210
Қызыл жебе
Сот үйінің
алдына келіп тоқтағанда, секіріп-секіріп жерге
түскен қос айдауыл Рысқұлды демеп жібермекші еді, тұтқын
олардың қолын жасқап, өзі қарғыды.
Теңселіп барып, бойын
жиып алды. Үйдің алды жапырағы алақандай емен, сырғасы
салбыраған қайың екен. Рысқұл соларға сұқтана қарап біраз
тұрды.
– Оу, арысым, Рысқұлым! – деген жарықшақ үнге жалт қараса
өзіне қос қолын жайып, көзінен жасы домалап, Ахат атасы келеді
екен.
– Бармысың, бауырым, сені де көретін күн
болады екен-
ау, – деп құшағын жайып құлай беріп еді алдын айдауыл кес-
кестеді. Қаусаған кәрі көкірегіне мылтық тіреліп тұрып, Ахат
уақыттың аздығын сезді, енді қайтып Рысқұлдың кескінін көре
алмайтындай асыға сөйледі.
– Түрмеге талай бардым. Жолықтырмады, Рысқұл, кешір,
айналайын. Тұрарды да сағындым. Елің тозды. Омар бастаған екі-
үш ағайының елге көшті. Қорған, Шыныбек, Үсіп бауырларың
сәлем айтты. Оларды болыс ауылы босатпай,
құлдыққа салып
қойды. Өзіңнен рұқсат болса, қаңғыған басымыз жолда бір жерде
қалмаса, елге қарай жылжысақ дейміз. Ізбайша мен Түйметайды
ала кетерміз. Молдабекті де ұстап қалмақшы еді, ол қашып кетті.
Қайда кеткенін білмейміз.
Айдауылдар тұтқынды асықтырды. Сот басталатын мезгіл
таянды.
– Рақмет, Аха! Екі дүниеде ризамын. Мені итжеккенге
айдайтын түрі бар. Алай-бұлай заман болса, Тұрарға көзіңнің
қырын сал. Ізбайша мен Түйметайға сәлем айт.
Ағайынға
дұғай сәлем. Мені кешіре көрсін. Құдай тірі көрісуге жазсын.
Тірі болсам, босануға тырысармын. Көп уайымдап, ұнжырғаң
түспесін, түге! Аңырай берме, ағайын!
Айдауыл тұтқынды арқасынан итермеледі. Сот үйіне кірер
жерде тас баспалдақ бар еді. Бір тұтам кісеннен адымы ашылмаған
адам шыға алар емес. Рысқұл ерегіскенде
бірінші тепкішекке
қосаяқтап секіріп шығып артына бұрылды.
– Бұрылма, жүр! – деп зекіген айдауылға Рысқұл қанжардай
көзбен жарқ еткізіп қарап:
211
Қызыл жебе
– Миың бар ма басыңда, мынамен қайтіп жүрем, тегіс жер
емес! – деп ақырып жіберді.
Жүйелі сөзге айдауыл да амалы құрып ештеңе дей алмай
қалды. Соны пайдаланып, Рысқұл Ахат ағасына:
– Менен тым күдеріңді үзбе, туысқан. Мен әлі су түбіне кеткен
жоқпын. Елге бір жетсең, ата-бабаның басына барып құран оқы.
Ақсу-Жабағылының бір тал адыраспанын түтет. Қорлықта өлген
Бердіқұлдың бейітіне шырағдан жақ. Інің Рысқұл өмір бойы сенің
кегіңді жоқтап кетті де! Тірі жүрсем, Дауылбай Саймасайдың
артынан кетер.
Бұл кезде бір айдауыл Рысқұлға мылтық кезеніп, бір айдауыл
аяғындағы кісеннің құлпын ашып жатты.
–
Осыдан елге тірі оралсам, Дауылбай болыстың ажалы
менен, аға. Ал, хош...
Айдауыл Рысқұлдың жағасынан тартып қалғанда, түрме
кигізген ала бешпеттің бір түймесі бырт үзіліп, баспалдаққа
түсіп дөңгелеп барып, Ахаттың кебісті аяғының астына сүрініп
тоқтады. Ахат еңкейіп, түймені алып, тәберіктеп көзін сүртті. Ақ
орамалға түйіп, қойнына тығып жіберді.
XII
– Тұрыңдар! Сот келеді! – деп біреу саңқ ете қалды. Залда
жамырап көтерілетін қарақұрым халық жоқ. Сол жақта отырған
прокурор, оң жақта отырған әрі адвокат,
әрі тілмаш Боташ
Шоқұлы. Қоршау ағаштың ішінде Рысқұл, оның екі жағында екі
қарауыл. Залдағы куәгерлер – Саймасай Нүкетайды албаннан
алып келе жатқанда жанына ерген нөкерлер, ауыл қазақтары.
Бәрі де бас киімдерін алды. Рысқұл ескі киіз қалпағын басынан
алмады. Қасындағы қарауыл киіз қалпақты жұлып тастап еді,
Рысқұл шап беріп, қайтадан баса киіп алды.
Киіз қалпақтан
айырылса, киесінен, туған жердің кіндігінен айырылатындай.
Тор-столға пенснелі қасқабас, семіз судья және оның
жолдастары келіп отырды. Жұрт орнына отырғанда, судья тұрып,
пенснесін мұрнының үстіне қадай түсіп, бір парақ қағазды оқыды.
– Азаматтар, бүгін біз Шығыс-Талғар болысының управителі
Үшкемпіров Саймасайды атып
өлтірді деген айып тағылған
киргиз Жылқайдаров Рысқұлдың ісін қараймыз...