Сборник материалов международной научно-практической конференции


References  1. PhD work of article



Pdf көрінісі
бет11/74
Дата06.08.2023
өлшемі1,78 Mb.
#105074
түріСборник
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020

References 
1.
PhD work of article
 
‘s
 
translation 
«
Болашақ педагогтардың басқарушылық 
құзыреттілігін қалыптастыру» D.K Sadirbekova 
2.
Article of Nancy Barile, «Award-Winning Teacher» 
3.
«Teachers’ Competencies» Kiymet Selvi 
4.
www.google.kz 
БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ – БҮГІНГІ ЗАМАННЫҢ ТАЛАБЫ 
Базарбаева Шолпан Жексенқызы 
О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриялды техникалық колледжі 
 
Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. 
Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын 
жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын 
қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.Әрбір мемлекеттің алдына қойған мақсаты мен 
мұраты тарих сахнасынан өзіндік орнын ала отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылу 
болса, сол экономикасы жақсы дамыған елдердің басты жетістіктері олардың қазба 
байлықтарының көптігі немесе жер көлемінің үлкендігінде емес, сондағы байлықты өз орнымен 
игере білуінде. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін ел ертеңі бүгінгі жас ұрпаққа сапалы 
білім мен саналы тәрбие беруге бүкілхалықтық дәрежеде мән беру-қазіргі таңдағы үлкен 
мәселе.Ұлы Абайдың «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның 
замандастарының бәрі кінәлі» деген әйгілі сөзін еске алсақ, қазір құдайға шүкір, еліміз еңсе 
көтеріп, әлемдік өркениет пен ұлттық рухани құндылықтарымызға бет бұра бастадық. 
Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор 
педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені 
көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі 
қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді талдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі 
жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де 
педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді. Осы бағытта 
мұғалімдердің инновациялық білім прогресіне бет бұруы көзделуде.[1]. 
Ақпараттық кеңістікті кеңейтіп, әлемдік қоғамдастыққа мүше болу жағдайында білім беру 
саласында елдің саяси-экономикалық даму деңгейінің критерийлері ретінде адами ресурстарды 
қалыптастырудағы рөлі артып отырған кезеңде білім беру жүйесін жаңа талаптарға 
бағдарлаудың маңызы зор болып табылады. 


20 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті 
- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде 
жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті 
жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім 
беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп білім 
беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген. Аталған міндетттерді жүзеге асыру 
үшін оқытудың заманауи технологияларын енгізу арқылы және оларды тиімді пайдалану 
секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің 
білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін 
дамытуды қамтамасыз етуді көздейді. 
Қазақстанда білім беруді жаңғырту - бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа 
технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, 
заманауи білім беру, түрлі жаңа технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті 
арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Еліміздегі білім беру жүйесін жетілдірудің басты 
мақсаты - еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
- оқу процесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу; 
- «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін қазақстандық 
білім беру жүйесіне тарату; 
- педагогикалық кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру; 
- педагогикалық базалық білім беру стандарттарын, мектеп мұғалімдері мен колледж, жоғары 
оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыру талаптарын жаңарту; 
- мектепке дейінгі тәрбиенің жаңа сапасына көшу. Қазіргі кезде әлемде мектепке дейінгі тәрбие 
мектепке дейінгі білім беруге ауысуда. Балаларды ерте жастан оқытуға көшу жүзеге асуда; 
- кадрлар даярлауды экономика қажеттілігіне сәйкес келтіру; 
- білім беру саласына әлемнің үздік жетістіктерін енгізу; 
- Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін дамыту 
Білім беруді жаңарту оқушылардың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап 
айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін қалыптастырады. Сондықтан 
Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың 
ұлттық жоспары әзірленіп, бекітілді. Қазіргі заман талабы - көптілді оқыту және көптілді 
меңгерген маман дайындау. Бұл бағыт бойынша да жұмыстар басталып, жүргізілуде. Қазақ тілі 
- ұлтымыздың рухы, рухани байлығы. Тіліміздің дамуы, қоғамдағы орнын нығайту және 
қалпына келтіру жолында білім саласының жауапкершілігі ерекше [2]. 
Қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру үдерісінде дамыған елдер стандартына 
деген ұмтылысты қажет етеді. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, әрине, бәсекеге қабілеттілік 
ұғымымен байланысты. Қажеттілік, қабілет, мүмкіндіктен туындайтын нәтиже даму мен 
ұмтылыс арқылы жүзеге асады. 
Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа әлемдік ғылыми прогресс деңгейіне сәйкес білім беру, 
тәрбиелеу, олардың рухани байлығы мен мәдениетін дамыту, жетілдіру – адамзат қоғамының 
маңызды міндеті болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыруда білім берудің екі аспектісі 
рухани-адамгершілік біліммен қатар интеллектуалды білімді құстың қос қанатындай 
оқушыларға білім беру негізінде олардың қабілеттерін дамытуға жағдай жасау өзекті болып 
саналады. 
Тұлғаның бойындағы барлық интеллектуалды қабілеттерін жан-жақты дамыту үшін оған 
әсер ететін факторларды білу керек. Интеллектуалдық қабілетті дамытудың маңызды 
факторларының бірі – білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар. 
Жаңа білім ортасы білім берудің жаңа мазмұнынан, оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың 
жаңа технологиялары мен теориялық ойлауға қабілетті және өз бетінше жетілуге ұмтылған 
шығармашылық зерттеу қызметіне дайын оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін 
дамытуға бағытталған оқу-тәрбиелік үдерісін ұйымдастырудың жаңа формаларынан тұрады. 
Осы салада басты рөлді тек қана оқу үдерісі емес, сонымен қатар заманауи жабдықтармен 


21 
жабдықталған білім беру ұйымдарының жүйесі мен ақпараттық-коммуникациялық 
құралдардың қолданылуы маңызды.
Біліктілік арттыру - «Өмір бойы білім алу» идеясының негізгі тетігі, тиімді жүйесі. 
Адамның өмір бойы білім алуы міндетті түрде институт тамамдап, диплом алу емес, өмір 
бойында біліктілік арттыру арқылы өзін-өзі жетілдіріп отыруы, тұлғалық қажеттіліктеріне 
сәйкес білім алуы. Бүгінгі күні біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан біліктілік арттыру 
аса өзекті. Себебі бұл маманның негізгі жұмысынан қол үзбей-ақ білімін жетілдіруіне 
мүмкіндік береді. Қашықтықтан оқытуды кеңінен алып қарастыратын болсақ, оның негізінде 
ХХІ ғасырдың жаңа парадигмасы, басымдығы ретінде танылған Smart education жатыр. 
Smart education - бұл ортақ стандарт, келісім мен технология негізінде Интернет 
желісіндегі бірлескен білім берушілік әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған оқу 
мекемелері мен профессорлық-оқытушылық құрамының бірлестігі. Яғни бұл контентті бірлесіп 
құру және пайдалану, бірлесіп оқыту деген сөз. Сондай-ақ, Smart education, немесе «жетелі 
оқыту», - бұл барлық әлемнің контентінің көмегімен еркін кіруге болатын интерактивті білім 
ортасындағы икемді оқыту. Smart education ұғымының мәні - білімнің кең көлемді 
қолжетімділігі. Өз кезегінде, «жетелі оқытудың» мақсаты - білім беру процесін электронды 
ортаға көшіру арқылы оқыту процесін тиімді ету. Мұндай тұрғы оқытушының білімін көшіріп 
алып, әрбір адамға қол жетімді етеді. Оқыту әр жерде және үнемі қол жетімді болады. Кітаптық 
контенттен белсенді контентке көшу «жетелі электронды оқытуға» көшудің тағы бір жағдайы 
болып табылады. Білімді электронды түрде берудің нәтижелілігі артады
Көптеген дамыған елдерде стандарт болып табылатын Smart Education-ның негізгі 
идеясы қандай екен? Негізі «Кешегі күні» оқушы үшін жалғыз білім көзі болып мұғалім 
табылды, сонымен бірге оқушы өз білімін толықтыру үшін кітапханаға, яғни дәл сол мұғалім 
кеңес берген кітапқа жүгінді. «Бүгін» білім тек оқытушы мен оқушыға ғана емес, оқушылар 
арасында өзара беріледі. Бұл білімнің жаңа деңгейі болып табылады. Сонымен қатар қазіргі 
таңда әр түрлі ақпараттық коммуникациялық технологиялар қолданысқа енгендіктен, оқытушы 
оқушыға білім беру үшін әр түрлі мультимедиалық құралдарды қолданады. 
Ал «ертеңгі күні» Интернет оқушы үшін ең басты білім көзіне айналады. Оқыту процесі 
білім объектілерінің кез келген бағытта оқытушыдан оқушыға, оқушыдан оқытушыға немесе 
оқушыдан оқушыға жылжуы болып табылады. 
Smart Education оқытушылардың контенттермен алмасуына мүмкіндік беретін 
әлеуметтік желілер мен интернет-қоғамдастықтардың дамуын талап етеді. 
Web-технологиялар қарқынды түрде дамып келе жатырған қазіргі кезеңде кітапқа 
бағытталған дәстүрлі білім беру жүйесіне қарағанда Интернет ресурстарында орналасқан 
ақпараттан мол білім аламыз. Ал Smart Education білімді синхронды түрде жеткізеді, яғни 
сайтта жарияланған ақпаратты оқу материалына айналдырады. 
Smart Education - бүкіл әлемнің оқытушыларының, оқушылардың және олардың 
білімдерінің бірігуі, яғни білім беру жүйесінің дамуының жаңа стратегиясы. Олай болса, еліміз 
Қазақстанның интеллектуалды дамуының кілті осыда деп ойлаймын. 
«Smart» ағылшын тілінен аударғанда «ақылды» деген мағынаны білдіреді. Ал 
технологиялық сипатта да осы мағынада жұмсалады. Яғни, ақылды технология, ақылды 
техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы құрылғыларды атайды. Ал 
педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі электронды оқыту, 
мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту деген мағынада жұмсалады. 
«Smart» жүйесі педагогтар қызметінде ең тиімдісі. Себебі бүгінгі жаһандану заманында 
күнділікті келіп жатқан ақпараттар легі ішінен ең қажеттісін сұрыптай алуға, өзіне қолдануға, 
нақты орындалатын, шынайысын таңдайды. 
ХХІ ғасыр - технологиялар ғасыры. Мобильдік құрылғылар, Интернет желілері өмір сүрудің 
қарапайым күнделікті дағдысына айналып, ақпараттық технология адам өмірінің маңызды 
бөлшегі болып кірігіп кетті. Сандық қоғам, сандық орта қалыптасты. Дамыған мемлекеттер 
технологияларды адам игілігіне пайдалану мүмкіндіктерін мейлінше арттырып жатыр. 
Интернет желілері адамның әр түрлі бағытта дамуына мол мүмкіндік береді. Адам үйде 


22 
отырып- ақ, кәсіпкерлікпен де, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де, шығармашылықпен де 
айналыса алады. Әлеуметтік желілер арқылы адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге 
асыруына жол ашылды. Ақпараттық қоғамда адамның өзіндік ойлауы, әрекетке 
шығармашылық тұрғыдан қарап, ыңғайлы жол таба білуі маңызды болып табылады. Соның 
нәтижесінде интеллектуалды экономика қалыптасып, технологияның қарқынды дамуына 
мүмкіндік туады. 
Бұл өзгерістер алдымен, білім саласына тікелей байланысты. Соған орай білім берудің 
жаңа философиясы қалыптасып, модернизация қарқынды жүріп келеді. Білім беру саласында 
дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту smart оқытуға ауысты. Орта білім 
беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру 
жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет — сол 
алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін smart оқыту ортасын дамыту. 
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру 
кеңістігіне енуге бағыт алуда. Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам 
қажеттілігіне сай болып жатса – бұл ұстаздар еңбегі. «Мұғалім – мектептің жүрегі» демекші, 
оқушыға білім нәрін себуші жүректің қызметі сапалы болса, жемісі де шырынды болмақ. 
Қазіргі заман талабына келсек, ұстаз алдында тұрған жүк ауыр десек те болады Әрбір 
мұғалімнің алдында тұрған міндет – сабақтың сапасын көтеру, түрін жетілдіру, ақпараттық 
технологияларды пайдалану, оқушының өз бетінше ізденуін қалыптастыру, жан-жақты 
дамыған, бәсекеге қабілетті, құзыретті жеке тұлға тәрбиелеу. Күнделікті өмір тынысымен бірге 
тіршілік етіп, ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар үшін заман ағымына қарай оқыту басты 
мақсат. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім 
іздейтін және сол алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын жеке тұлға. Сондықтан
мұғалімдердің келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде инновациялық іс-
әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі болып 
табылады. Біз алдымызға оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыратын «жаңа тұрпатты» 
сабақ қандай болмақ? – деген сұрақты қоямызда және соның аясында үнемі жұмыс жасаймыз.
Сабақ – оқушы мен мұғалім арасындағы білім алуға негізделген үрдіс. Мұғалімді оқушыға тек 
қана білім беру ғана емес, сонымен қатар, әрбір оқушының бойында шығармашылық 
қабілеттерін дамыту жолдары туралы ізденістер толғандыруы қажет. Сондықтан рольдік 
ойындар, талдау, проблемалық мәселелерді шешу жаңа форматты сабақтың негізгі құрамдас 
бөлігі болып табылады. Осы мақсатты алға қойып, мұғалім өз тәжірибесіне оқытуды жаңаша 
ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабақты 
түрлендіріп өткізу күнделікті дағды болып қалыптасу керек. Бұл әдістер оқушылардың 
шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, 
жүйелі білім алуға жетелейді. Білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен 
қалыптастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ 
мерзімде сақталатындығы белгілі. Қайталау мен жаттауға негізделген білім (репродуктивтік) 
тек есте сақтау дәрежесінде болса, құрастырылған білім (конструктивтік) білім үйренушіден 
түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және бағалау сияқты 
белсенді әрекеттерді талап етеді. Сондықтан, пәндерді жекелей бермей, мазмұны жағынан ұқсас 
пәндерді біріктіре беруді тәжірибеге енгізген жөн, нәтижесінде оқушы алып жатқан білімін 
қайда қолданатынын ұғынып, оқуға деген ынта-жігері артады. Бүгінгі күні еліміздің білім беру 
жүйесіндегі негізгі тұлға педагог болғандықтан, оқытудың жаңа деңгейіне көшуге байланысты 
сапалы білім беру міндеті мұғалімге жүктеледі. [3] 
Ұсынысым мұғаліммен жұмысты талқылау, талдау және шешімдерді алдын-ала 
қарастыру барысында оқушылардың өздерінің оқу процесін жеткілікті деңгейде түсінулеріне, 
сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек көрсету. Әр сабақта әдістерді 
түрлендіру арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың функционалдық 
сауаттылығы туралы алған білімі мен біліктерін өмірде қолдана алуға дағдыландыру. Егер 
бізде қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, 


23 
жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана 
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады.
Мұғалім сабаққа кіргеннен бастап оқушы назарын өзіне аудара алуы қажет, яғни ол үшін 
ұйымдастыру бөліміне аса назар аудару керек. 
Ұстаз бола отырып, менде өз тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын іздеструдемін. 
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя 
алады», - деген сөз ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Сондықтан мен оқытудың 
жаңа әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруды және жаңа технологияларды меңгеруді өзіме 
талап етемін. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін әр сабақта әдістерді 
түрлендіріп қолданамын.
Қорытындылай кететін болсам, Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің 
күн тәртібінде тұрған мәселе – нәтижелі білім беру, білім сапасын арттыру және рухани дүниесі 
бай жан – жақты дамыған тұлға тәрбиелеу, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді 
ақпараттандыру. Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық 
қабілеттерін дамыту білім берудің ең жоғарғы мақсаттарының бірі болып отыр. Ел басымыз 
білім беру мазмазмұнын жаңартудың, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы мен «Рухани жаңғыру – 
болашаққа көзқарас» бағыттарының оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда 
тиімді оқу мен оқытудың маңыздылығына баса назар аударды. Функционалды сауатты адам 
қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ахуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет 
етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық 
технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда 
функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада 
өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және 
пәндік құзіреттіліктерді меңгерген адам болып табылады. Жаратылыстану білімі ерекше және 
өзекті маңызға ие, ол оқушылардың бойында табиғат құбылыстары мен заңдылықтары туралы 
ұғым қалыптастырады, табиғатты танудың ғылыми әдістерін ашады, оқушылардың табиғат 
әлемімен қатар өзгермелі әлемде өз орнын табуларына жағдай жасауға бағытталған және 
олардың дүниетанымдық, мәдениетті тану және тәжірибеге бағытталған сипатын, 
интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, функционалдық сауаттылықтарын дамыту 
негізінде сыни ойлау қабілеттерін дамытады, құндылықты және тұлғалық сапалар жүйесін 
тәрбиелейді. 
Оқушы 
тұлғасының 
функционалдық 
сауаттылығын 
қалыптастыру 
«Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет