34
Бұл
бөлімшеде
конкурстың
екінші
және
үшінші
кезеңдері
қарастырылады.
"Үздік педагог" атағын беру конкурсының II кезеңін өткізу тәртібі
"Үздік педагог" атағын беру конкурсының II кезеңі келесі тәртіппен
өткізіледі:
-
Конкурстың
I кезеңінің нәтижелері бойынша жеңімпаздар II кезеңге
қатысуға жіберіледі;
-
Конкурстың ІІ кезеңін өткізу туралы
хабарландыруды облыстың
және республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Білім басқармасы
(бұдан әрі – Білім басқармасы) Министрліктің ақпараттық жүйесінде
Конкурстың ІІ кезеңін өткізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз)
күн бұрын орналастырады;
-
Конкурстың ІІ кезеңі педагогтерінің құжаттарын (материалдарын)
бағалау үшін облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана
деңгейінде Өңірлік комиссия құрылады,
оның құрамы облыстың және
республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ астананың Білім
басқармаларының бұйрығымен бекітіледі (бұдан әрі – II кезеңнің Өңірлік
комиссиясы).
Өңірлік комиссия аудандық, қалалық (облыстық, республикалық маңызы
бар қалалар)
Бөлімнің қызметкерлері, педагог-шеберлер, педагог-
зерттеушілер,
педагогикалық
шеберлік
кәсіби
конкурстарының
жеңімпаздары, әдістемелік қызметтер, білім
беру саласындағы ғылыми
және талдамалық ұйымдардың қызметкерлері (сарапшылары), сондай-ақ
білім беру саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың,
бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
Өңірлік комиссияның төрағасы мен төраға орынбасары Өңірлік
комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.
Өңірлік комиссияның
хатшысы кадр қызметiнiң өкiлi болып табылады және ауданның,
қаланың (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың) бiлiм берудi
басқару органының актiсiмен тағайындалады, Өңірлік комиссияның
хатшысы оның мүшесi болып табылмайды
және шешiмдер қабылдау
кезiнде дауыс беруге құқығы жоқ.
Өңірлік комиссия мүшелерінің саны кемінде тоғыз адамды құрайды.
Өңірлік комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен
екісі болған кезде заңды деп есептеледі.
35
II кезеңнің Өңірлік комиссиясының қызметі
ІІ кезеңнің Өңірлік комиссиясы шешімінің қорытындысы бойынша ең көп
балл жинаған 10-ға дейін Конкурсқа қатысушы Конкурстың ІІ кезеңінің
жеңімпаздары болады.
Конкурстың ІІ кезеңінің жеңімпаздарына облыстың,
республикалық
маңызы бар қалалардың және астананың "Үздік педагогі" атағы беріліп, куәлік
тапсырылады.
Конкурстың ІІ кезеңінің қорытындылары Конкурс аяқталғаннан кейін
күнтізбелік он күннен кешіктірілмей облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың және астананың аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат
құралдарында жарияланады, сондай-ақ Министрліктің ақпараттық жүйесіне
орналастырылады
.
Достарыңызбен бөлісу: