Ассоциации «общенациональное движение «бобек» конгресс ученых казахстана


SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет22/95
Дата20.07.2023
өлшемі2,63 Mb.
#104575
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   95
Байланысты:
11 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: 
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY"
 
ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 
22 
жаңа дидактикалық оқыту жүйесін және өнер педагогикасы бойынша тәрбие, білім беру 
жүйесін әзірлеу мәселесі туындайды. 
 
Негізгі бөлім. Кәсіптік білім беруде сәндік-қолданбалы өнер мамандары екі негізгі 
бағытта білім алады. Оның біріншісі, педагогикалық білім – тұлғаға білім беру мен 
тәрбиелеуді, оқыту заңдылықтары мен оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгеру, көркем білім – 
бейнелеу өнерінің негізгі заңдылықтары мен салалық дайындықтықты қамтиды [3]. 
Ұлттық сәндік-қолданбалы өнерді оқытуда студенттерге сапалы білім беру үшін 
оқыту ғылыми негізделген, оқытудағы дидактикалық принциптерге сай, практикалық-
педагогикалық іс-әрекет тиімді сапаға бағытталған болуы керек. Педагогикалық 
принциптер, атап айтқанда дидактикалық принциптер педагогика өзінің конструктивті-
техникалық міндетін орындағанда алатын жалпы нормативтік білімдерді ғана қамтиды. 
Бұл қалаған нәтижеге қол жеткізуге бағытталған жалпы нұсқаулар [4]. 
Әдіснамалық негіздер мен әдістер. Болашақ педагогтар дайындауда кең және тар 
мағынада әр түрлі тәжірибе жасаудан қорықпайтын, өзін-өзі әрдайым дамытып отыратын, 
идеяларға толы және шығармашылығы дамыған, проблемаларды шешуде жан-жақты 
жұмыс жасайтын мамандар дайындау маңызды [5]. Осылайша, мамандар дайындауда 
ғылыми дәлелденген оқытудың дидактикалық принциптерін және көркем шығармашылық 
педагогиканың жүйеленген оқыту бағдарламасының қажеттілігі туындайды. 
Саналылық және белсенділік принципі
.
Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы 
сіңеді. Дәстүрлі оқытуда бұл принцип білім алудың жалпылама ретімен жүргізіледі. 
Мұндай оқыту студенттердің теориялық дамуына қайшы келеді деген пікір де бар. 
Мұндай оқыту түрі ауызша абстракция түріндегі білім, ұғымдарды жалпылау және 
түсінуге бағытталған, оқу материалын ұғынуға жағдай жасайтын түрі болып саналады 
және жаратылыстану ғылыми пәндерін оқытуда көбірек қолданылады. Дәстүрлі оқыту 
процесінде кәсіптік бағдарлаумен ұштастыра отырып, оқу-танымдық қызметті белсендіру 
әдістерін енгізу көбінесе сәндік-қолданбалы өнерді оқытудың және өскелең ұрпақты 
тәрбиелеудің тиімділігіне әсер етеді, студенттерде дәстүрлі қолданбалы өнердің әр түрлері 
бойынша кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін қалыптастырады.
Беріктік принципі – сапа қалыптасып, тұлғаның жаңашыл дамуын, шығармашылық 
қызметте табысты болуын сипаттайды. Бұл принцип білім мазмұны мен танымдық 
процестерді бір-бірімен тығыз байланыстырып, оқу материалдарын тереңінен түсінуге 
мүмкіндік береді. Пән материалдарын бөліктерге бөліп, негізгісін анықтау, логикалық 
байланыстарды жүйелі түрде тексеру, пәнаралық байланыстар арқылы жүзеге асады [6]. 
Теория мен тәжірибенің байланысы.
 
Бұл принцип классикалық философияның өмір - 
тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді. Тәжірибе - жеке тұлғаның еңбек тәрбиесін 
жан-жақты қалыптастырады. Оқытудың өмірмен, тәжірибемен байланысы білім 
мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту формалары мен әдістеріне 
байланысты.
Теориялық білім - белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және 
түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы [7]. Оқытуда 
тек қана теориялық білімге сүйену қателік, әсіресе тәжірибелік білімді қажет ететін - 
қолданбалы өнерде. Жалпылама ұғымдар да білімнің қажетті құрамдас бөліктері болып 
табылады және белсенді оқыту процесінде пәнді түрлендіруге әсерін тигізеді.
Көрнекілік принципі. Оқыту сан алуан сезімді көрсететін көрнекі болуы керек. 
Көрнекілік оқу материалын әзірлеудегі иллюстрациялық құралдар ғана емес, сонымен 
қатар әртүрлі тактильді сезімдердің көмегімен қабылданатын құрал-жабдықтар арқылы да 
беріледі. Бұл жалпылама элементтерді алу үшін емес, өзгерістерді, олармен болатын даму 
үдерістерін, тұтас өзара әрекеттесулерді, пәнді, оның қасиеттері мен белгілерін жан-жақты 
игеру үшін қажет [8]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет