Мадақтау –
бұл тәрбиеленушіні жағымды, бастамалы, шығармашылық
қызметке итермелейтін, сыртқы белсенді ынталандыру әдісі.
Педагог оқушының оқу, еңбек, ойын, қоғамдық, тұрмыстық қызметінде
мадақтау әдісін қолдана отырып, олардың еңбегінің тиімділігі мен сапасын
көтеруге, олардың өзіндік қалыптасуына жағдай жасауға қол жеткізеді.
Мақұлдау – мадақтаудың қарапайым түрі. Аса жоғары деңгейдегі
мадақтауға –
алғыс, марапаттау жатады – олар күшті және тұрақты жағымды
эмоцияларды туындатады, бұл тәрбиеленушілерге немесе ұжымға ұзақ уақыт
ынта береді, себебі олар ұзақ және табанды жұмысты ғана көрсетіп қана
қоймайды, сондай-ақ жаңа, жоғары деңгейге қол жеткізілгендігін дәлелдейді.
Мадақтау педагогикалық тұрғыдан негізделсе, яғни алдымен оқудағы шынайы
қол жеткізілген маңызды нәтиже үшін берілсе – тәрбиелейді.
Мәжбүрлеу – бұл тәрбиеленушінің өз кінәсін сезінгісі және өз мінез-
құлқын түзеткісі келмейтіндігіне қарамастан, өз міндеттерін орындауға
итермелейтін шараларды қолдану.
Мұғалім шынайы болмағандар үшін оқуын қадағалауды күшейту, нақты
тапсырмаларды орындау мерзімдерін анықтау, басқа оқушылардың алдында
әңгімелесу сияқты жеке әсер ету құралын табуы керек.
Бұл ықылассыз балаларға қатаң мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкін
болатындығының дәлелі. Мұндай жағдайда түзелу келешегін, жетістіктерін,
оқушының талпынысын, өзін сауықтыруға деген ұмтылысын уақытылы
көрсету қажет.
Жазалау балалардың саналы түрде қызмет ұжымы мен жекелеген
тұлғалардың мүддесіне қайшы келетін зиянды, көргенсіз әрекет жасауын
жанжалды түрде тоқтату тәсілін білдіреді. Жазалау мінез-құлық нормаларын
бұзушыға оған сенімсіздік, наразылық таныту, құрметтеуден бас тарту сияқты
қоғамдық пікірмен айыптау формасында қолданылады.