Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.08.2023
өлшемі0,56 Mb.
#105325
  1   2   3
Байланысты:
Қимақ мемлекеті курстық жұмыс



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
Академик Е.А.Бӛкетов атындағы Қарағанды университеті 
Археология,этнология және Отан тарихы кафедрасы 
Курстық жұмыс 
 
Тақырыбы:»Қимақ мемлекеті» 
Топ:ИО-23К
Орындаған:Молдабаева Е.О 
Тексерген:Смагулов Н.Б 
Қарағанды 2022 



Мазмұны 
Кіріспе……………………………………………………………………………..3
1 Қимақ мемлекеті………………………………………………………………..8 
1.1 Қимақ мемлекетінің шығу тарихы……………………………...………..….8 
1.2 Қимақ мемлекетінің құрылуы,саяси жағдайы мен ыдырауы…….………13 
2.Қимақтардың мәдениеті………………...…………………………………….19 
2.1 Қимақтардың мәдениеті мен шаруашылығы…… …………..……………19 
Қорытынды………………………………………………………………………24 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………….……………...…………………25 



Кіріспе 
Курстық жұмыстың өзектілігі:
IXғ.аяғы мен XI ғ.басында ӛмір сүрген 
Қимақ мемлекеті болып табылады.Мәдениеті,шаруашылығы жағынан басқа 
түркі мемлекеттеріне ұқсас болып келеді.Орта ғасырдағы қимақтар 
елін,әлеуметтік-саяси жағдайын,мәдениеті мен шаруашылығын және басқа 
елдермен 
қарым-қатынасын 
әлемдік 
ғалымдардың 
еңбектері 
мен 
мақалаларымен таныса отырып,білеміз.Сонымен қоса,орта ғасырлардағы 
қуатты дамыған мемлекеттердің арасындағы ӛзінің тарихта алатын орнын 
анықтау. 
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі:
Қазақстан Республикасы Ұлттық 
ғылым академиясының академигі,тарих ғылымдарының докторы,профессор 
Б.Кӛмековтың кеңес заманында,1970 жылы КСРО ғылым академиясының 
Ленинградтағы Шығыстану институтында тарих ғылымы бойынша қорғаған 
кандидаттық диссертация еңбегі тарихшы қауымды тақырыбының зерттелу 
деңгейімен елең еткізген болатын.Ол жұмыс 1972 жылы Алматыда Қазақ 
КСР Ғылым академиясының «Наука» баспасында орыс тілінде «Государство 
кимаков IX-XI вв. по арабским источникам» ( IX-XI ғасырлардағы қимақ 
мемлекеті араб дереккӛздерінде) деген атаумен кітап болып жарық кӛрген. 
Ғалым осы зерттеу еңбегі кейін бес томдық академиялық жинақ-1980 жылғы 
«Қазақ ССР тарихынан» бастап 2010 жылғы «Қазақстан тарихының» бірінші 
томына арнайы бӛлім болып еніп,энциклопедиялық анықтамаға айналды. 
Кезінде кітапқа жазған алғысӛзінде кӛрнекті тарихшы ғалым,Қазақ КСР 
Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Бегежан Сүлейменов еңбекке 
мынадай баға берген екен.Бұл зерттеуде қазақ халқының арғы тектерінің 
біріне жатқызуға болатын,қимақтар туралы орта ғасырлардағы араб тіліндегі 
IX-XVI 
ғасырлардағы парсы тіліндегі шығармалардағы тарихи-
географиялық мәліметтер дереккӛздері арқылы мұқият талданған.Әсіресе,әл-
Идрисидің (XII ғ.) аса маңызды мәтіндері мен картографиялық материалынан 
суыртпақтап сыр тартады.Еңбекте қимақтардың этникалық тарихына аса мән 
берілген,IX ғасырдың ортасынан XI ғасырдың ортасына дейін қимақ 
тайпалары одағының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері 
сараланған.Қимақтарда мемлекет және қала мәдениетінің болуы мәселелері 
тұңғыш рет тұжырымдалып,тиянақталған.Қимақ қоғамының әлеуметтік-
экономикалық құрылысы тың тұрғыдан пайымдады,автор кӛшпелі мал 
шаруашылығынан бастап жер игеру шаруашылығына дейін бірнеше 
шаруашылық-мәдени тұрпатты атап кӛрсеткен болатын. 



Кітаптың бірінші тарауы бірыңғай дерек кӛздерін талдауға арналған.Мұнда 
жаңаша жыл санауға дейінгі І ғасырда ӛмір сүрген қытай жылнамашысы 
Сыма Цяньның «Тарихи жазбалар» еңбегінен бастап қимақтарға қатысты IX-
XVI ғасырлардағы араб,парсы,түрік тілдеріндегі еңбектерге шолу жасалады. 
Ғалым дерек кӛздерін талдағанда онда келтірілген мәліметтердің басты 
шығармалардағы мәліметтермен сәйкестігіне,ұқсастығына,не 
айырмашылығына назар аударады.Осы жазбаларды талдаған ӛзіне дейінгі 
зерттеушілердің ой-тұжырымдарын зерделей отырып,ӛз 
пікірлерін,ұсыныстарын айтуы зерттеудің тереңдігін аңғартса керек. 
Жалпы тарихта,ғылымда қимақ-қыпшақ халықтары,олардың шыққан 
тегі,мекендеген жерлері сияқты мәліметтерге мән беру араб,парсы,еуропалық 
жылнамашыларда Мысырды қыпшақ мәмлүктер билеген кезден басталған 
екен. 
Айтып кеткеніміздей,сол заманнан жеткен жетпістен астам жазбаға шолу 
жасай отырып,ғалым солардың ішінде маңызды мәліметі мол араб географы 
Әбу Абдаллах Мұхаммад ибн-Мұхаммад әл-Идрисидің «Нусхат әл-муштак 
фи-хтирак әл-афак» (Жер-жерде шарлап шаршаған жолаушының ермегі») 
деген географиялық еңбегіне кеңірек тоқталады.Қимақтар туралы араб 
дереккӛздерінің ең негізгісі осы кітап екен.XII ғасырдың ортасында 
Сицилияда (қазіргі Италия) король II Роджердің тапсырмасымен жазылған 
бұл еңбектің артықшылығы әл-Идриси кітапты жазу кезінде ӛзіне дейінгі 
және ӛзімен замандас саяхатшының,жылнамашының он екі еңбегін 
пайдаланып,мәліметтермен байытқанын айтады.Іздену үстінде кӛмекшісі кӛп 
болған әл-Идриси кітапты он бес жыл жазып.1154 жылы аяқтаған.Оның 
алғашқы аудармасы француз тілінде XIX ғасырдың қырқыншы жылдары 
шыққан.Б.Кӛмеков ӛз зерттеуінде Ленинградтың М.Е.Салтыков-Щедрин 
атындағы мемлекеттік кітапханасында сақтаулы нұсқасын пайдаланыпты. 
Кітапты әл-Идриси XII ғасырда жазғанымен,ондағы деректері IX-X 
ғасырларды қамтиды.Сондықтан мұнда ол ӛзі сипаттап отырған елдер немесе 
тайпалар туралы бұрынғы еңбектерде кездеспеген тың мәліметтер 
берген.Мәселен,араб географтарының бәрінің жазбаларында қимақтар мен 
қыпшақтар үнемі ен далада кӛшіп-қонып жүретін,отырықшылықты білмейтін 
жұрт ретінде сипатталып келген.Ал әл-Идриси болса,қимақтар мен 
қыпшақтардың қалалары мен қоныстары туралы баяндайды және жердің 
картасын береді.Оның еңбегін саралау қимақтар қазіргі Қазақстанның 
оңтүстік-шығысын Алакӛлден Ертіс бойына дейінгі кең-байтақ аумақты 
жайлағанын кӛрсетеді және «Сурат әл-ард» («Жер келбеті») деген атаумен 
қоса ұсынылған географиялық картасы оның тұжырымдарын бекіте 
түседі.Оның картасы араб картографтарының осыған дейінгі карталарымен 
салыстырғанда біраз жетілдірілген нұсқа екен. 



Кітаптың келесі тарауы қимақтардың этникалық тарихына 
арналған.Қимақтар түркі тектес халықтарға жатқызылады.Махмұд Қашғари 
әйгілі «Диуани лұғат-ат-түрк» («Түрік сӛздерінің жинағы») еңбегінде
қимақ,қыпшақ,оғыз,башқұрт және басқа да туыс халықтардың тілдері 
ұқсастығын кӛрсетіп,мысалдар келтірген.Дегенмен тарихшы ғалымдар 
Г.Юль,В.В.Григорьев,Л.Н.Гумилев,Ю.А.Зуев қимақтар қытай жазбаларында 
аталатын Моңғолияны мекендеген ку-мо-хи халқы емес пе екен деген де 
болжам айтқан.Б.Кӛмеков Махмуд Қашғариға,басқа да кӛрнекті 
ғалымдардың талдамаларына сүйене отырып,Қимақ түрік тектес халық деп 
тұжырымдады. 
Қимақ тайпалары одағының құрамын талдағанда ғалым XI ғасырда ӛмір 
сүрген парсы тарихшысы Әбу Саид Гардизидің «Зайн әл-ахбар» 
(«Хабарлардың әрін келтіру») кітабында баяндалатын кӛне аңызды тілге тиек 
етеді,қимақ одағы әуелде ими.имақ,татар,баяндүр,қыпшақ,ланиказ және 
аджлад деген жеті тайпадан құралыпты,бұлардың кейбіреуінің атауы 
бұрмаланып жазылса керек деп пайымдайды ғалым.Олар әуелде аз кезінде 
Ертіс бойын мекендепті.Осы жерге тоқтау,аялдау,қоныстану деген мағына 
беретін «ертіс» сӛзі ӛзен атына айналған.Міне осы тайпалар кӛбейе 
келе,қолайлы тарихи жағдайлардың арқасында IX ғасырдың аяғына қарай 
Алакӛлден Ертіске дейін созылып жатқан ен даланы бауырына басқан жаңа 
түрік мемлекеті пайда болады,оның негізін қимақтардың он екі тайпасы 
құрайды.»Худуд әл-алам» (X ғ.) және әл-Идрисидің «Нузхат әл-
муштак»(XIIғ.) еңбегінде осы жайлы мәліметтер берілген. 
Б.Кӛмеков кітабының үшінші тарауы қимақтар елінің географиясын 
сипаттайды.Шығыс Еуропадан,Еділ бойынан,Оңтүстік Сібірден,Орталық 
Азиядан,Шығыс Түркістаннан ерсілі-қарсылы жол тартқан сауда керуендері 
қимақ жері арқылы ӛткен және Ертіс бойында тұрған астанаға,басқа да 
қалаларға келіп тұрған.Бұл қимақтарда,кӛшпелі тұрмыс.мал 
шаруашылығымен қатар отырықшылықты,егіншіліктің,қала мәдениетінің 
қалыптасуына да ықпал етеді. 
Б.Кӛмеков кеңес заманында жазылған еңбегін бүгінгі заман кӛзқарасы 
тұрғысынан зерделегенде ондағы ғылыми тұжырымдардың 
ӛзектілігін.бүгінгі күн әділеттілік үшін,халықтың рухани қажеті үшін қызмет 
ете алатынын байқаймыз.Қажеттілікке ӛтеуге жарау кез келген еңбектің 
мақсаты,құндылығы болса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет