Сәттілік!!! 1-билет доктрина



Pdf көрінісі
бет35/49
Дата22.08.2023
өлшемі0,74 Mb.
#105472
түріНұсқаулар
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Байланысты:
БИЛЕТ ЖАУАПТАРЫ 11А

Қызыл отау - 1920/21 оқу жылында Қазақстанда сауатсыздықты жою бойынша 2412 пункт жұмыс 
істеді, онда 72 232 адам оқыды. Ауылға жаппай культпоход жарияланып, ликбездің жылжымалы 
пункттері құрылды, әйелдермен жұмыс істеу үшін Қызыл киіз үйлер, яғни отаулар жұмыс істеді. 
Иммиграция— қоныстанушылық, бір мемлекет азаматтарының екінші бір мемлекетке тұрақты 
немесе уақытша тұру үшін көшіп кетуі.
2)Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында нарықтық экономикаға көшудің негізгі міндеттерін 
түсіндіріңіз 
Бірінші кезеңде (1991-1994) жоспарлы социалистік экономиканың бұзылу дәуірімен және нарықтық 
экономикаға көшудің басталуымен байланысты. Бұл кезде республика экономикасы тоқырауды 
бастан өткізеді. Соған қарамастан, республикадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың барлық 
күрделілігі мен қайшылықтары кезінде 1992 жылдан бастап мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен 
алу және жекешелендіру жөніндегі реформа басталды, яғни екі секторлы экономиканы 
қалыптастырудың бастамасы қаланды. Бұған тоқсаныншы жылдардағы жекелеген жергілікті өкілді 
органдардың хат-хабарларынан алынған мұрағаттық материалдар дәлел бола алады. 
● 
Қазақстанда жекешелендірудің екінші кезеңінің (1993-1995) басталуы "Қазақстан 
Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасының" 
дқабылануы болды. Бұл жекешелендіру тарихындағы негізгі төрт бағыт бойынша жүзеге асырылған 
ең ауқымды және күрделі кезең болды 
● 
Үшінші кезеңі (1996-1998) электр энергетикасы мен мұнай - газ саласында, сондай-ақ 
әлеуметтік салада-денсаулық сақтауда, білім беруде, ғылым мен мәдениетте жекешелендіру басталған 
секторлық бағдарламаларға көшу кезеңі болды. Дәл осы кезеңде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды 
сатып алуға қабілетті отандық инвесторлар қалыптаса бастады. 


● 
Жекешелендірудің төртінші кезеңі 1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1994 жылдың аяғынан бастап экономикада бетбұрыстың 
алғашқы белгілері байқалды: мысалы инфляция деңгейі төмендеді. Бұл ретте 1993 жылы ұлттық 
валюта – теңгенің енгізілуі экономиканың жандануына көп жағдайда ықпал етті, бұл елге дербес ақша-
кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. 
3)Қазақстан Республикасы Көші-қон-құқықтық саясатының негізгі бағыттары мен принциптер: 
репатриация, Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы және ішкі көші-қон ағынын реттеу, 
көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау және қорғау, кемсітушіліктің кез келген нысандарына жол 
бермеу; көшіп-қонушылардың да, ел азаматтарының да құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз 
ету; ұлттық заңнама ережелері мен халықаралық міндеттемелерді орындау.
Осылайша, 1992 жылы маусымда көші-қон процесін заңнамалық реттеудің құқықтық негіздерін 
қамтитын "Иммиграция туралы" заң қабылданды. 
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ел аумағында заңды түрде жүрген әрбір 
адамның еркін жүріп-тұру құқығы бар. Ал 1997 жылдың желтоқсанында "Халықтың көші-қоны 
туралы" заң қабылданды. Оның пайда болуы осы уақытқа дейін Қазақстаннан орыс тілді халықтың 
кетуінің айтарлықтай артуымен байланысты болды. Оған мысал 1999 жылғы санақ(14 млн 953 мың) 
пен 1989 жылғы санақпен (16 млн 199 мың) салыстырғанда 7,7% кеміген яғни 1,246 млн адамға 
кеміген. Ал 2009 жылы 6.8% өсті. 1994 жылы елден 811,3 мың адам көшіп кетті. 1991-2008 жылдары 
республикалық жалпы 3,5 млн адам көші-қон қозғалысына түсті. 1991-93 жылы Моңғолиядан 60 
мыңға жуық қазақ көшіп келді. 
/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////// 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет