмен статусы адамның сол 
деңгейде қалуына алып келеді. Отбасы әлеуметтік іріктеудің, әлеуметтік 
статусты және мұралықты анықтаудың негізгі механизміне айналды. Бай 
отбасыларының балаларына беретін мөмкіндіктері, әлеуметтік кепілдемелері 
өте көп. Қазіргі кезде отбасы қоғамның мөшелерін страталарға бөлудің 
институттарының біріне айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет