45
Эссе кіріспеден, автордың көзқарасы дәйектелетін абзацтардан (Негізгі бөлім)
және жалпы ой түйінделетін қорытындыдан тұрады.
Кіріспе
Бұл бөлімде тақырыптың негізгі идеясы немесе автордың ойы бұдан
әрі қалай өрбитіні көрсетіледі. Кіріспе бөлімде мәселенің
тұжырымдамасы және оның маңыздылығы, риторикалық сұрақ, дәйексөз
т.б. болуы мүмкін. Кіріспе бөлімінің мазмұнын мынандай бағытта өрбіту
ұсынылады:
➢
тақырып және эссенің мақсатын ашу;
➢
оқырманды қызықтыру;
➢
автордың тақырыпқа қатысты ұстанымын жазу;
➢
автор өз ұстанымын қалай дәйектейтінін баяндау.
Негізгі бөлім
Бұл тарау көп жағдайда екі немесе одан да көп абзацтан тұрады.
Негізгі бөлімде автордың ойы тезис арқылы ұсынылады, әр тезис
дәлелдермен расталады. Әр абзацта бір тезис қарастырылады,
автордың ойы дәлелдермен (факт, статистика) бекітіледі. Әдетте,
негізгі бөлімдегі абзац бірнеше тармақшалардан тұрады:
➢
тезис (дәлелді пікір);
➢
дәлелдеу (тезисті дәлелдеу үшін пайдаланылатын дереккөздер,
фактілер);
➢
тұжырым (негізгі мәселеге ішінара жауап).
Абзацтың бірінші сөйлемі автордың көзқарасын, ойын білдіретін
тезистен басталады. Келесі сөйлемдерде сол пікірді негіздейтін дәлелдер
(аргументтер) келтіріледі. Дәлелдер оқырманды қандай да бір
көзқарастың шынайылығына сендіруге бағытталған фактілерді
қамтиды. Бұл жағдайда статистика, өмір мысалдары, әр түрлі
зерттеулердің нәтижелері, ғалымдардың пікірлері, құбылыстар мен
оқиғалардың салдарлары, т.б. қарастырылады. Автордың жеке ойы,
жалаң фактілер дәлел ретінде қарастырылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: