Методические рекомендации по конкурсу «лучший педагог»


«Педагогтің сараптамалық немесе жобалау қызметі»



Pdf көрінісі
бет25/121
Дата24.07.2023
өлшемі2,33 Mb.
#104735
түріКонкурс
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   121
Байланысты:
26.06 Уздик педагог сайт

«Педагогтің сараптамалық немесе жобалау қызметі»
бойынша: 
«
Тәрбие жұмысының және сабақтан тыс іс-әрекет бағыттары 
бойынша материалдар
» бөлімінде келесі сабақтан тыс іс-шаралар 
материалдары жүктеледі: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
-
TV-сабақтарды растайтын сертификаттар, бұйрықтар; 

TV-сабақтарының сілтемесі; 
-
сараптамалық не жұмыс тобына қатысқаны туралы анықтама. 
-
"Оқуға құштар мектебі" жобасы; 
-
"Дебаттық қозғалыс"; 
-
"Мектепшілік/студенттік өзін-өзі басқару" жобасы; 
-
кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша; 
-
экологиялық; 
-
еңбек; 
-
адамгершілік тәрбие материалдары; 
-
ата-аналармен өзара іс-қимыл бойынша материалдар; 
-
волонтерлік қызмет.


30 
Жоғарыда көрсетілген «Тәрбие жұмысының бағыттары» бойынша
«Волонтерлік қызмет
»
бөлімшесінде қайырымдылық іс-шаралар сілтемелері 
мен құжаттар тіркелінеді. Нақтырақ айтқанда, соңғы 3 (үш) жылда 
қайырымдылық іс-шараларына қатысу (web-ресурстарда және әлеуметтік 
желілерде) ақпаратты орналастыру қажет. 
«Үздік педагог» атағын беру конкурсының қатысушыларының арасынан
кейбір педагогтер сынып жетекшісі қызметін атқарады, ал кейбіреулері тек 
қана пән бойынша сабақ жүргізеді. Сондықтан үміткерлер арасында тәрбие 
жұмысы бойынша бірегей көзқарас қалыптастыру мақсатында тәрбие 
жұмысының бағыттары бойынша төменде ақпарат ұсынылды. Қазақстан 
Республикасында білім беруді дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған 
тұжырымдамада «Еліміздің білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы келесі 
негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: рухани-танымдық тәрбие; ұлттық 
тәрбие; отбасылық тәрбие; қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа 
тәрбиелеу, құқықтық тәрбие; еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; 
көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие; зияткерлік тәрбие, ақпараттық 
мәдениетті тәрбиелеу; дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру» - 
делінген. 
Білім алушыларды тәрбиелеу ісі жалпыадамзаттық және қазақ халқының 
ұлттық құндылықтарын ескеріліп жүзеге асырылады. Осыған орай зиялы қауым 
өкілдері мен педагогтер білім алушылардың және жастардың арасында 
түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді және оларға отбасы құндылықтары, 
Отанға деген сүйіспеншілік кеңінен насихатталып жүр.
Білім беру ұйымдарында отбасылық құндылықтарды дәріптеу және оны 
сақтаудың маңыздылығына назар аударту мақсатында жыл сайын әртүрлі 
жүйелі жобалар мен тәрбиелік іс-шаралар жүзеге асырылады. Сонымен, 
қыркүйек айының әр екінші жексенбісінде ақсақалдар кеңесі, әжелер кеңесі, 
әкелер кеңесі, аналар кеңесі, қамқоршылар кеңесі мүшелерінің қатысуымен 
Отбасы күні аталып өтеді. Отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие 
мәселелері орта білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жоспарына және 
пәндердің оқу бағдарламасы мазмұнына енгізілген. 
Ата-аналардың республикалық қоғамдық кеңесінің қызметіне қолдау 
көрсету мақсатында 2022 жылдан бастап «Отбасы – мектеп», «Мектеп өмірінен 
бір күн» ұзақ мерзімді жобалары іске асырылуда. 
Еліміздегі білім беру ұйымдарында «Ата-ана мектебі», «Әжелер мектебі», 
«Әкелер мектебі», «Аналар мектебі» бастамалары іске асырылуда. Сонымен 
қатар білім беру ұйымдарында өскелең ұрпаққа идеодологиялық тәрбие беру 
бойынша жұмыстар жүргізіледі. Өскелең ұрпаққа идеологиялық тәрбие беру 
аясында «Білім-инновация» лицей-интернаттары мен «Назарбаев Зияткерлік 
мектептері» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі –"НЗМ" ДББҰ) білім 
алушыларды тәрбиелеу және оқыту жүйесінің тәжірибесін енгізу жалғасады.
Білім беру ұйымдары білім алушыларға сыныптан тыс жұмыстарда 
экологиялық тәрбие беру үшін ақпараттық-экологиялық, әлеуметтік маңызы 
бар іс-шаралар өткізіледі: акциялар, көрмелер, мектепті және оған іргелес 
аумақты ең жақсы көгалдандыруға арналған конкурс, экологиялық бастамалар, 


31 
жергілікті тұрғындарға экологиялық білім беру. 2021 жылы Эко-фестиваль 
өткізіліп, онда қоршаған ортаның өзекті мәселелері бойынша ғылыми жобалар 
қорғалды, көркемдік нысандарды қоқыстардан қорғау бойынша семинарлар 
өткізілді, театрландырылған қойылымдар қойылды, эко-материалдарды, қайта 
өңделген материалдарды қолдану арқылы өнімдер шығару жобалар әзірленді. 
Қазіргі уақытта республикада 9 325 білім алушыны қамтитын 13 жас 
натуралист станциялары мен орталықтары жұмыс істейді, 3 789 экологиялық 
бағыттағы мектеп үйірмелерінде 67 755 білім алушы айналысады. 
Білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық 
патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымын дамыту үшін «Жасыл 
экономика», 
«Қоршаған 
ортаны 
қорғау», 
«Менің 
Отаным, 
менің 
қалам/ауылым» және басқада қоғамдық пайдалы жұмыстарға білім 
алушыларды тарту ауқымы кеңейтілуде. Білім алушылардың азаматтық 
белсенділігін дамыту оларды дебаттық қозғалыстарға, мектептік және 
студенттік өзін-өзі басқаруға, «Жас қыран», «Жас ұлан», «Жас сарбаз» сынды 
балалар-жасөспірімдер қозғалыстарына тарту арқылы қолдау көрсетіледі. 
Республикада 6 727 дебат клубы жұмыс істейді.
«Жас ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымы шеңберінде еріктілер 
қозғалысы дамып келеді. Бүгінгі таңда аталған ұйымға 3 484 139 оқушы, оның 
ішінде «Жас Қыран» ұйымына 1 158 034 бастауыш сынып оқушысы, «Жас 
Ұлан» ұйымына 1 394 707 жоғары сынып оқушысы қабылданған. Дегенмен де 
білім беру ұйымдарында «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар-жасөспірімдер 
қозғалысын дамытуды қажет етеді.
2020 жылы «Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясын 
қамтыған «Ұлы дала мұрагерлері» жобасы, «Тарих тағылымы» және «Қазақ 
мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобалары, «Қазақстанның қасиетті 
рухани құндылықтары» («Қазақстанның киелі географиясы») жобасы жүзеге 
асырылды. Білім беру ұйымдарындағы өзін-өзі басқару білім алушылардың 
көшбасшылық дағдыларын және сыни ойлауын дамытуға, өмірге жағымды 
көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететін қоғамдық өмірді ұйымдастырудың 
демократиялық тәсілдерінің бірі. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында 
мектептік және студенттік дебаттарды өткізу жұмыстары белсенді жүргізілуде. 
Дебат білім алушылардың сыни ойлау, ақпаратты іздеу және талдау, өз пікіріне 
дәлелдемелер келтіріп негіздеу, командада жұмыс істеу дағдыларын 
қалыптастырады.
2020 жылы республикада 4 405 мектептік және студенттік клубтарда 
66186 дебатқа қатысушы болса, 2022 жылы дебаттық қозғалыстар 54 758 
қатысушымен, 2 373 дебат клубтарымен толықты [13]
.
Қорытындылай келе, Конкурсқа қатысушы тәрбие жұмысы бойынша 
рухани-танымдық, отбасылық, қазақстандық патриотизм, еңбек, экологиялық, 
дене тәрбиесі және т.б. бойынша облыстық, республикалық, халықаралық 
деңгейлерде өткізілген іс-шараларды дәлелдейтін құжаттарды (сертификаттар, 
куәлік, анықтамалар т.б.) жүктеу қажет. 
Келесі кестеде тәрбие жұмысы және сабақтан тыс қызметті бағалау
критерийлері ұсынылды. 


32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет