Советы родителям: «Принципы разумного воспитания детей»



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата22.08.2023
өлшемі408,14 Kb.
#105453
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
БАЛАЛАРДЫ ДҰРЫС ТӘРБИЕЛЕУ

 
 




Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
 
Ата-аналарға бала тәрбиесінде көмек көрсету мақсатында баланың 
психологиялық дамуы негізделетін ата-ана тәрбиесінің заманауи қағидаларын 
қарастыру ұсынылады. Бұл қағидалар бала тәрбиелеудің дұрыс, гуманистік 
талаптарына сәйкес келеді.
Сонымен, қазіргі ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуде келесі қағидаларға 
негізделеді:
1. Ата-аналық өктемшілдік қағидасы
Бұл қағиданы ұстанатын ата-аналар көбінесе бала не істеу керектігін, «ол 
ата-анасымен бірге тұрған уақытта» өмірлік жағдайларда өзін қалай ұстауы 
керектігін өздері шешеді.
Кейде мұндай бақылау баланың кіммен достасуын немесе достаспауын, 
инженерлік немесе экономикалық факультетке түсу керектігін, әкесінің 
фирмасында ма, әлде басқа жерде жұмыс істейтіндігін, тіпті таңертең тісін 
жуатынын немесе жумайтындығын ата-аналары шешетін жағдайға дейін 
жетеді.
Түптеп келгенде, кез келген бала күнделікті тұрмыстың мәелелері 
бойынша ата-аналық өктемшілдіктен қашып құтыла алмайтындығын айта кету 
керек. Тыйым салу, рұқсат ету, мадақтау мен жазалау – тәрбиелеудің 
қарапайым құралдары болып табылады. Әдетте ата-аналары балаға бір нәрсеге 
неліктен рұқсат етілетінін, ал басқа нәрсеге неліктен рұқсат етілмейтінін 
түсіндіріп жатпайды.
Ата-аналық өктемшілдікке негізделген тәрбие стилі баланың күшті тұлға 
болып дамуына жағдай тудырмайды. Мұндай балада өзіндік таңдау жасау мен 
шешім қабылдау, шығармашылық немесе кәсіби бастама, жауапкершілік пен 
тәуелсіздік үрдістері аз байқалады.
Осындай балалардың болашақ өмірінде невротикалық ауытқулар дамиды. 
Мұнан былай олар өзін өмірге бағыттап, нені қалай жасау керектігін айтып 
беретін адамдарды іздеп жүргендігін аңғармайды (яғни, іс жүзінде олардың 
өктемшіл ата-анасының орнын басатындарды іздейді). Нәтижесінде мұндай 
адам болып бастығы немесе әйелі немесе күйеуі шығады.
Өктемшілдік стильде тәрбиелеудің басқа нәтижесі – ымыраға келмейтін 
бүлікші, өз құқықтары мен еркіндігі үшін үнемі күресіп жүретін күрескер, 
көтерілісші пайда болу. Мұндай адамдар іштей өз ата-аналарын жек көреді, 
олардың бала кезінде оның бостандығын шектегендігін жаны жаратпайды.
Бірақ бұл нұсқа сенімсіз және тәуелді адамның қалыптасуы сияқты бірінші 
нұсқаға қарағанда аз таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет