Қорытынды: Herptsviridae тұқымдас вирустармен тудырылатын, контактілі, аэрогенды және жыныс қатынас арқылы жұғатын, көбінесе тері мен шырышты қабаттарын зақымдап, латентты, локальды және генерализденген клиникалық түрлерінде өтетін кең жайылған антропонозды жұқпалы ауру. Қазіргі күнде анықталған герпесвирустардың саны 80-нен астам, оның ішінде 8-і адам организмінен бөлінген, қалғандары әр түрлі жануарлардан. Адамдардың инфекциялану көрсеткіші 80-90%-ке дейін жетеді. Көбінде-латентты түрінде өтеді.