«лар» деген жалғау
-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер, болып жазылады.
Ұйғыр әлiппесiнде көптiк жалғауы
«а» арқылы
-лар болып жазылған. Шағатай
тiлiнде
-лiр жазылған. Берi келе анатолы түркi мен татар тiлiнде де
-лiр жазылған.
Бiрақ онымен татарлар да, анатолы түрiктерi де тiл тарамдануынан (диалектi)
құтыла алмаған.
Сондықтан туыс жүйелi емленi алсақ та бiз я жазуды, я тiлдердi бiрiктiре
алмаймыз. Мен де бiрiккеннен қашпаймын, бiрақ өте сақтық керек.
Көптiк жалғаудың қазақша төрт түрi бар. Бiз оның бәрiн тастап жалғыз
лар- ды ұстап қала алмаймыз, мұнан оқыту жұмысы ауырлайды, сауаттану жұмысы
қиындайды. Сауаттану жұмысы тез жүру үшiн жазу сөз естiлуiне жақын болу
керек. Әйпесе «ят» кезiндегi орыстар сияқты емле ережелерiн жаттаймыз да
отырамыз.
Ж. Омарұлы айтқан сияқты, бұл күнге шейiн емле мәселесiн тiл мамандары
шешiп көрген жоқ. Емленi шешумен келе жатқан тұрмыстың өзi. Өнерлi елдiң
қайсысының болса да жазуын алып қараңдар. Iрi тiл мамандары болса да, ол
мамандар емле мәселесiне аз жәрдем берген. Өйткенi бұл күнге шейiн тiл iлiмi
өмiрмен байланыспай, таза iлiм болып келген. Мұнан былай тiл iлiмi жазудың iске
асу жағына жәрдем бермеске амалы жоқ.
Араб жазуының негiзi тарихи жазу. Ол арабтардың надандығынан емес, араб
тiлiнiң қасиеттерiнен болған. Арабта тiл iлiмi өте шарыққа шыққан. Ж.
Шонанұлының көңiлi өте құлап кеткен дыбыс жайындағы тiл iлiмiнiң тарауы әлi
арабтiкiн жөндi басып кете алған жоқ. Iрiту, елiктiру заңы арабтарға қашаннан
белгiлi болған. Бiздiң оқытушыларымыз «iдғам», «ихфа» дегендердi жақсы бiледi.
Бiрақ араб емлесiн жасаған арабтың бұл ғылымы емес, өзiнiң тiлi, араб тiлiнiң
түбiрi үш дауыссыз дыбыстан құралады да, дауысты дыбысқа өте кедей болады.
Сондықтан емлесi туыс жүйеге сүйенген.
Ендi профессор Вудцетельдiң сөзiндегi дауыссыз дыбыс қатар келмейдi
дегенге тоқталам. Бiрақ мұны сәл кейiнге қалдырайын. Бiрде А. Байтұрсынұлы
газетте туыс жүйелi емлеге жуық пiкiр айтқан сияқты. Ол кiсi