SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD: CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" ASTANA, KAZAKHSTAN, FEBRUARY 2023 23 Қолжетімділік принципі студенттердің интеллектуалдық, адамгершілік, эстетикалық
даму деңгейіне, зерттелетін материалдың көлемі және оқыту әдістеріне сәйкес
анықталады. Бұл принцип шартты нормаларды анықтайды және орташа деңгейдегі
студенттердің көркемдік шығармашылық дамуына мүмкіндік береді.
Қабілеті жоғары дарынды студенттердің көпшілігі басқа студенттерге қарағанда
көбірек және жылдамырақ оқитындығымен, ақпаратты жылдам қабылдауымен
ерекшеленеді. Олардың қабілеттері бейнелеу немесе орындаушылық өнерде жетістіктерге
жеңілірек жетуге мүмкіндік береді [9]. Жүсіпбек Аймауытов «Неге арналсаң, соны істе»
атты мақаласында: Кісі туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады,
басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки зеректік болады» деген
көзқарасын баяндайды. Дегенмен, жеке тұлғадағы туа біткен қабілеттер дамудың көзі
болып табылмайды, оларға мүмкіндік туғызып, жағдайлар жасау, дұрыс басшылықты
қажет етеді. Ол тәрбие мен әлеуметтік ортаға байланысты, соларға тәуелді болып келеді
[10]. Сондықтан, қолжетімділік принципі аса маңызды принциптердің бірі болып
есептеледі. Вена педагогы Франц Чижек мектебінің педагогикалық әдісі балаларға
шығармашылықта толық еркіндік беру болды. Мұнда тұлға тәрбиесінде оқулыққа да,
сыртқы әлемге де еліктемей ішкі болмысын білдіруге назар аудару ұсынылды [11].
Осылайша тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп, өз ойы мен шығармашылығын
еркін бейнелей алатын заманауи ұрпақ тәрбиелеуге болады.
В. Ф. Максимовичтің ойынша оның себептерінің бірі «төмен философиялық және
психология-педагогикалық мәдениет арасындағы сәйкессіздік пен кәсіби сәндік
қолданбалы өнердің белгілі бір саладағы шебер педагогикалық құзыреттілігі жоғары
педагогтардың жетіспеушілігі» [12]. Осыған сәйкес,
шеберлердің халықтық
шығармашылық тәжірибесі мен қолданбалы өнер суретшілерін даярлау жүйесі
арасындағы қайшылықтар, қазіргі білім беру жүйесінде ұлттық өнеріміздің
құндылықтарын сақтауға бағытталған елеулі өзгерістерді талап етеді.
Эстетикалық тәрбиенің маңыздылығы оқушылардың көркемдік білімі мен
эстетикалық тәрбиесі жалпы орта білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғыртудың негізіне
кіреді деп маңызын атап өткендей, сәндік-қолданбалы өнер жастарды көркемдік және
эстетикалық дамытудың негізгі құралдарының бірі болып табылады [13].