айтатын сөздері болады, әр жерде әр түрлі айтылатын сөздер де толып жатыр; бір
кісінің өзі «жұрттың бәрі де» әр жерде әр түрлі қып айтатын сөздер де аз емес; о
сықылды сөздердің емлесінде еш тұрақ жоқ, оған қарағанда қазақ тілінің мүлде
емлесі жоқ деп түсінуге болғандай. Мәселен,
«жана»
деген сөз
«және», «жәнә»
болып та жазылады,
«ішкім», «ешкім», «едәуір», «әдәуір», «недәуір», «қарағын»
–
«қарқын», «шимай» – «шымай» – «шыжбай»; «кербіш» – «керпіш» – «кірпіс»,
«бибастық» – «бейбастақ» – «би бастық» – «бей бастақ» – «бей-бастық»;
«жәнтік» – «жәндік», «шыңара» – «шінара» – «шін-ара» – «ішін ара» –
«ішінара», «саржан» – «шажын»
– дарға ұсап, әр жолы әр түрлі болып
жазылатын сөздер толып жатыр.
1929 жылғы емленің шешпей қалдырған, осы күнге шейін де шешілмей келе
жатқан бір мәселесі – түбірі басқа-басқа болғанмен, кірігіп бір мағыналы бір сөз
болып кеткен құрамды сөздердің емлесі. Мұндай сөздердің
жазуында еш тиянақ
жоқ, оны біреулер қоспай, бөлек-бөлек жазады, тағы біреулер арасына сызықша
қойып жазады, кейбіреулер қосып, бір сөзге ұсатып жазады. Мәселен,
«жарқ
қанат» – «жар қанат» – «жарғанат», «қол ғабыс» – «қол қабыс» – «қолғабыс»,
«жарым ес» – «жармес», «иін ағаш» – «иін әғаш», «аш көз» – «ашкөз» – «ашкөз»,
«жаздың күні» – «жазды күні» – «жазды күн» – «жаздыгүн», «жазғы тұр» –
«жазғы тұрым», «бара жатыр» – «баражатыр» – «баратыр» –
деп әркім өзінше
жаза береді. Бұл сықылды мысалдардың ұшы қиыры жоқ. Осы күнгі емлені мақтап,
қазақтың өз сөздеріне келгенде оның еш кемшілігі жоқ, кемеліне келіп,
әбден
жетіліп болған емле; аздаған кемшілігі болcа, тек жат сөздердің жазылуы жағынан
ғана болып отыр деп, қазақ тілінің емлесін көкке көтерушілердің мәселеге жете
түсінбей, бетінен сапырып, балалық қылық көрсетіп жүргендігі осы мысалдардың
өзінен-ақ аян болу керек. Тіл ғылымының емлеге керек бір қатар ірі мәселелерінің
1929 жылы шешілмей, шикі күйінде қалғандығы, 1929 жылғы емледен ол
мәселелердің
дұрыс шешіліп, тұрақты ереже болып орын ала алмай, елеусіз
қалғандығы да осы келтірген мысалдардың өзінен-ақ байқалу керек.
Сөйтіп, осы күнгі емленің бір көрмеге жеп-жеңіл болып отырғаны
тілдің
емлеге керек мәселелерінің түгел тексеріліп, азғана ереже болып, қорып
шыққанынан емес, сол мәселелердің
көбінің тексерусіз ұмыт қалып, емледен
белгілі ереже болып орын ала алмағандығынан.
Терминдердің емлесіне 1929 жылғы қаулы ойына келген бір аз ғана
мәселелерді ереже қылып кіргізді де, ең керек ірі мәселелерді мүлде сөз қылмай
ұмыт қалдырды.
Қазақтың өз сөздерінің жазуында да ол емленің кемшілігі аз емес екенін жаңа
көрсетіп өттік. Міне, cондықтан, осы күнгі емленің ережесінің аз болуы – тілдің
шын қалпын аз ережеге сыйғызып, түгел қорытып шығарғаннан емес, тек есіне
түскен қалыптарын ғана ереже қылып шығарып, ең керектерін ұмытып
кеткендігінен, елеусіз қалдырғанынан болған соң, емлеге
кірген ережелердің бәрі
жиылғанда да тілдің емлеге керек мәселелерінің бәрін түгелімен ішіне ала
алмайтын болған соң, қазірде емле бір көрмеге оп-оңай сияқтанғанмен, өзі шын
емле бола алмай, жазуды мүлде шатастырып, анархия шығарып отыр. Шынында,
емле жеңіл болу үшін ереженің саны да, ережеге көнбейтін одағай қалыптардың
саны да құр аз болып шығу ғана шарт емес, тілде бар емлеге керек қалыптардың
бәрінің түгел тексеріліп, ереже боп, қорып шығуы шарт. Міне, солай қорып