Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет29/30
Дата22.07.2023
өлшемі2,2 Mb.
#104632
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
Elgezek A. Bolmag An Balalyik Shak.a4

 
Қияли
 
Менің ең жақсы көретін ісім – жаздыкүнгі жаңбырдың астында жүру, одан қалды, қыста
жапалақтап жауып тұрған қарға сағаттап қарап тұру еді. Осы кезде маған аппақ қар ғарыштан
жауып жатқан күміс жұлдыз болып елестейтін. Ал мен ғарышқа жарықтың жылдамдығымен
ұшып бара жатамын. Жаңбырлы сәтте де дәл сондай күй кешуші ем. Мен көңілді бала болып
өскем жоқ, ішімдегі алапат мұңның тұтқынында жүретінмін. Елдің бәрі мені түсінбейтін. Мен
керісінше оларды…
Иә, менің қиялымдағы дүние – бөлек дүние. Ол дүниеде бәрі бар. Жердегі іске аспайтын
шаруа, ол әлемде оп-оңай іске асады. Ол әлем маған өмір сүруге кедергі келтіретін. Алайда
ол әлем – менің әлемім. Түстің өзін ел көргендей емес, өзімше көретінмін. Қазір де өзгеріп
тұрғаным шамалы.
Мен өлең жазатын болдым. Қоңыр дәптердің ішіне. Содан бері менің ауылдағы лақап
атым «Пушкин» болды.
Бір күні мен бір шатпақ-шумақ өлеңсымағымды Алматыдағы «Ұлан» балалар газетіне
жібердім. Екі айдан соң ауылға редакциядан хат келді. Қолыма алғанымда, анамнан хат алған-
дай қуанғанымды көрсеңіз! Ашсам, ішінде қып-қысқа мәтін тұр.
Айналайын, Ақберен!
Сенің өлеңдерінде сезім бар екен. Қиялың үлкен адамдардың қиялындай. Алайда, техни-
касы ақсап тұрғандықтан, біз сенің жіберген өлеңдерінді баса алмайтындығымызды хабар-
лаймыз. Өзіңді-өзің қамшылай түс, болашақта үлкен ақын болуыңа тілектеспіз.
Сұлтан Қалиев.
Көңілім су секпендей басылды. Мен өзіме серт бердім. Сұлтан ағама дәлелдеуге емес,
қазақ поэзиясын биік деңгейге шығаруға ант іштім.
Міне, сол кеудені кернеген асқақ сезіммен мен он жеті жасымда Алматыға баратын авто-
трассада тұрмын. Әнеу, әне, Баршатас жақтан мені кезінде Шұбартауға әкелген сары пазик
келе жатыр. Мен қазір соған мініп, Алматыны және әлі өзім толық көрмеген байтақ Отаным
– Қазақстанды бағындыруға аттанам!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет