19
орай, көбінесе, педагогтер аталған шартты ескермей, барлық
сертификаттарын жүктейді. Оның ішінде жекеменшік мекемелердің және
біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының тізілімінде
жоқ ұйымдардың сертификаттарын платформаға жүктейді.
Соның
салдарынан педагог тарапынан жасалған осындай әрекет әділқазылар алқасы
мүшелерінің уақыттарын алады және оны тиімді пайдалануға кедергі болады.
Сол себепті педагогтерге арналған біліктілік арттыру курстарын «Өрлеу»
БАҰО» АҚ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Педагогикалық
шеберлік орталығы», «Talap» КеАҚ т.б.
мемлекетпен аффиляцияланған
ұйымдардың курстарынан өту қажет. Өйткені аталған курстар уәкілетті
органның (бұдан әрі – ҚР Оқу-ағарту министрлігі) мақұлдауынан өтеді.
«Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу,
сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95
бұйрығында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін
педагогтердің біліктілігін
арттыру ұйымы өткізе алады. Талаптарға сәйкес келетін ұйымдар тізімін білім
саласындағы уәкілетті органның сайтынан немесе хабарласу арқылы біліп,
курсқа қатысу қажет.
Конкурсқа қатысушылар «НЗМ», «Өрлеуден» және
тізілімде бар басқа да
мекемелердің курстарының сертификаттарын жүктеуі тиіс.
Осындай дұрыс
жасалған қадамдар арқылы үміткердің көрсеткіштері нақты болады және
сарапшылардың да уақыты үнемделеді
Достарыңызбен бөлісу: