Сабақ мақсаттарын қою бойынша мысал қарастырайық. Биология пәні. Оқу мақсаты: «8.1.5.1 - адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылымы мен қызметін сипаттау». Сабақ мақсаттары: •
Барлығы: адамның зәр шығару жүйесінің мүшелерін атайды.. •
Көпшілігі: зәр шығару мүшелерінің құрылымын біледі. •
Кейбіреулері: зәр шығару мүшелерінің құрылымы мен қызметін толық талдайды. Білім алушыларды «барлығы», «көпшілігі», «кейбіреулері» деп бөлу сабақ мақсаттарының саралануын көрсетеді, бірақ оларды оқу мақсатымен байланыстыру маңызды. Ең алдымен, әр білім алушы оқу мақсаттарына жетуі керек, себебі мақсаттар міндетті білім беру стандартымен анықталады. Мұнда оқушылардың білімі жеткілікті ескерілмеген: білім алушылар тақырыпты алдыңғы сыныптарда оқығандықтан, сабақта бірнеше оқу мақсатын жоспарлауға болады. Оқытудың мазмұнын қарапайымнан күрделіге дейін дамыту керек. Яғни, оқу-танымдық үдерісте зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылымы мен қызметтерін сипаттаудан бастап талдауға дейінгі даму ескерілуі керек. Сабақтың «Зәр шығару мүшелерінің құрылымын білу» мақсатын өлшеу қиын, себебі білімді өлшейтін әрекеттер белгіленбеген. Білім алушылардың кейбіреулері үшін тұжырымдалған мақсаттың осы сабақта қол жетімді екендігін және оны өлшеуге болатындығын көрсету үшін нақтылау қажет. Бұл жағдайда «8.1.5.1 – адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылымы мен қызметін сипаттау» оқу мақсатының күтілетін нәтижесі Блум таксономиясы бойынша ойлау дағдыларының «түсіну» деңгейіне сәйкес дағды болып табылады. Сабақ мақсаттары келесідей тұжырымдалуы мүмкін:
40
Бүгінгі таңда білім алушылардың мүмкіндіктерін сыртқы және ішкі саралауға негізделген оқыту жүйесін қолдану өзекті болып табылады. Мұндай оқыту жүйесі әрбір оқушыға қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес білім алуға мүмкіндік береді. Сабақты құрылымдауда қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсетуге болатындай, ал қабілетті оқушылардың білімін одан әрі кеңейтіп, тереңдетуге болатындай етіп жоспарлауды ескеру қажет. Саралау: •
әркімнің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес оқыту •
оқытуды түрлі топ ерекшеліктеріне қарай бейімдеу •
саралаудың оқу нәтижелерін жоспарлауға негізделуі •
қажетті дайындық деңгейін нақты ажырату (білім беру стандарты) •
оқу материалын меңгерудің жоғары деңгейін дамыту •
А, В, С деңгейлік тапсырмалары (А тобының білім алушылары алдыңғы білімді жаңа жағдайларда қолдана алады. Орындалу қадамдары көрсетілген жұмыстар ұсынылады. Вариативті тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар ұсынылады. В тобының білім алушылары стандартты тапсырмаларды орындауда өз білімдерін қолдана алады. Орындалу қадамдары көрсетілген жұмыстар ұсынылады. Вариативті тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар ұсынылады. С тобындағы білім алушылар тапсырмаларды өз бетінше орындай алмайды. Тапсырмаларды орындау үлгісі қолданылады). Деңгейлік-саралау оқыту кезінде келесілерге назар аудару ұсынылады: •
барлық білім алушыларға бірдей тапсырмалардың берілуі; •
саралау әдісі арқылы қолдаудың көрсетілуі (мысалы, егжей-тегжейлі қадамдық 3. Адамның зәр шығару жүйесінің маңыздылығы туралы дәлелдер келтіру, зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын ұсыну. Жоспарлау кезінде білім алушылардың қажеттіліктері мен жас ерекшеліктерін ескеру, білім алушылардың жаңа тақырып мәнмәтінінде бар білімдерін басшылыққа алу, білімді қалай кеңейту және тереңдету (бастапқы бар білімді одан әрі дамыту) керек екенін ойлану, барлық білім алушылардың оқу мақсатында талап етілетін деңгейге (стандартқа қол жеткізу әрекеттеріне) қол жеткізулеріне ықпал ету қажет. Білім алушылардың қабілеттері мен зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында сараланған, проблемалық- жағдаяттық оқытуды, авторлық технологияларды қолдануды ойластыру қажет . - адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылымы мен қызметін сипаттайды; - адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылымы мен қызметінің сәйкестігін анықтайды; - ағзадағы зат алмасу өнімдерінің маңыздылығын негіздейді, зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын ұсынады. Осылайша, оқу үдерісі қарапайымнан күрделіге ауысады және білім алушыларды зерттеуге тартуды қарастырады. Сабақтың мақсаттарына сәйкес тапсырмалар ұсынуға болады: 1. Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылымы мен қызметін түсіндіру. 2. Адамның зәр шығару жүйесінің мүшелері мен олардың қызметтерін топтастыратын кластер жасау.
41
нұсқамалар, үлгілер және т.б. беру арқылы). Зерттеу дағдыларын дамытудың негізгі құралы зерттеу тапсырмасы болып табылады. Зерттеу тапсырмаларында зерттеу міндеті қойылады, яғни тақырып бойынша кез-келген мәселе қарастырылады және өз бетінше әрекеттер ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім алушылардың мүмкіндіктерін сыртқы және ішкі саралауға негізделген оқыту жүйесін қолдану өзекті болып табылады. Мұндай оқыту жүйесі әрбір оқушыға қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес білім алуға мүмкіндік береді. Сабақты құрылымдауда қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсетуге болатындай, ал қабілетті оқушылардың білімін одан әрі кеңейтіп, тереңдетуге болатындай етіп жоспарлауды ескеру қажет. Саралау: •
әркімнің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес оқыту •
оқытуды түрлі топ ерекшеліктеріне қарай бейімдеу •
саралаудың оқу нәтижелерін жоспарлауға негізделуі •
қажетті дайындық деңгейін нақты ажырату (білім беру стандарты) •
оқу материалын меңгерудің жоғары деңгейін дамыту •
А, В, С деңгейлік тапсырмалары (А тобының білім алушылары алдыңғы білімді жаңа жағдайларда қолдана алады. Орындалу қадамдары көрсетілген жұмыстар ұсынылады. Вариативті тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар ұсынылады. В тобының білім алушылары стандартты тапсырмаларды орындауда өз білімдерін қолдана алады. Орындалу қадамдары көрсетілген жұмыстар ұсынылады. Вариативті тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстар ұсынылады. С тобындағы білім алушылар тапсырмаларды өз бетінше орындай алмайды. Тапсырмаларды орындау үлгісі қолданылады). Деңгейлік-саралау оқыту кезінде келесілерге назар аудару ұсынылады: •
барлық білім алушыларға бірдей тапсырмалардың берілуі; •
саралау әдісі арқылы қолдаудың көрсетілуі (мысалы, егжей-тегжейлі қадамдық нұсқамалар, үлгілер және т.б. беру арқылы). Зерттеу дағдыларын дамытудың негізгі құралы зерттеу тапсырмасы болып табылады. Зерттеу тапсырмаларында зерттеу міндеті қойылады, яғни тақырып бойынша кез-келген мәселе қарастырылады және өз бетінше әрекеттер ұйымдастырылады. Мысалы. «Фотосинтез» тақырыбында шағын зерттеу жүргізуге арналған тапсырма: Мәселе: Өсімдіктің өсуі мен салмағының артуы неге байланысты? Білім алушыға зерттеуге тапсырма беріледі: 1 кг топыраққа тал бұтасын отырғызыңыз. Бұтаны алдын ала өлшеңіз. Оны минералды заттары жоқ сумен суарыңыз. Екі аптадан кейін оның өркендері мен топырақтың салмағы қалай өзгереді. Неліктен бұлай болды? Сабақта білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамыту кезінде неге назар аудару керек: •
оқу үдерісі іс-әрекет сипатында болуы керек; •
оқу үдерісі өз бетінше дамуға бағытталған; •
әрекет нәтижелері үшін жауапкершілікке бағдарлану; •
мақсат қою және оған қол жеткізу үшін жағдай жасау; •
тиімді топтық жұмысты ұйымдастыру; •
зерттеу әрекетінің кезеңдерін ұстану (зерттеу әрекетіне қызығушылық тудыру, мәселені анықтау, әрекеттің мақсатын түсіну (білім алушыны сұрақтар арқылы өзін-өзі анықтауға жетелеу), жүзеге асыру негізінде тұжырымдамаларды еске түсіру (талдау), орындау ережелерін сақтау, қадамдық алгоритмдерді (зерттеу жоспарын) құрастыру [15].