6
•Мемлекеттің құрылуы мен ыдырауын баяндау.
•Мәдениеті мен шаруашылығын баяндау.
Зерттеу нысаны:
талдау.
Зерттеу жұмысының деректер қоры:
Қимақтар туралы кӛптеген деректер
кездеседі.Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер IX ғ.аяғы мен X
ғ.басында араб тілдеріндегі тарихи географиялық шығармаларда
кездеседі.»Түркістан мен түріктер, деп жазады әл-Якуби,-бірнеше халықтар
мен мемлекетке бӛлінеді,соның ішінде қарлұқтар,тоғыз оғыздар,қимақтар
және оғыздар бар.Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бір-бірімен
соғысып тұрады.».Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың
патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды.Ол
жабғу атағынан екі дәреже жоғары.Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық
құрылымда болды.Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір)
биледі.Ел билеушілері бір жағынан әскери кӛсемдер болды да,хаканнан
тиісінше үлес алды.Әрбір иеліктер хаканға белгілі кӛлемде әскер беріп
тұрды.
Ибн әл-Факихте (X ғ ) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар,ол
барлық
түріктердің ең күштілері-оғыздардың,тоғыз-ғұздардың және қимақтардың
патшалары бар деп жазады.Ал классикалық араб географтары әл-Истахри
мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары ӛз
мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді» деп хабарлайды.Қимақ билеуші едәуір
құдіретті болған.IX ғ.аяғы-X ғ.басында Қимақ қағанаты қалыптасқан
уақыттан бастап,олардың патшасы түріктердің ең
жоғары атағымен қаған
(хакан) деп атала бастады.»Қаған-түріктердің ең басты патшасы.Қаған-
хандардың ханы,яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың
басшысы»-дейді Х ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми.Қаған атағы
ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған. Әл-Идрисидің (ХІІ ғ.) дерегіне
қарағанда,олардың ӛзендер мен кӛлдер жағасына,таулы
аудандарында,пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы
болғаны келтіріледі.Олардың кӛпшілігі сауда жолдарында орналасқан.Әл-
Идриси қимақтар хаканының Ертіс ӛзенінің жағасындағы астанасы мықты
қорғанмен қоршалғанын жазады.IX-XI ғасырларда қимақтар арасында ежелгі
түрік діни-нанымының қалдықтары ӛріс алды,онда
тәңірі мен аруаққа
сенушілік басым болды.
Қимақ тайпаларының шығу тегіне қатысты бірнеше деректер тобы
бар.Бірінші араб-парсы деректері,екінші түркі деректері,үшінші қытай
деректері .Соның ішінде ең маңыздысы парсы деректері болып
табылады.Парсы саяхатшысы Гардизидің « Заин әл-ахбар» еңбегінде
қимақтардың шығу тегі жӛніндегі аңызды жазып қалдырған.Гардизи
7
келтірген аңыздан қимақтардың негізін «татарлар елінен»қоныс аударған
тайпалар құрағандығын,билеуші әулетте сол жақта билік жүргізген кӛне
әулеттің жалғасы екендігі,олар ежелгі мекенінен ішкі алауыздық пен сыртқы
жаугершіліктен қоныс аударғанын байқауға болады.Олардың Шат
деген
кӛсемінің болуы және Шаттың ағасының елді билеуі,осы ел билеушілерінің
Түрік қағандығы билік жүйесіндегі дәрежесін де кӛрсетеді.Яғни,татар
билеушілерінің атағы Шаттан жоғары болған деп жорамалдауға
болады.Сонымен қатар қимақ қағандығының құрамына
жергілікті халықтың
қосылғанын олардың Ертіс ӛзеніне және оның иесі ӛзен айдаһарына табыну
салтынан аңғаруға болады.Осы аңызды тарихи деректермен
байланыстырғанда ерекше назар аударуға
тұрарлықтай бір жайт бар,яғни
мұндағы «татарлар елі»,»жеті татар»,»татарстан» деген ұғымға баса назар
аударған жӛн.Аңызда қимақтар «татарлар» елінен келген деп
баяндалады.Мәселенің байыбы мен мәні сауал тудырады.Оған жауап ретінде
қимақтар мемлекетін құрған жеті тайпаның бірі татар тайпасы болғандығын
айтқан жӛн.Бұл татарлар тарихының ерте кезеңін тереңірек
зерттеуді қажет
ететінін аңғартып тұр.
Тарих ғылымының қимақтардың ежелгі қонысы жӛнінде түрліше пікір
бар.С.М.Ақынжанов Гардизи әңгімесін негізге ала отырып,Ертіс
территориясындағы қимақтарды сырттан келген халық деп
пайымдады.Зерттеуші Гардизи әңгімелері сол уақытта болған нақты
оқиғаларды суреттейді дей келе қимақтардың алғашқы отаны солтүстік-
шығыс Моңғолияның жері деп кӛрсетті.Ол мұндағы тоғыз татарларын
меңзесе керек.Орхон ескерткіштерінде татарлар «тоғыз татар»,»отыз татар»
деген атаулармен кездеседі.Қытай деректерінде олардың арғы тегін «Дунху»
деп атаған.IV-XI ғ.ғ олар қазіргі ҚХР Ішкі Моңғолия
автономиясы,Хулуньбэйр аймағы мен соған іргелес жерлерде ӛмір
сүрген.Алғашында олар бес
тайпа болып,кейін кӛне түрік қағанаты кезінде
олардың саны 30-дан асқан.Бұл кӛне түркі ескерткіштерінде «отыз татар» деп
аталатын ел».
Достарыңызбен бөлісу: