Сәттілік!!! 1-билет доктрина


) «Бай болғың келсе – кәсіпті үйрен. Уақыт өте келе байлық таусылады, ал білім



Pdf көрінісі
бет34/49
Дата22.08.2023
өлшемі0,74 Mb.
#105472
түріНұсқаулар
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
Байланысты:
БИЛЕТ ЖАУАПТАРЫ 11А

3) «Бай болғың келсе – кәсіпті үйрен. Уақыт өте келе байлық таусылады, ал білім 
таусылмайды». Сіз бұл тұжырыммен келісесіз бе? Өз жауабыңызға кем дегенде екі дәйек пен 
дәлел келтіріңіз. 
Иә, мен бұл тұжырыммен келісемін.
Жалпы, қазақ тарихының сахнасында Ыбырай Алтынсарин – кәсіптік білімнің негізін қалаушы ретінде 
есептеледі. Алтынсарин мектептегі кәсіптік білім беру жұмысының әдістемелік негізіне зор көңіл 
бөлді. Ол қазақ жастарына тері илеу, сабын қайнату, май шайқау және кірпіш күйдіру, көзе жасауды 
үйретуге тырысты. Сондай-ақ ағаш ұсталығы, темір жону, слесарьлық кәсіпке баулуды да армандады.
Алайда өз дәуірінің озық ойлы тұлғасы Ыбырай атамыз заман тынысын дөп басып сезіп, ілім – білімге 
туған халқын меңіреу тыныштықтан серпілтер, жарық дүниеге қол созуға бағыт сілтер шамшырақ, 
пәрменді таусылмайтын байлық ретінде қарады."Кел, балалар, оқылық", - деп, оқыған адамның 
әрқашанда тілегені алдынан іздемей-ақ табылатындығына сеніп, барша халықты білімге шақырды. 
Бүгінгі таңда да еліміз білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сапалы білімнің барлығы үшін 
қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше шараларды қолға алған болатын. Мәселен, 
елбасымыз-Н.Назарбаев 1993 жылы алғаш рет дарынды жастардың толықтай мемлекет есебінен 
шетелде сапалы білім алуына мүмкіндік беретін "Болашақ" халықаралық стипендиясын бекіткен 
болатын. Президентіміз Қ.Ж.Тоқаев та өз жолдауында еліміздің білім беру және ғылым саласының 
алдында кезек күттірмес ауқымды міндет тұрғандығын атап өткен болатын. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 
№22 Билет 
1)Халықтың сауатсыздығын жою — сауатсыз ересектерді Кеңестік Ресей мен КСРО-да оқуға және 
жазуға жаппай оқыту. 1919 жылғы 26 желтоқсандағы "РСФСР-дегі сауатсыздықты жою туралы" Халық 
Комиссарлар Кеңесінің декреті қабылданды. Оның айтуынша, 8 жастан 50 жасқа дейінгі Кеңестік 
Ресейдің барлық оқи немесе жаза алмайтын тұрғындар, ана тілінде немесе орыс тілінде сауаттылықты 
үйренуге міндетті. Сондықтан сауатсыздықты жою үшін көшпелі пунктер, қызыл отаулар, коммуна 
мектептер, рабфактар салына бастады. 1926 жылы сауаттылық деңгейі қазақтар арасынан 6,9% , 
орыстар арасынан 36% құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет